АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ
XX - ғасыр қазақ қоғамын түбегейлі өзгертіп, үлкен бетбұрыс жасаған кезең. Ол кезде біз Ресей Империясының колониясы ғана едік. Орыстар бізді отырықшылыққа әбден үйретіп қойған, алайда кейбір қазақ жерлерінде көшіп-қонып жүретін жұрт көптеп кездесетін. Бұл ғасырларда біз Ресейге өте қатты тәуелді болдық, білім жағынанда, экономикалық жағынанда. Біздің қазақ зиялыларының бәрі де Ресейден білім алып келуші еді және тек сол жолмен ғана қазақ қоғамын сауаттандыруға болатын болды. Сол Ресейден білім алып келген қазақ зиялыларынының біршама бөлігі - Алаш қайраткерлері еді. Алаш қозғалысы 1905 жылдан бастап жанданған еді, алайда 1916 жылдарға қарай бәсеңдеп, 1917 жылы ақпан төңкерісінен кейін қайта бұл қозғалыс жанданған болатын.
Алаш қозғалысының көсемдерінің бірі бізге таныс қыр баласы - Әлихан(Ғалихан деп те атайды) Нурмағамбетұлы Бөкейханов еді. Әлихан Бөкейхан — ғұлама ғалым ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі публицист ретінде қазақ халқының саяси әлеуметтік, мәдени рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға. Ол екі жоғары оқу орынын бітірген(Омбы техникалық училищесі, орман шаруашылығы институты) және 9 тілді жетік меңгерген. Әлиханның "Алаш" қозғалысына сіңірген еңбектері мол. Алаштықтардың, Алиханның ең басты, ең бірінші көтерген мәселелерінің бірі - жер мәселесі. "Жер ешкімге берілмесін, жекеменшікке шығарылмасын, мемлекетте қалсын",- деген екен Әлихан атамыз. Себебі ол башқұрлардың жасаған қателігін жасағысы келмеді. Олардың бәрі 25 десятина жер бөліп берді. Одан кейін орыстың көпестері келіп олардың жерлерін сатып-сатып алады, солай башқұрттар жерсіз қалды. Солардың қателігін жасамас үшін Әлекеміз арпалысып жүріп осы заңды орнатты.
1905 жылы қазақ зиялылары I, II Мемлекеттік Думаға депутат болып сайланды.Петербургке 1906 жылы шілденің ортасында ғана келген А.Бірімжанов аграрлық мәселе бойынша мұсылман фракциясы атынан ескертпелер мен ұсыныстар айтып, сөз сөйлейді. Осы қызметі үшін оны 3 айға тұтқынға алады. Кейін Санк Петербург Сот палатасының шешімімен Семей абақтысына жіберіліп, содан соң Самараға жер аударылды. 1908 жылы шілдеде I Мемлекеттік Дума таратылып, жаңа II Мемлекеттік Думаны құру жөнінде жарлыққа қол қояды. Қазақ зиялылары бұл думаға да белсенді қатысады. Б.Қаратаев 1907 жылы 16 мамырдағы арнайы баяндамасында Қазақ даласында қоныстанушыларға "ығысып бере қоятын", "басы артық" жердің өте аз екендігін ескертті.Сонымен қатар ол : "Қоныстандыру қазіргі кезде қырғыз-қайсақ халқын көшіріп жіберумен қат-қабат жүргізіліп отыр",-дей келе, "...қырғыздарды жерінен емес, олардың тұрғын үйінен қуып шығаруда",-деп мәлімдеді.
Б.Қаратаев, А.Бірімжанов, Т.Нұрекенов, Ш.Қосшығұлұлы 1907 жылғы наурыздағы мәлімдемесінде: "Көшпелілердің бірден-бір күнкөріс көзі-малшаруашылғы, ал олардың Азияның шетсіз-шексіз кең даласында бір жерден екінші жерге үздіксіз көшіп-қонып жүруі әлдебір жанға жайлы, қызығы мол бос серуен құру емес, табиғаттың қиындықтарын жеңе отырып, өмір сүру болып табылады",-деп жазды. Қазақ зиялылары тек екі думаға сайланғанымен, ашық сөз сөйлеп, халқының қамы жайлы мәлімдеген.
