May 2, 2020

Си тілінде есептерді шығару үшін цикл операторын пайдалану

Мысал 1. For циклiн пайдаланып, y=x5 функциясының мәнін есептеу керек.  

#include <stdio.h>
#include <conio.h>
const a = 5;
main() {
  float x, y;
  int k;
  clrscr();
  scanf(“ % f”, & x);
  y = 1;
  for (k = 1; k <= a; k++)
    y = x * y;
  printf(“дәреже = % f\ n”, y);
  getch();
  return 0;
}

Шексіз не жай циклден break операторын пайдаланып шығуға болады.  

Мысал 2. Алғашқы n бүтін оң сандарының қосындысын табатын бағдарлама құру.

Шешуі.

// Алғашқы n бүтін оң сандарының қосындысы

#include <stdio.h>
#include <conio.h>
void main() {
  int n; // саны
  int summ; // қосындысы
  int i; //  цикл счетчигі
  printf("бүтін оң 
  сандарының қосындысын есептеу\n");
  printf("Сандарды енгізу -> ");
  scanf("%i", & n);
  summ = 0;
  for (i = 1; i <= n; i++)
    summ = summ + i;
  printf("Алғашқы%i 
  бүтін сандардың қосындысы", n);
  printf("тең %i", summ);
  printf("\n\n Аяқтау 
  үшін <Enter>-ді бас ");
  getch();
}

Тапсырмалар 

1. Алғашқы n қатар мүшелерінің: 1,3,5,7,... қосындысын есептейтін программажазу керек.

2. Берілген 1+1/2+1/3+1/4+....+1/n қатардың қосындысын есептеу бағдарламасын жазу.

3. Екі санын нөлден онға дейінгі дәрежелеу таблицасын шығаратын программа жазыңыз.

4. 2 ден 2-ге дейінгі аралықта, 0,5 қадаммен y=-2.4*pow(x,2)+5*x-3 функциясының мәндерінің таблицасын шығаратын программа жазу керек.

5. Трапеция әдісімен интегралды жуықтап шешудің программасын жазыңыз.

6.   Тік төртбұрыш әдісімен f(x)=5*pow(x,2)-x+2 функциясының интегралын жуықтап есептеу программасын жазыңыз.

7.   Бес нақты саннан тұратын тізбекті клавиатурадан енгізетін және әр санды енгізгенде енгізілген тізбек бөлігінің арифметикалық ортасын шығаратын программаны жазу керек.

8. Клавиатурадан енгізілген нақты сандар тізбегінің арифметикалық ортасын есептейтін программа жазу керек. Соңғы санды енгізген соң программа тізбектің ең үлкен және ең кіші санын баспаға шығару керек.

9. 1-ден 10-ға дейінгі аралықта кездейсоқ он саннан үш тізбекті алатын, әр тізбекті экранға шығарып және әр тізбектің арифметикалық ортасын есептейтін программаны жазу керек.

10.Экранға көбейту кестесін шығаратын программа жазу керек, мысалы, 7-ге.

 

While, do-while циклдері

 

Циклдердің жазылу үлгісі (while – әзірше, do - орындау):

1) while (шарт) {операторлар}

2) do

{операторлар}

while (шарт)

 

while циклінің денесінде бір ғана оператор бар болса, оны фигуралық жақшаларға алмай жазуға да болады.

 

Типтік есептерді шешу

 

Мысал. -4 пен4-кедейінгіаралықта, 0,5 қадаммен y=2*x*x-5*x-8 функциясының

мәндерінің таблицасын шығаратын программа жазу керек.

Шешуі.

// Функция кестесін шығару

#include <stdio.h>
#include <conio.h>
void main() {
  float x, dx; 
  float x1, x2; 
  float y;
  x1 = -4;
  x2 = 4;
  dx = 0.5;
  x = x1;
  printf("--------------\n");
  printf("   x  |   y\n");
  printf("--------------\n");
  while (x < x2) {
    y = 2 * x * x - 5 * x - 8;
    printf("%3.2f  | %3.2f\n", x, y);
    x += dx;
  }
  printf("--------------\n");
  printf("\n Аяқтау үшін 
  <Enter>-ді бас ");
  getch();
}

Тапсырмалар

1. y=fabs(x) функция мәндерінің таблицасын шығаратын программа жазу керек.

Аргументтің өзгеру аралығы -4 –тен 4 –ке дейін, аргументтің өсу қадамы 0,5.

2. y=fabs(x-1)+fabs(x+1) функция мәндерінің таблицасын шығаратын программа жазу керек.

Аргументтің өзгеру аралығы -4 –тен 4 –ке дейін, аргументтің өсу қадамы 0,5.

3. Пайдаланушы енгізген дәлдікпен Пи-ң мәнін есептейтін программаны жазыңыз.Пи-ң мәнін есептеуде 1-1/3+1/5-1/7+1/9- қосындысын есептегенде П/4-ң мәніне жуықтауын пайдаланыңыз.

4. Екі бүтін санның Ең Үлкен Ортақ бөлгішін табу программасын жазыңыз