March 31, 2023

"Батыс" операциясы

Тарихтағы қазіргі Украина үшін ең ықпалды кезең КСРО да одақ ел болуы. Кеңес үкіметі құрылғалы украин халқы талай қиыншылықты бастан кешті. Солардың бірі, ең ауқымды оқиға - 1947жылғы Украиндық депортация. Бүгінгі тілге тиек етер тақырыбымызда осы оқиғаға арналады.


Батыс Украиндық ұлтшылдарды депортациялаудың ең үлкен оқиғаларының бірі 1947ж. қазан айындағы депортация болды. Бұл тарихқа "Батыс операциясы " атауымен кірді. Украин халқын күштеп, КСРО аймағына, нақтырақ айтқанда Қазақстан(КазКСР) мен РКФСР-дің Батыс Сібіріне көшірді. Негізгі мақсат: Украин Ұлтшыл қозғалысын әлсірету.(УПА және т.б) Бұл операция қатаң-құпиялық режимде жүрді. Аумақтың басшыларына, облыс басшыларына депортация 2-3 күн бұрын жетсе, операцияны орындаушыларға дәл сол операция болатын күні жеткізілді. Бұл операцияның нәтижесі бойынша Украинадан 76мыңға жуық адам жер аударған (көшірілген). 100 мыңға жуық Украиндықтар зардап шеккен.

Коммунисттік режимнің өз одақтастарына жасаған опасыздық әлі күнге дейін кешірілмегенін қазіргі ахуалдан да байқай аламыз. Бұл асимиляциялардың бәрі патша үкіметі кезіндегі колониялық саясаттың жалғасы. Ол кезде де (Кеңес үкіметі кезінде) КСРО басшылары (коммунистер, социалистер тіпті орыс ұлтшылдары) украиндықтарды ұлт ретінде мойындамады. Бұл қазіргі кезбен толықтай байланысты, яғни қазіргі Ресейдің Украинаға соғыс ашудың бірден-бір себебі Украинаны ұлт ретінде де, мемлекет ретінде де мойындамау. Мүмкін олар шыныменде Украинаға жандары ашитын шығар, алайда украиндықтардың бөлек тұрғысы келетінін, өз алдына дербес мемлекет болғысы келетінін түсінбейді. Олар "біз келсек Украинаның жағдайын жақсартамыз",- деп ойлайды.

Степан Бандера секілді Украиндық ұлтжандылар 1947 жылға дейін өздерінің тәуелсіздік жолындағы күресін, яғни астыртын-колониялық саясатпен күресін жалғастырып келді. Тіпті олар 1945 жылғы КСРО-ның жеңісін мойындамады.


Негізі бір 2 жүз жылдық бағдарлама, идея болуы мүмкін емес, яғни "Меннен кейін билікке мынау біреуі келу керек, содан ол менің жүргізген колониялық саясатымды жалғастыру керек, ол адамнан кейін таққа мына бір адам келіп, ол да менің жүргізген колониялық саясатты жалғыстырып, өрбіту керек. Одақ ыдыраған соң, Ресейдің президенті мына бір адам болып, ол Украинаға шабуыл жасауы керек, себебі ол менің саясатымды жалғыстыруы тиіс" - деген сияқты. Менің ойымша сіздер менің ойымды түсіндіңіздер. Алайда бұндай жоспар болмаса да, ол орындалып келе жатыр. Басшылардың бәрі бірдей саясат жүргізулері мүмкін емес қой, сонда бұл колониялды саясаттың ары қарай жүре беруінің себебі неде?

Бұған постколониялды теориялардың қатысы бар. Ол мынандай принципті алға тартады : "сенің кім екеніңді, кім болатыныңды анықтайтын - мен",- деген. Патша үкіметі болсын, кеңес одағы болсын бәріне осы принцип сіңіп кеткен. Айтылмыш теория тек билік басына ғана сіңбейді, халыққа да сіңеді. Мысалы қазір "Орыстың ұлы шовенизмі" деген сөз кеңінен етек жайып жүр. Барлық орыстардың қанында "ұлтшылдық" бар. Сондықтан қандай басшы келседе постколониялды принципке сүйеніп, ел басқарады. Нәтижесінде ұлтаралық қақтығыстар пайда болады.

(постколониялизм)

Бір түннің ішінде 21мың отбасы жер аударылып, 1-2 жылда 150-200 ден аса отбасы жер аударғаны көп айтыла бермейді. Біз Борис Немцовтарды, Андрей Илларионовтарды,  алғашқы демократ-либералдарды айта алмай тұра алмаймыз. Үлкен либералды идеяларды қалыптастырған осы кісілер. Алайда бұл кісілердің бойынанда ұлтшылдықтың бейнесін байқауға болады. Анатолий Чубайс - алғашқы либералдардың бірінің сөздері бізді қызықтырмай қоймайды. Ол өзінің сұқбаттарының бірінде, оған "болашақта Ресей қандай ел болуы керек" дегенде ол "Ресей болашақта либералды империя болуы керек ",-деп жауап қатады. Олар "империя" деген сөзден айырылғысы келмейді. Барлық орыс халқының ойында түбінде-санасында "шовинисттік идея" қалыптасқан. Мейлі ол либерал болсын, мейлі мықты демократ болсын олардың қанында бәрібір де ұлтшылдық бар. Империя дейтін бір елде ықпалын тигізетін, аймақтарды өзіне қосып алатын ықпалды ұлы мемлекет, ал осындай мемлекеттің либералды болуы мүмкін бе?

(Чубайс)

Негізі украин халқы өте мықты халық, біз олардан үлгі алуымыз қажет. Олар өз тәуелсіздігін алған соң, 2013 жылы бұрын кеңес одағы тарапынан көрген "геноцид" туралы 5 томдық кітап шығарды. Содан кейін 2014 жылы Ресей Украинаға қысым көрсете бастады. Міне колониялдық саясаттың жалғасы. Біздің тарихшылар да осы себебтен ашаршылық туралы көп сөз қозғамайды, себебі Украинаның көрген зәбірін көргісі келмейді және халықты аяйды. Олар геноцидты жәй ғана ашаршылық деп артын жылы жаба қояды. Негізі Сара Кемэрон атты АҚШ тарихшысы қазақ жерінде Кеңес одағы жасаған геноцидтің болғанын өз еңбектерінде ("аштық жайлаған дала" кітабында) дәлелдеп жазған, алайда Ресей оларды Ресей геноцидты әлі мойындамайды.


„Россия есть только одна - империалистическая, и так будет до тех пор, пока российский империализм не будет вдребезги разбит, а русский народ не вылечится от него через познание, что больше всего бедствий его империализм приносит ему самому - жертв, страданий и падений.“ (с) Степан Бандера