Алаш қозғалысының бұқара халыққа өз ахуалдарын жеткізіп отыратын басты құралы - "Қазақ" газеті болды.(Кейіннен Сарыарқа газеті қосылды және тағы басқа сол сияқты алаштың шашбауын көтеруші газеттер) Алаш 1913 жылы шыққан "қазақ" газеті арқасында бұқара халықтың сауатын ашуды жоспарлаған және соны жасаған-ды. Қазақ "газетінде" мәдениет туралы, басқа әлем елдері туралы ақпараттар, қызықты жұмбақтар шығып отырды. Алайда 1917 жылдан бастап ұлттық мәселелер көтеріле басталды(патшаның әлсіреу салдарынан).1916 жылы батыр Амангелді бастаған патша үкіметіне қарсы жасақталған қарулы көтеріліс салдарынан қазақ әскерлері көз жұма бастады, 1916 жылы 25 маусымда патша жарлығымен 500 мың бұратана алу жоспарланған жарғы қазақ халқының наразылығын тудыруы мүмкін екенін білген Ә.Бөкейханов арнайы сөз сөйледі. "Қазақ" газетінің 1916 жылы 22 шілдеде шығарған мақаласында былай деп жазады :
«Приказ царя должен быть обязательно выполнен. Мы так говорили и будем говорить царю. Честно служить царю — наш долг. Это нужно разъяснить казакскому народу. Мы принимаем все меры, чтобы убедить наш народ в этом. На Актюбинском совещании казаки делились на две группы. Одна группа — это знатные аксакалы, образованная интеллигенция и должностные лица, они за осуществление приказа царя. Вторая группа (против приказа царя) — это неграмотные, несознательные казакские крестьяне».
Бұл жерде патшаға қарсы шықпау туралы айталған, себебі патшаға қарсы шығу - өлімге бетпе-бет келумен тең және қазақ әскерлерінің шамасы жетпейтіні анық еді. Әлихан патшаға қарсыласпай бұйрықтырды орындауға, тыл жұмысына баруға бұйрық берді және ол өзі де Ресейге баратынын, қазақ жұмысшыларымен бірге болатынын жеткізді. Ол тыл жұмысындағы қазақтарды қадағалап жүрді. Бұған дәлел Ғарифолла Есімнің "Социализм – күнә және кінә туралы романы." Алайда Әлихан патшаға жақтасқан жалғыз қазақ зиялысы емес. Сәкен Сейфуллиннің өзі де "Тар жол, Тайғақ кешу" романында патшаға жақтасады,яғни "егер қазақтың жас балалары (16-20 жас аралығындағы бозбалалар) Ресейге әскери бөлімшелерге барса, онда олар мылтық атып үйренеді, солай патшаның өзіне қарсы шығады" деп айтқан болатын. 1916 жылғы көтеріліс Ақпан көтерілісіне ұласып, Алаш зиялылары саяси күштердің тез өзгеруін уақытылы түсінді. 1917 жылы шілде айында I Бүкілқазақ съезі өтті. Съезде “Алаш” ұлттық партиясы құрылып, оның атқару комитеті сайланды және оның бағдарламалық мақсаты анықталды. Партияның баспасөз органы болып “Қазақ” газеті бекітілді.
1917 жылдың 21 қарашасында "Қазақ " газетінде "Алаш " партиясының бағдарламасы жарияланды. Партия бағдарламасының жоспарын: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдес Ғұмаров, Есенғали Тұрмұхамедов, Ғабдулхамид Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов жасады. Партия бағдарламасы 10 тараудан тұрды.Бағдарламаның басты мақсаты: қазақ автономиясының басқа автономиялармен тең жағдайда Ресей Федерациясының құрамына кіруін қамтамасыз ету болды. Сонымен қатар, теңдік, тұлғаның жекебасына қолсұқпаушылық, сөз, баспасөз, одақ бостандығы, ана тілінде тегін, қолжетімді білім беру, жерді жекеменшікке беруге жол бермеу, оны теңдей етіп пайдалануға бөліп беру және т.б. мәселелерді көтерді.
1.Мемлекет қалпы Россия демократиялық, федеративті республика болу тиіс деп атап көрсетілді және демократия мен федерация ұғымдарына түсінік берілді. "Демократия-мемлекетті жұрт билеуі.Федерация- құрдас мемлекеттер бірлесу. Федеративтік республикада әр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болады. Әрқайсысы өз тізгінін өзі алып жүреді ". Негізгі айтылмақ идея-өзін-өзі басқаратын теңқұқылы мемлекеттер одағы болу. Жоба авторлары демократиялық сайлау жүйесін ұсынды. "Депутаттар тегіс, тең, төте Һәм құпия сайлаумен болады,яғни, азаматтардың саяси құқығы, шыққан тегі, діні, сенімі, қызметі,мүлкі және жыныс айырмашылығына қарамай, барлығының сайлау құқығын жүзеге асыру арқылы бекітіледі ".
