Бір өлшемді және екі өлшемді массивтерді қолданып программа құру
Мысал1. Клавиатурадан бір өлшемді 5 бүтін саннан тұратын массивті енгізетін, сонан соң нолге тең емес элементтердің санын шығаратын программа құру керек. Әр элементті енгізгенде элемент номерін көрсетіп тұру керек.
Бүтін сандар массивін енгізу
Әр санды енгізген соң <Enter> -ді бас
а[1] → 12
а[2] → 0
а[3] → 3
а[4] → -1
а[5] → 0
Массивте нолге тең емес сан 3 .
Шешуі.
// нолге тең емес элементтердің санын есептеу
// (номері бойынша элементке ену)
#include <stdio.h> #include <conio.h> #define SIZE 5 // массив өлшемі void main() { inta[SIZE]; //массив intn = 0; inti; // индекс printf("\nБүтін сандар массивін енгіз.\n"); printf("Әр санды енгізген соң"); printf("<Enter>-ді бас\n"); for (i = 0; i < SIZE; i++) { printf("a[%i] ->", i + 1); scanf("%i", & a[i]); if (a[i] != 0) n++; } printf("Массивте %i нөлге тең емес элемент.\n", n); printf("\nАяқтау үшін <Enter>-ді бас"); getch(); }
Тапсырмалар
1. Клавиатурадан енгізілген бүтін элементтерден тұратын массивтің ең кіші элементін табатын программа жазу керек. Массив элементтеріне қол жеткізу үшін сілтемені қолданыңыз.
2. Клавиатурадан енгізілген бүтін элементтерден тұратын массивтің нолге тең емес элементтерінің арифметикалық ортасын есептейтін программа жазу керек.
3. Массив элементтерінің ең кіші және ең үлкен элементтерін есепке алмай арифметикалық ортасын табатын программа жазу керек.
4. Ауаның ( бір аптаға) орташа температурасын есептейтін программа жазу керек. Бастапқы мәліметтер программа жұмыс істеген кезде енгізілуі керек.
5. Клавиатурадан енгізілген сан массивте бар екендігін тексеретін программа жазу керек. Массив программаның жұмыс істеу кезінде енгізілуі керек.Клавиатурадан енгізілген массив элементтерінің өспелі түрде орналасқандығын тексеретіндігін программа жазу керек.
6. Клавиатурадан енгізілген сан массив элементінде қанша рет кездесетіндігін есептейтін программа жазу керек.
7. Екі реттелген массивті өспелі түрде бір массивке біріктіру программасын жазу керек.
8. Кез келген сандардың бiрөлшемдi А(10) жиымындағы оң элементтердi екi есе кемiтiңдер, ал терiс элементтерi болса, онда оларды индекстерiнiң мәнiмен ауыстырыңдар.
9. Бiрөлшемдi А(10) жиымындағы терiс элементтердiң ең үлкенiн табыңдар.
10. Бiрөлшемдi А(20) жиымындағы –5-тен кiшi элементтердiң қосындысын және олардың жалпы санын, сонымен бiрге 5 санына еселiк болатын элементтердiң нөмiрлерiн анықтаңдар.