Шығару инструкциясы
Мысал. Сіздің есіміңіз бен тегіңізді экранға шығаратын программа құру
Шешуі.
#include <stdio.h> #include <conio.h> void main() { printf(“Нурлан\ nАсанович\ nАхметов\ n”); printf(“ < Enter > ”); getch(); // }
1. stdio.h файлына баратын жолды экранға шығаратын программа құру.
2. Экранға бір шумақ өлең шығаратын программа құру.
3. Бүтін бөлігі бес цифр және бөлшек үш цифр болатын,( түрі ) а,в және с айнымалыларының мәнін экранға шығару инструкциясын мына түрде жазыңыз.
а=мән в=мән c=мән.
4.Тік төрт бұрышты үшбұрыштың биіктігі мен ұзындығын белгілі болғандағы ( түрі float) һ және l айнымалыларының мәндерін шығару инструкциясын жазу керек . Айнымалы мәндерінің алдында түсініктеме мәтін болу керек. (биіктігі =, ені =), сонан соң –бірлік өлшем (cм).
5. Бүтін типті (INT) а ,в және с айнымалыларының мәнін бір қатарға шығару инструкциясын жазу керек.
6. а, в және с бүтін айнымалыларының мәнін шығару инструкциясын жазу қажет.
7. х1 , х2 нақты айнымалының мәндерін шығару инструкциясын жазу. Экранда айнымалы мәндерінің алдында түсініктеме мәтін шығу керек , яғни айнымалы атынан соң “=”тұру қажет .
8. Түрі float болатын radius айнымалысының мәнін клавиатурадан енгізуді қамтамасыз ететін инструкция жазу қажет .
9.( Түрі float), u және r нақты айнымалының мәнін енгізуді қамтамасыз ететін инструкция жазу керек . Пайдаланушы әрбір санды тергенде “ Enter “ пернесін басады деп алынсын .
10. u және r айнымалының мәндерін енгізуді қамтамасыз ететін инструкция жазу керек Пайдаланушы сандарды бір қатарда тереді деп алынсын .