2.Жергілікті бостандық Қазақтар мекендейтін облыстарда тұратын барлық ұлттар үшін автономия құру мәселе бірінші кезекке қойылады. Онда "Қазақ жүрген облыстардың бәрі бір байланып, өз тізгіні өзінде болып, Россия Республикасының федерациялық бір ағзасы болу. Реті келсе, қазақ автономиясы сыбайлас жұрттармен әзірге бірлесе болу, реті келмесе, бірден-ақ өз алдына жеке болу. Қайткенде де осы зестволықты қабыл алу " делінген.
3.Негізгі құқық Нағыз таза демократиялық және адамгершілік принциптерге негізделіп жасалған."Ресей Республикасында дінге, қанға қарамай, еркек- әйел демей барлық адам теңқұқылы болады. Жиылыс жасауға, қауым жасауға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап бастыруға еркіндік беріледі ".
4. Дін ісі Дінді мемлекеттен бөліп қарау керектігі айтылды. Қазақтарда діни басқару органы-муфтият құру керектігія, соынмен қатар барлық діндердің тең екендігі атап көрсетілді.
5. Билік һәм сот Сот билігі, оның ішінде билер соты туралы айтылады. Жоба авторлары халыққа таныс емес құқықтың нормалар енгізуге қарсылық білдірді.Олардың айтуынша, құқықтық нормалар мен билік халықтың тұрмыс тіршілігі мен даму деңгейіне сәйкес болуы керек, яғни, соттар істі әрбір халықтың тұрмыс жағдайдарына қарауға тиіс.
6. Ел қорғау Қазақ әскерлік міндетін атты милиция түрінде атқару керек делінді.Ел қорғау үшін әскер осы күнгі түрде ұсталмау. Әскерлік жасқа жеткен жастар жерінде үйретіліп, жерінде қызмет ету: әскер табына бөлгенде туысқан табына қарай бөлу. Әскерлік міндетін қазақ атты милиция түрінде атқару.
7. Салықтар Салық әл-ауқат, табысқа қарай байға байша, кедейге кедейше әділ жолмен таратылу қажеттілігі қарастырылды.
8. Жұмысшылар "Алаш " партиясының жұмсышылар турасында социал-демократтардың меньшевик табының бағдарламасын жақтайтындығы айтылды.
9. Ғылым-білім үйрету Білім беру мәселесі қарастырылды. Білім беру тегін, қолжетімді болып, оқыту ана тілінде жүргізілу керек делінді. Сонымен қатар орта оқу орындары мен университеттер ашу керектігі және олардың қызметіне биліктің араласпауы қажеттігі айтылды.
10. Жер мәселесі Бұрынғы жылдары қазақтардан жердің жаппай тартып алынғаны ескеріліп, жерді ең алдымен тұрғылықты халыққа қайтарып беруді әділ шешу міндеті қойылды. Жерді сатуға үзілді-кесілді тыйым салынған. Жердің бүкіл байлығы, кені, қазынасы, өзендер мен көлдері және ағаштары мемлекет меншігінде болуы тиіс екендігі айрықша атап көрсетілді
1917 жылы қараша айында Қазақстанда тағы да бір саяси ұйым - «Үш жүз» қазақ социалистік партиясы кұрылды. Партияның негізін салушы-Мұқан Айтпенов, көшбасшыларының бірі Шаймерден Әлжанов. Бірақ кейінірек «Үш жүз» қызметі Көлбай Тоғысовтың есімімен байланысты болды. Партияның баспасөз органы - «Үш жүз» газеті. 1917 жылдын желтоқсан айынан бастап Петропавл қаласында шыға бастады. «Үш жүз» «Алаш» партиясына оппозицияны құраған, ұсақ буржуазиялық социалистік партия болды. «Алаш» пен «Үш жүз» партиясынын әлеуметтік құрамын салыстыра отырып, С.Сейфуллин Алашорданы «байлар тобының каймақтары, шенеуніктердін ұлдары, патша гимназияларында тәрбие алғандар, мырза ұрпақтары» кұрағанын жазды. Ал «Үш жүз» төңірегіне омбылық тұрғындар, қолөнершілер, бақташылар, қалалық сауатсыз кедейлер мен Петропавл, Семей жұмысшылары және т.