April 5, 2023

Че Гевара - Революция символы

1967 қазанның 8 күні Боливияда Че Гевара тұтқындалды. Аты аңызға айналған 20 ғасырдың ең көрнекті романтикалық тұлға. Коммунизмді жоққа шығаратын елдердің өзінде Че Гевараға сүйсінетін адамдар көп болды, себебі Че Гевара былғанған жоқ деп есептеді, яғни Фидель революциядан кейін диктатор болды, ел биледі, ал Че Гевара сарбаз болып, коммунисттік теорияны әрі қарай қуып кетті. Ол диктатор болмады, күрескер қалыпанда өмірден өтті, романтикалық орёлы өшкен жоқ. Бүгін біз "Че Гевара кім" деген сұраққа жауап береміз.


Эрнесто Че Гевара - Латынамерикалық революционер, кубаның мемлекеттік қайраткері. Оның берет киіп тұрған әйгілі суреті тек тарихи және саяси басылымда ғана емес, поп мәдениетінде де танымал. Есім соңындағы "Че" деген сөз түбі аргентинец екенін білдіреді. Иә, ол 1928 жылы 14 маусымда Аргентинада дүниеге келді. Оның атанасы бес баласына жоғары білім алуына мүмкіндік берді. Ол медициналық диплом алып, өмірін "алопец" ауруын емдеуді армандады. Гевараның саяси ой-пікірі бала кезінен бастап қалыптасты. Оның әкесі кезінді солшыл болған, ал екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ол Аргентинаның диктаторы Хуан Перонға қарсы шықты. Че Гевара жас тайынан оқуды және шахматты жақсы көрді. Шахматқа деген сүйіспеншілігі Кубаны жақсы көруіне көп ықпал етті. Кейін Гевара көп саяхаттап, Латын Американың ауыр хәлін көрді. Саяхат кезінде Гевара Мексикада 2 жыл болды, онда ол кордеология институтында дәрігер болып жұмыс істеді және Кубада революция жасап жатырған Кастромен кездесті. Содан кейін Че Гевара дәрігерлік жолын тастап, революцияға бет бұрды. Фиделдің қарындасы Хуанито Кастро:

"Гевараға соттың да, тергеудің де қажеті жоқ еді, адамдарды бірден атып тастайтын, себебі ол жүрексіз болатын"

- дейді. Ол Сталинді кумир тұтты. Өзінің кейбір хаттарына "Сталин номері екінші" деп қол қоятын болған.

Кейбір саясаткерлер Че Гевараны адасқан адам деп есептейді, себебі тағдар, құдай деймізбе, оған бар жағдайды берді, мүмкіндіктерді алдына төкті. 30 жылдары бәрі аштықтан қырылып жатқанда, 40 жылдары соғыс болғанда оның медицина саласында оқу мүмкідігі болды. Гевараның күтушісі болды, сондай өмірді тастап, адамдардың жағдайын жақсартамын деді. Бұл дұрыс әрине, алайда оның нәтижесінде талай мыңдаған адамдар құрбан болды.

Әрине "жегенің алдыңда, жемегенің артыңда, барлық мүмкіндігің бар, денің сау одан басқа не керек"- деген оң. Бұл билік басындағылардың аргументі, диктаторлардың сүйікті сөзі. Бірақ адамның бойында әділетсіздікке төзбеушілік деген нәрсе бар. 20 ғысыр ол революциялардың кезеңі. Кубадағы революцияның да басты себебі - оның бұдан бұрынғы басшысының диктаты, оның озбырлығы, жемқорлығы, әділетсіздігі. Ресейдегі болған революцияның басты кінәгері бұл революционерлер емес, Николайдың өзі. Халықты сондай деңгейге жеткізген, елді жемқор елге айналдырып, беделін түсірген Николай екінші емеспе?! Адамның бойында әділеттікке ұмтылу идеясы барғой бойында.

Фидель Кастро және Че Гевара (Куба)

Че Гевараның тұлғасына келетін болсақ екі түрлі ой қалыптасады, тіпті оны қазір де зерттеп келетіндер осындай пікір айтады. Жалпы бірінші айтылатын көптеген пікірлерде тарихшылар, саясаттанушылар оны ұлы революционер, поп идол ретінде көреді (әрине Гевараның өлімінен кейінгі қалыптасқан пікірлер). Екінші жағынан Че Гевараның жазған еңбектері бар, олардың кей жерін оқитын болсақ, ол марксизмнің, коммунизмнің қанды жолын таңдаған. Жалпы марксизмде билікке келудің екі жолы бар: қанды көтеріліс арқылы және бейбіт жолмен. Негізі Че Гевара былай жазады:

"Кез келген революцияның қозғаушы күші - пролетарлар, алайда олардың арасында марксисттік идеяны түсінетін, насихаттайтын ешкім жоқ, себебі шаруалар білімсіз , сондықтан үгіттерді жүргізетін, марксисттік түсінік қалыптастыратын және соған басқаларды еліктіретін - интеллигенция".

