12. Бинарлы ағаштар
fputs
char * fputs (char * Қатар, FILE * Ағын)
Көрсетілген ағынға символдар қатарын жазады. Қатар соңының символы, ноль-символ, ағынға жазылмайды.
Тақырып файлы: <stdio.h>
ferror
int ferror (FILE *Ағын)
Нөлдік емес мәнді қайтарады, егер соңғы операция көрсетілген ағынмен қатемен аяқталса.
Тақырып файлы: <stdio.h>
feof
int feof (FILE* Ағын)
нолдік емес мән қайтарады, егер оқудың соңғы операциясының орындалу нәтижесінде ағыннан файлдың соңына жетсе. Тақырып файлы: <stdio.h>
fclose
int fclose (FILE* Ағын)
көрсетілген ағынды жабады. Тақырып файлы: <stdio.h>
Мысал 1. Компьютердің дискісінде (диск А:) numbers.txt файлын құратын және оған пайдаланушы енгізген 5 бүтін санды жазатын программа жазыңыз. Текст редакторы көмегімен құрылған файлды көріп шығыңыз. Әр сан бөлек қатарда орналасқанына көз жеткізіңіз.
Мысалы:
#include "stdio.h"
#include "conio.h"
#define FNAME "numbers.txt\0" // файл аты
#define N 5
void main()
{
char fname[20] = FNAME;
FILE *f; // сандар файлы
int n; // сан
puts("\nФайл құру");
printf("Енгізілген сандар
файлға жазылады %s\n",fname);
puts("Әр санды енгізген сайын
<Enter>-ді басыңыз\n");
if ((f = fopen(fname, "wt")) == NULL)
{
printf("жазу үшін файлды ашу қатесі ");
getch();
return;
}
for (int i = 0; i < N; i++)
{
printf("->");
scanf("%i", &n);
fprintf(f,"%i",n);
}
fclose(f); // файлды жабу
printf("Енгізілген сандар файлға
жазылды %s\n", fname);
puts("\nАяқтау үшін<Enter-ді басыңыз>");
getch();
}Тапсырмалар
1. Компонентері бүтін сандар болатын F файлы берілген. G файлына F файлының барлық жұп сандарын, ал Н файлына барлық тақ сандарды жазыңдар. Сандар орналасуы сақталады.
2. F символдық файлы берілген. G файлына F файлының компонентерінің кері орналасу реті бойынша жазыңдар.
3. F және G символдық файлдары берілген. Реттерін сақтай отырып Н файлына бірінші F файлының, ал содан соң G файлының компонентерін жазыңдар. 0
4. Компонентерінің ешқайсысы нөлге тең емес бүтін сандар болған F файлы берілген. Файылдағы сандар былай орналасқан: он оң сан, он теріс сан, он оң сан, он теріс сан т.с.с. G файлына F файлының компоненттерін келесідей тәртіппен жаз:
а) бес оң сан, бес теріс сан, бес он сан, бес теріс сан т.с.с. (Ғ файлының компонентерінің саны 20-ға бөлінетіндей етіп алынсын).
5. Компонентерінің ешқайсысы нөлге тең емес бүтін сандар болған F файлы берілген. Файылдағы сандар былай орналасқан: он оң сан, он теріс сан, он оң сан, он теріс сан т.с.с. G файлына F файлының компоненттерін келесідей тәртіппен жаз:
а) жиырма оң сан, жиырма теріс сан, жиырма оң сан, жиырма теріс сан т.с.с. (F файлының компонентерінің саны қырыққа бөлінетіндей етіп алынсын).
6. F және G символдық файлдары берілген. F файлының компонентері G файлының компоненттерімен сәйкес келе ме соны анықтау керек. Егер олай болмаса, онда F және G файлдарының сәйкес келмейтін компонентерінің біріншісінің номерін алу керек. Егер файлының біреуінде n (n≥0) компонент болып және екіншісінің (ұзынырақ) басы болып келсе, онда жауап n+1 саны болу керек.
7. F символдық файл берілген. Келесілерді ауыстыра отырып F файлының компоненттерін G файлына жаз:
а) Әрбір леп белгісін нүктеге ауыстырыңдар.
8. F символдық файл берілген. Келесілерді ауыстыра отырып F файлының компоненттерін G файлына жаз:
а) Әрбір нүктені көп нүктемен (3 нүкте) ауыстырыңдар.
9. F файлының компонентері нақты сандар. Компоненттер қосындысын табыңдар.
10. F файлының компонентері нақты сандар. Компоненттер көбейтіндісін табыңдар.