б. топтасты. «Үш жүздің» құрамында белгілі қазақ палуаны Қажымұқан да болды. Партияда айқын бағдарлама болған жоқ. Мерзімді басылымы - осы аттас "Үш жүз" газетінде тек бағдарламалық тұжырымдар жарияланды. "Үш жүз" партиясының мақсаты ғана түркі-татар халықтарын біріктіру және Ресей Республикасының федеративтік кұрылысын талап ету болды. Үш жүздіктер ұлттық мәселенін шешілуін түркі-татар федерациясын құрудан, мұсылман халықтарын түркілік идея негізінде біріктіруден көрді. Қазақ социалистік партиясының бағдарламалық тезистері айқын емес еді, бірақ еңбекшілердің талаптарын бейнелеген бірқатар тармақтары болды. «Үш жүз» партиясы империалистік соғысты дереу тоқтатуды, соғысушы елдердің арасында аннексиясыз соғысты және контрибуцияларсыз бітім жасалуын жақтады. Түркі-татар автономиясын, яғни Ресейдің түркітілдес халықтарының бірыңғай автономиясын құруды ұсынды. Үш жүз партиясының белгілі кемшіліктері болды. Белгілі бір кезде осы партия мен Алаш партиясының арасында қарама қайшылықтар орын алды. Қарама қайшылық Үш жүз партиясының большевиктер қатарына қосылғандықтан, Алаш партиясына қарсы шықты.
Реседегі 1917 жылғы Қазан төңкересінің жеңісінен кейін қазақ облыстарының тағдырын шешу үшін Орынборда 1917 жылғы 5-13 желтоқсан күндері ІІ Бүкілқазақ съезд болып өтті. Съезді ұйымдастырушылар Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов және т.б. болды. Оның жұмысына бүкіл Қазақстаннан делегаттар қатысты. Шақырылғандардың ішінде Түркістан автономиясының басшысы М.Шоқай болды.
Съездегі негізгі мәселе Қазақ автономиясын құру болды. Жаңа өкімет билігін құру туралы шешім қарармен қабылданды. Съезд бірауыздан қазақ облыстарының автономиясын құру және оған “Алаш” атауын беру туралы қаулы шығарды. 25 адамнан құралатын үкімет-Алашорда ұлттық кеңесі сайланды.Оның ішінде 10 орын өлкедегі орыс және басқа халықтардың өкілдеріне берілді.Алашорданың төрағасы болып Ә.Бөкейханов болып сайланды. Қызыл әскерге тойтарыс беру үшін ұлттық іскері-милицияны құру шешілді. Съезге қатысушылар кеңес өкіметінің қандай көзқарасы болсын, тиімсіз деп есептеді, сондықтан басқарудың кеңестік жүйесін енгізуге жол бермеуге шешім қабылданды. Алашорда Семей қаласында орналасатын болып белгіленді. 1918 жылы қантарда Алашорда үкіметі кенес үкіметімен: РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы В.Н.Ленинмен және РКФСР ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен “Алаш автономия”- сын тану туралы келіссөздерді бастады. Осы мақсатпен Мәскеуге Алашорда делегациясы аттандырылды. 1918 жылы 19-20 наурызда Ә.Бөкейхан мен онын орынбасары Х.Ғаббасов В.Н.Ленинмен жана құрылған «Алаш» қазақ автономиясын тану туралы телеграф арқылы келіссөздер жүргізді. Алайда кеңес үкіметі ұлттық либералды-демократиялық партия басқаратын ұлттык автономияны тануға мүдделі емес еді. Большевиктік басшылык өзінің «Алаш» автономиясы мен Алашорда үкіметін мойындамайтынын мәлімдеді. 1918 жылы мамыр айында Алашорда үкіметі кеңес үкіметінің «Алаш» автономиясы туралы қаулыларының заңсыз екендігі туралы шешімін жариялайды. Сондай-ақ 1918 жылы жазда Алашорданың большевиктермен ашық күресі басталды. Олар Қызыл әскерге карсы қарулы күштерін кұрды. Алдымен атаман А.Дутовпен одақ жасасты. Орал казактары- мен Алаш полктерін қаруландыру мен үйретуге жәрдемдесу туралы келісімге келді. Қазақстан аумағы азамат соғысының майдандарымен бөлшектеніп, орталықтандырылған басқару мүмкін болмады. Сондықтан Торғай бөлімшесі құрылды. Алашорда үкіметінің үш бөлімшесі: Семейде Ә.Бөкейханов басқарған Шығыс бөлімшесі. Батыс Қазақстанда Жаһанша және Халел Досмұхамедовтер басқарған Батыс бөлімшесі және Торғайда А.Байтұрсынұлы басқарған Торғай бөлімшесі.
