Меншіктеу инструкциясы
Мысал: n айнымалысын 1-ге арттыру инструкциясын жазыңыз.
Шешуі: n++;
Тапсырмалар
1. х- айнымалыларға -1,5 мәнін меншіктейтін инструкцияны жаз.
2. somma айнымалысына нөлдік мән меншіктелетін инструкциясын жаз.
3. n – айнымалысының мәнін бірлікке артыраттын инструкцияны жаз.
4. х1, х2- айнымалысының арифметикалық ортасын есептейтін инструкциясын жаз.
5. х айнымалысын dx- айнымалысындағы мәнге арттыратын инструкцияны жаз.
6. Салмақты фунттан килограмға қайта есептеу формуласын меншіктеу инструкциясы түрінде жаз.
7. Ара-қашықтықты қайта есептеу формуласын меншіктеу инструкциясын жаз.Километрден верстқа айналдыру.
8. Тіктөртбұрыштың ауданын есептеу формуласын меншіктеу инструкциясы түрінде жаз.
9. Үшбұрыштың ауданын есептеу формуласын меншіктеу инструкциясы түрінде жаз: S=1:2*a*h, мұндағы а-табанының ұзындығы; һ-үшбұрыштың биіктігі.
10. Трапецияның ауданын есептеу формуласын меншіктеу инструкциясын түрінде жаз: S=a+b/2*h ,мұндағы a және b – табанының ұзынжығы; h-трапеция биіктігі.