March 9, 2023

"Динамо" операциясы

Екінші дүниежүзілік соғыс тек сол кезге қасірет әкеле қойған жоқ, оның зардабымен заласын қазір де көріп келе жатырмыз. Бұл соғыс барша тарихтағы ең алапат соғыс болып табылады. Қаншама шейіттер, ластанған табиғат, конкуренцияның басты себебі болған бұл соғыста 2 жүзден аса операциялар орын алған еді. Солардың бірі Францияның Дюнкерк эвакуациясы "динамо" операциясы еді. Бүгінгі тілге тиек ететін тақырыбымыз - Дюнкерк операциясы болмақ.


1940 жылдың 4 маусым күні Францияның Солтүстігінде орналасқан Дюнкерк деген қалада "Динамо яки Дайдема" деген операция аяқталған болатын. Бұл екінші дүниежүзілік соғыстың басы болатын. Операция барысында Дюнкеркте Ла-манш бұғасына қамалған Гитлерге қарсы коалицияның әскерлері Франция, Бельгия, Бртиан әскерлері қамауда қалып, соларды құтқару операциясы басталған болатын. Мамырдың жиырмасы күні басталып, 4 маусымда аяқталды, соның өзінде 330мыңға жуық адам құтқарылды.Көптеген тарихшылардың айтуынша бұл оқиға Екінші Дүниежүзілік Соғыс нәтижесіне ықпал етті, себебі Гитлерге қарсы күресетін жасақ сақталып қалды. Дюнкерк жағалауында қарусыз, тамақсыз қалған 500мың әскер өз адамдарын күтіп отырды. Британ үкіметі сол кезде тек 45мың адамды құтқара адамыз деп айтқан болатын, бірақ бұл жауынгерлердің сағын сындырған жоқ.

Бірінші апта

Немістер қалжыраған әскерге жиі шабуыл жасайды. Британдықтар қолындағы бар әскерін жинап, қамаудағы адамдарды құтқаруға бел буды.(бардық қайық, кеме, флоттарды жинап) Британ үкіметі қайықтар Дюнкеркке жеткенге дейін әскерлердің бәрі қырылып қалады деп ойлайды, алайда Гитлер кенеттен шабуылды тоқтатты(мүмкін ол Братандықтардың қарғысын қаламаған болар).

Британдық теңізшілер Франция жағалауындағы өрттерді бақылап отыр

Бастапқыда немістердің шабуылдамауы қырық сегіз сағаттан аспайды деп болжанған. Осы уақыт ішінде 45 мың адамды құтқару жоспарланған болатын. Шынында да, жоспар бұзылды (бірінші күні жеті жарым мыңнан сәл астам, екінші күні он сегіз мыңнан сәл аз, яғни жоспардағы қырық мыңның орнына барлығы 25 мыңдай адам құтқарылды), немістер тұтқындарға тек әуеден шабуыл жасап, тоқтап қалды және эвакуация бірте-бірте қарқын алды. 29 мамырда бір күнде 47 мыңнан астам адам эвакуацияланса, келесі екі күнде 120 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Әскери кемелердің ішінде жалпы саны 3000-ға жуық адамды тасымалдаған Энтони эсминецін атап өткен жөн.Азаматтық кемелердің ішінде Royal Daffodil паромы – 7461 эвакуацияланушы – және Medway Queen лайнері – 7000 адамды құтқарып ерекше көзге түсті.

2 маусымда Дюнкеркті қорғайтын британдық қорғаныс күштері кетті. Құрлықта тек француздар қалды және олар да шығарылды, бірақ британдықтардан кейін. 3 маусымда әуе шабуылдары әлдеқайда күшейіп, күндізгі рейстерді тоқтатуға тура келді. Үшіншіден төртіншіге қараған түні 53 мыңға жуық одақтас жауынгер эвакуацияланды, бірақ 4 маусымда немістер ақыры шабуылға шықты, операция аяқталуға тура келді. Соңғы кеме, британдық Sicarius эсминеці бортында тоғыз жүзге жуық эвакуацияланған адаммен 4 маусымда таңғы сағат 3:40-та Франция жағалауынан шықты.

одақтастардың әскерлері көмек күтудегі сурет

Соңында 198 229 британдық әскер және 139 997 француздық әскер құтқарылды. Осыған қарамастан 260 тан аса немістің авиациясы қиратылды. Ал ағылшындарда 297 кеме 106 тікұшақ 1 08 111 солдат және офицерлер, 2472 зеңбірек 2427 автомобил 77 318 тонн боеприпастар құрыды. 338мың құтқарылған адамдар Британияға жеткізілді. Бәрі 10 күнге созылды. Операция барысында 2 мыңға жуық жауынгер іс-түссіз жоғалып, 150мың адам қаза тапты(40 адам Британияға басқа жолмен келген сыңайлы)


КСРО және WW2

Байқасаңыз бұл коалицияда кеңес әскері жоқ, себебі ол кезде КСРО, яғни Сталин Гитлердің одақтасы болды. Бұл соғысты біз әлі "Ұлы Отан соғысы" деп атаймыз, неге? Неге біздің халық әлі күнге дейін екінші дүниежүзілік соғыс туралы шындықты білмейді? 22 мың поляк офицерін "Катин" деген жерде атып тастаған кеңес әскері емеспе? КСРО да Үшінші рейхте алғаш агрессор болып Польшаға шабуыл жасады.(Молотов-Ребентроб). "Менің күресім" атты Гитлер жазған кітапта Гитлер өзінің ағылшындарды қатты сыйлайтынын және ең мықты халық екенін айтады. Ол тіпті олармен бір одақ болғысы келген. Дюнкерктегі 370-80 адамды құтқару оңай емес, ол үшін ағылшынның бүткіл балықшысы, теңізшісі, саудагері аттанған.

Британдық режиссер Кристофер Нолан "Дюнкерк 2017" деген кино түсірді. Автор тым идеологияланып кеткен екінші дүниежүзілік соғысты көркемсіз кейіпінде, яғни соғыс қалай болды-солай түсірген. Ешкімді насихаттамаған, ешкімнен көзсіз батыр жасаған жоқ. Тек көкте, жерде, теңізде өлім үшін арпалысқан британ-француз әскерін көрсетті. Автор идеологиядан объективтік тартхи шындықты басты орынға қойды.


Виктор Астафев : " Бұл күні той тойлауға болмайды. Өз халқыңды қанға бектіріп, қарсыласын өліктердің астына көму арқылы деңген арсыз жеңісі үшін бәрінен кешірім сұрауы қажет.