Алаш үкіметі құрылған соң, оны қорғайтын милиция құру керек болды. Милицияға қару-жарақ пен оқ-дәріні Алашорданың ұлттық қорынан алу белгіленді. Милиционерлерді әскери тәртіп пен өнерге үйрету үшін офицерлер мен нұсқаушыларды: 100 милиционерге 1 офицер, 50 милиционерге бір нұсқаушы шақырылатын болды.
Қазақ офицерлерін даярлау үшін Орынбор қазақ әскерінің тәжірибесі мен көмегін пайдалану қажеттігі съезд шешімдерінде баса көрсетілді. Милицияны ұйымдастыруға байланысты жұмсалатын шығын 68960000 сом болып анықталды. Бұл қаражат аталған 6 облысты мекендеген қазақтар есебінен жиналатын болды. Съезд қарарларына сәйкес халықтық милиция жасақтарын құру ісі көп кешікпей басталып, осы бағыттағы жұмыстар 1918 жылдың жазынан, елде азамат соғысы басталуына байланысты жаңа қарқын алды. Алашорда үкіметі бұл бағыттағы жұмыстарды тек қана Орынбор қазақ әскерінің басшылығымен ғана емес, сонымен қатар Самарадағы Құрылтай жиналысы мүшелерінен тұратын үкіметпен (“Комуч”) және Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен (1918 ж. қарашадан — Колчак үкіметімен) бірлесе, соңғыларының көмегіне сүйеніп жүргізді. Алашорданың батыс бөлімшелерінің жетекшілері Жанша Досмұхамбетұлы және Халел Досмұхамбетұлы “КОМУЧ” үкіметінің есебінен 600 винтовка, бір пулемет алса, Алашорданың Торғай бөлімшесі 300 мылтық, 20 мың патронға ие болды. Орынбор казак әскерлерінің атаманы Дутовтың тікелей көмегімен Қостанай және Ырғыз уездерінде екі атты полкті жасақтау жүзеге асырылды.
Әлихан бастаған алаш әскері ақтарғада, қызылдарғада қазақтың бірде-бір талшық жеріне қолдарын сұғуға мүмкіндік бермеді. Оралды ақ әскер басып алғанда Оралды азат еткенде осы алаш әскері еді:
"Барановскийді 1918 жылы қыркүйекте Гурьев пен Астраханьнан шақырып алғаннан кейін А.Н. Тихонов Олаят үкіметі жанындағы Комучтың өкілі болып тағайындалды. 1918 жылдың жазында 16 қыркүйектегі жазбасында Жамбыл мен Оляяттағы істердің жай-күйіне бақылауында «...Қазіргі уақытта үкіметтің ешбір негізі жоқ, бұқара оған сөзсіз қарсы» халық милициясын құруға үлкен салық (кибиткіден 200 сом) түскендіктен, «қырғыз зиялылары мен жонкерлері де дос емес, қарсылас. Бұл тұрғыда Земство туралы сөз қозғаудың қажеті жоқ — ұмтылыстар мен үміттер... бұл өсімнен қалай тезірек құтылуға болады». Ол Алашорданың қолдамағанын, керісінше Досмұхамедовті елемегенін куәландырды және Оляят пен земство институттары арасында билікті бөлуге байланысты үздіксіз қақтығыстар болды."
Бөкейханов Алаш-Орданың құрылуына қол жеткізіп, «Уильский оляят» дербес заңды білімі емес, оның құрамдас бөлігіне айналды.
Бұрын Орал облысындағы Комучтан 1917 жылы Уақытша үкіметтің комиссарлары қызметінен босатылып, Алаш-Орда 1917 жылы сол ереженің негізінде өзінің облыстық комиссарлығын тағайындап, басқаруды Орынбордан Оляяттың орталығы орналасқан Жамбыл облысына ауыстырды.