Революция болмаса қазіргі заманның басшылары бұрынғыдай патша-диктаттар болушы еді, президенттік институт, парламент, азаматтық құндылықтар болмас еді. Патшалар, Ақсүйектер өздерін аспаннан түстік деп есептеп, әділетсіздік пен жемқорлық күшие беруші еді.


Че Гевара өзінің қысқа өмірінде Оңтүстік Американы өзінің мотоциклімен аралаған. Оңтүстік Америка сол кездегі диктаторлардың отаны болған. Әр елде бір-бір диктатор болған, бір-бір генерал болған, жемқорлық өрбіген, оппозициялардың бәрін жойып тастаған, халықты қанап жатырған елдермен қалай күресуге болады? Сол кезде әділеттілік идеясы деген коммунизм идеясына жақын келді. Че Гевараның өскен ортасы таптыққа бөлінетін қоғам болды. Сол замандағы адамдар "неге ода бар, ал ода жоқ, неге ол бай, ал анау кедей"- деп ойлайтын болды.Міне, осы екі таразы басындағы теңсіздікті теңестіруді Че Гевара мақсат етті. Че Гевараның табиғатына сәйкес келетін, өскен ортасына сәйкес келетін идея осы коммунизм болды. Кубада революция болғанда Че Гевара Кубаға барады, онда Фидель оған "осы жақта қал, енді баяғы таптық күрес болмайды, себебі коммунизм орнатамыз" деді, алайда Че Гевара "жоқ" деді, себебі оның идеялық өрісі жоғары болды. Ол әлемдегі барлық пролетарлардың жиналғанын қалады және коммунизмді бүкіл әлемге таратқысы келді, сол күрес жолында да қаза тапты. Гевара Кубада жоғары министр болуына мүмкіндік болды, бас дәрігер болуына мүмкіндік болды, тіпті Фиделден кейін бірінші хатшы болуына болар еді, алайда ол басқа жолды таңдады. Ол былай айтқанда шынайы әділдік үшін күресті.

Куба революцияся кезінде Гевара өзін батыл сарбаз, талантты көтерілісшіл ретінде көрсетті. Науқастығына қарамастан ол жауларына жойқын соққы жасап, жарақат алғандарды өз қолымен емдеп отырды. Қатал болса да,сарбаздарына ешқашан қорлық көрсетпеді. Революция жеңісінен кейін комендант Гевара бір орында отыра алмады. Фидель мен оның көмекшілері Кубаның болашақ жоспарын құрса, Че Гевара әлемнің өзге елдерінде де коммунисттік революцияны жалғастыру керек деп есептеді. Әлемге әйгілі революционер 1965 жылы бір жылдан кейін Боливияға сапармен барды. Осы уақытта Гевараның артынан нағыз аңду басталды. АҚШ- тың орталық барлау басқармасы іздеуді белсене жүргізді. Сүйтіп 1967 жылы комендант тұтқынға түсті. Оны ату туралы бұйрықты кім бергені әлі күнге дейін белгісіз. Бірақ 9 тамызға қараған түні үкім орындалды. Соғыста жеңілген Гевара революцияның мәңгілік символына айналды.


20 ғысыр коммунисттік идеяның фиаскосының кезі. Коммунисттік жүйе қалыптасқан елдердің бәрінің экономикасы құлдырады. Коммунизм орнату үшін революция жасаған революционерлердің бәрі диктаторға айналды. Социализм дискредитациясының фиаско болуының себебі неде?

КСРО-ның ыдырауының себебі экономиканың базисінің құлдырауы. Жоспарлы экономика бес жыл сайын өзгеріп отырады және қойылған дүк мақсаттың орындалып жатырғанына еш дәлел болмады. Мысалы егер ел 1 жылда 50 тонна кукуруз игеру керек болып, алайда 1 жылда 20 тонна кукуруз игерілсе, онда басында қойылған мақсат өзгертіліп кетеді, яғни басында 50 тонна мақсат болса, кейін мақсат 20 тоннаға өзгеріп кетеді, себебі ел 50 тонна астық игере алмай қалды.


Сальвадор Дали : коммунизм деградацияға ұшырап, азып барады. Карл Маркс өте жүндес болды, Ленин шоқша сақал мен мұрт қойды, Сталинде мұрт қана қалды, ал Хрущёвта түк те жоқ.