May 3, 2020

Функциялар, әдістер мен ішкі бағдарламалар

Бес бүтін санды n=5 бұрыннан бар file1.txt файлына жазу керек, сол файлды мәлімет қосу үшін ашып, оған 5 сан жазып, сонан соң ондағы мәліметті оқып тексеру керек.

/* файлға мәліметтер қосу */

#include <math.h>
#include <stdio.h>
#include <conio.h>
main()
{ int i, k=0, s=0, n=5, y, x;
char fname[]="file1.txt";
clrscr();
FILE *fp;
fp=fopen("file1.txt", "at");
if ((fp=fopen(fname,"at")) == NULL)
{ printf("\nФайлды ашуда қате болды");
getch(); 
return(0);
}
puts("Enter арқылы бөліп, 5 сан енгізіңіз:");
for(i=1; i<=n;i++)
{scanf("%i", &x);
fprintf(fp,"%d ", x);}
fclose(fp);
getch();
}

ТАПСЫРМАЛАР

1. Файлдан сандар оқып, солардың ішіндегі теріс сандар қанша екенін анықтайтын

программа құру керек.

2. Файлдан сөз тіркесін оқып, солардың ішіндегі 6 символдан артық сөздерді экранға шығарып, басқа файлға жазып шығыңдар.

3. Файлдан сандар оқып, солардың арифметикалық ортасын файл соңына қосып жазукерек.

4. Файлдан сөз тіркесін оқып, солардың керісінше жазылған нұсқасын басқа бір файлға жазып шығыңдар.

5. Файлдан сандар оқып, солардың максимумын анықтайтын программа құру керек.

6. Файлдан сөз тіркесін оқып, солардың ішіндегі бос орын орнына сызықша жазып оны басқа бір файлға жазып шығу керек.

7. Файлдан сандар оқып, солардың минимумын анықтайтын программа құру керек.

8. Бір файлда екі сөйлем жазылған, соның екінші сөйлемін басқа файлға жазып шығу керек.

9. Файлдан сандар оқып, солардың көбейтіндісін анықтайтын программа құру керек.

10. Сөз тіркесінен тұратын файлдағы бас әріптерді кіші әріптерге айналдырып, басқа файлға жазып шығу керек.