Уақыт өте келе одақтастарының қазақ халқының жағдайын одан ары нашарлатып, тонауы және Алаш автономиясына қарсы екенін зиялы қауым түсіне бастады. Ал 1918-1919 жылдары ақтар Алашты партиясын да үкіметін де жою туралы жарлықтар жариялады. Бұл Алашорда көшбасшыларының контрреволюциялық коолициядан қол үзуіне әкелді. Одақтастарына наразы болуы және Қызыл әскер позицияларының күшеюі алашордалықтардың большевиктермен күресінің бәсендеуіне әкелді. Алашорданың Торғай бөлімшесінің басшысы А.Байтұрсынұлы 1919 жылы наурызда комиссар Ә.Жангелдинмен кездесіп, Мәскеумен келіссөздер жүргізуге келісті. Мәскеуге сапар шегіп, Қазақ кеңестік автономиясын құруға уәде еткен В.И.Ленинмен кездескеннен кейін А.Байтұрсынұлы Кеңес өкіметі жағына шықты. Кеңес үкіметі қазақтардың арасында ықпалға ие болу үшін, Алаш көшбасшыларымен одақтасу қажеттігін түсінді. 1919 жылы 4 қарашада «Алаш» пен «Алашорда» мүшелеріне кешірім жасау туралы Жарлық жарияланды. Алашордалықтар Кеңестер үкіметін мойындайтынын мәлімдеді. Татарстан мен Башқұртстан ұлт-азаттық қозғалысының көсемдері де осылай істеді. Торғай ауданындағы алаш полктеры Қызыл әскер құрамына кірді. А.Байтұрсынұлы ақ гвардияшыларды қолдаудан бас тартуға көндіру үшін Қазақстанның басқа өнірлеріндегі Алашорда басшылығымен келіссөздер жүргізе бастады. 1919 жылы 13 желтоқсанда Алашорданың Батыс бөлімшесі Кеңестер жағына өтуге шешім қабылдап, ақ гвардияшыларға қарсы әскери қимылдарды бастады. Осы уақытта Ә.Бөкейхан басқарған Шығыс бөлімшесі де Кеңестер жағына өтетінін мәлімдеді.
1920 жылы 9 наурызда «Алаш» пен үкіметті тарату туралы жарлық шығарылды. Алаш автономиясы 1920 жылы-ақ өмір сүруін тоқтатты, есесіне 1920 жылы 16 маусымда Қырғыз(қазақ)АКСР-ы құрылды. Оның құрылуы Әлімхан Ермеков ағамыздың есімімен тығыз байланысты. Себебі Автономияны Ленинмен келіссөздер жүргізіп, 8 сағат бойы қазақ даласының территориясының тұтастығын сақтауға көп ықпалын тигізген - Әлімхан Ермеков.
Ол - математик, жоғары білімі болды(Том технологиялық университетін бітірген). Алаш қайраткерлерін алып қарасақ, бәрі жоғары білімді. Алаш үкіметінің құрамында болған 15 қайраткерді алатын болсақ, 15 қайраткердің сегізі жоғары білімді, заңгер еді. Оның ішінде мал дәрігері, әскери дәрігер, агроном, математик, физик болды. Бәрінің керемет тәжірибесі болған-тұғын. Ахмет Бірімжановты алсақ, 2 Мемлекеттік Думаға депутат болды. Жанша Досмұхамбетұлыны алсақ, 1917 жылғы ақпанға дейін Томск сот округі прокурорының орынбасары болған, прокурор қызыметіне 10 жылдай қызымет етіп, генерал дәрежесіне жетті. Әлихан Бөкейханов та 2 жоғары білім болды, қазқтың бүкіл төрт түлік малын зерттеген. Мухаммедияр Тынышбайұлы бүкіл қазақтардың тарихын зерттеп берген. Санжар Асфендияров та білімділер арасынан орын тапқан. Қазіргі Абай атындағы қазақ-ұлттық университетін ашып кеткен, ал Алаш зиялылары сонда сабақ берген. Тұңғыш медицина университетін ашқан Санжар Асфендияров еді және соның алғашқы директоры болған. Жұмақан Күдерин (алаш қайраткері) жыланның уын, малды зерттеген алаш қайраткері болды.
Қазақ тарихының өзекті мәселелерінің бірі - 20 ғасырдағы Лидерлердің біреуінің атына сөз тигізу, ал біреуін тым мадақтау. Тіпті бұл "тарихи мәселе емес, саяси мәселеге айналып кетті ме?" деп ойлап қаламыз. Алаш ардақтыларын Кеңес дәуіріндегі қайраткерлерге қарсы қою-қателік. Себебі қазақтан шыққан тұңғыш большивиктер С.Сейффулин, Т.Рұсқұлов, Ә.Жангелдин секілді қайраткерлер, Ленин, Сталин коммунисттерге жайғана құрал болды. Толығырақ айта кетсек, Ленин мен Сталин алаш көсемдерін алдау үшін келіссөздер жүргізіп, 1918 жылы Алаш партиясын өз тарапына шығара бастайды. Тіпті қазақ халқының саяси көшбасшысы Ахмет Байтұрсыновты Кеңес органына жұмысқа алады. Осы уақытта үлкен қазақ коммунистік партия құрылады. Олардың көсемдері : Тұрар Рұсқылов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Сұмағул Садуақасов және т.б болды қазақ арасында танымал адамдар тартылды. Осы коммунисттік топпен Алаш партиясын қарсы айдап салуға Мәскеу араларына іріткі салады. Мысалы: Алаш қайраткері Алихан Бөкейханов "қазақ халқы өзін-өзі басқару керек. Ресейдің құрамында қалама қалмайма өзі шешсін" дейді, себебі ол кезде арнайлы декларация болған болатын. Сталин қазақ большивиктеріне Смағұл Садвоқасовқа "Қазақтар Кеңестік Ресей құрамындағы автономияға ие болуы керек" деді және Сталин оған автономия беремін деп сендіреді. Біз білетін билік үшін таласты өз қолынан жасаған болатын. Мысалы: 1919ж. Лениннің ұсынысымен қазақ жерін алғашқы басқарған Кеңестік орган Қырзғыз роволюциялық комитеті құрылған кезде оның төреғасының жалғыз орынбасары болып Алаш қайраткерлерінің бірі Ахмет Байтұрсынов болды. Ал бұдан қазақ большивиктері Ә.Жангелдін секілділердің наразылығын тудырып, одан сайын текетірес күшие түсті. Міне осылай Мәскеудің саясатының кесірінен қазақ большивиктері мен Алаш қайраткерлері арасында қырық пышақ болды. Кейін екі қазақ басшылары әбден қырылысып әлсірегенде Сталиннің қолдауымен Алаштықтар басқару органдарынан айырылады. Сталиннің бұйрығымен қазақ большивиктері Алаш партиясын жан-жақты сынға алады және 1920 жылдың ортасына қарай Алаш партиясы физикалық түрде жоғала бастайды. Қазақ большивиктері Сталиндік Алашордаға жасаған репрессияны қолдай бастайды. Сол кезде Алаш қайраткерлері толықтай түрмеге кеткенде Сталиннің қаһарына қазақ большивиктері түседі. Абайдың шығармасында қазақты бір-біріне айдап салу туралы айтылғанын жақсы білген Сталин әдетке айналдырған қайтадан қазақ большивиктері арасына іріткі сала бастайды. Мысалы, Кіші жүзден шыққан танымал қазақ большивигі Сейітқали Мендешевті қызыметінен босату үшін, оған қарсы Ұлы жүзден шыққан атақты қазақ большивигі Сұлтанбек Ходжановты қарсы қояды. Тіпті Кіші жүз жерінде болған Орынбордан Ұлы жүздің дәстүрлі болған Қызылордаға, яғни Ақмешітке ауыстырудың өзі қазақ большивиктердің арасына іріткі салу болып та саналды. Осылайша Сталин қазақ көсемдерін пайдалана отырып, Алашорданы жойып, ақыры соңы өздерінде құғын-сүргінге ұшыратып жіберді. Бұдан түйінуге болатын нәрсе - бөлінбеу.
БАТЫР - АМАНКЕЛДІ
"Алаш қозғалысы" тақырыбындағы ең күрделі тақырып - батыр Аманкелді Имановтың өлімі. Зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, нақты жауапқа келу мүмкін емес, себебі әр адам әртүрлі пікірлі. Қазақ большивиктері Алаштың әскері өлтірді десе, алаштықтар Әбдіғаппар өлтірді дейді (Әбдіғаппар бай алашордашыл болған).
Осы орайда бірнеше мысалдарға көз жүгіртсек, Тұрсын Жұртбай кітабынан алынған үзінді :
"Алашордашылардың Торғайда әскери советі құрылды. Олар – М.Есполов, М.Дулатов, Омар Алмасов, Кәрім Тоқтабаев, Мұзафар Қасымов, Б.Сисекенов. М.Сейдалин, комендант – Р.Мақатов, түрік – Хидоят, Д.Ақталовтар еді. Бұларға қоса қыпшақ Әбдіғапар Жанбосынов, Сәлімгерей Қаратілеуовтер болады. "делінген, Алаш-Ордаға қатысты тергеу ісі томының 12-бетінде Міржақып Дулатовтың өз қолымен орыс тілінде жазған түсіндірмесі бар. «Амангелді Имановтың өліміне мен кінәлімін. Бірақ мен оны өлтірген жоқпын. Мен өз жауапкершілігімді түсінемін. Өйткені біз Амангелдіні күдікпен түрмеге жаптық. «Қызыл әскерлер отряды Қостанайдан келе жатыр» деген хабарды естіген соң мен де отрядтың бір бөлігімен Торғайдан 30 шақырым жерде оларды қарсы алуға шықтым»
Екінші нұсқам, бұл Сәкен Сейфуллиннің "Тар жол, Тайғақ кешу" романынан алынған үзінді:
"Қостанайдан шыққан Желаевтың қызыл партизан отрядтары келеді. Желаев, жолшыбай «Алашорданың» Таранға қылғанын естіп келеді. Тағы Торғайдан Желаевқа қарсы «Алашорда» әскері шығады. Желаев келген бетімен «Алашорда» әскеріне оқ жаудырады. «Алашорда» әскері тым-тырақай қашады. Далбақтап, тоңқаңдап Торғайдағы «Алашорда» қашады. Қашқанда тек кетпейді, түрмедегі комиссар Амангелді Иманұлы мен жолдастарын өлтіріп кетеді"
Тағы бір нұсқа, Асфендияр Кенжиннің айтқаны:
"Дүрбелең басылып, билікке қызылдар келген соң Батыр жаңа үкімет жағына өтті. Торғайда жаңа биліктің орнауына ат салысты. Бұл Ханға (Әбдіғапар) ұнамаса керек. Әр жердегі мәжілісте бірінің шығарған шешіміне екіншісі қарсы келіп қала береді. Батыр сайлаған болысты Хан орнынан алып тастап, аралары одан сайын ушығып кетеді. Бұл жағдай Міржақып пен оның айналасындағыларға қол болды. Араға адам салып, Ханды өздеріне қаратып алады және Батырды өлтіруге келіседі. Міржақып оны Ханның келісімінсіз де өлтірер еді, тек, кейін ел арасындағы жанжалда «Ханның ризашылығы болды» деп айту үшін ғана істеген ғой. «Інің орысқа қызмет етіп кетті, сені ұмытты, сыйлауды қойды» деп азғырған дейді. Күн жылынып, жер құрғай бастаған күндерде Батырдың қол астындағы қызметкерлердің бірі әскерді ойнатамын деп қала сыртына алып кетеді. Сол адам сатқындық қылды, салдаттарды қастықпен әкетті дейді, кім білсін. Содан әскер сыртта жүргенде қалада атыс басталған. Батырдың кеңсесін шабуылдап, көшенің астан-кестеңін шығарыпты. Екі-үш көмекшісімен қалған Батыр түске дейін қарсыласып, ақыры берілмепті. Амалдары таусылған олар енді айлаға көшеді. Міржақып Батырға адам жіберіп, кешірім сұраған болады. «Доңыз, иттер арақ ішіп, мастықпен мылтық атыпты, жазасын келіп өзің бер» дейді. Батыр бармайды, тағы адам жібереді, оған да бармаған. Сөйтіп, не керек, ақыры мешіттің молдасын қолына Құран ұстатып, «Амангелдіні қайтсең де көндіріп, ертіп кел» деп жұмсайды. Молданы көптен таниды екен. Келе салып: «Батыр, бір ашуыңды бер, мені аналар жаналқымнан алып, еріксіз жіберді. «Татуласамыз, бітімге келеміз, қорықпаса қарусыз келсін» дейді. Жүре ғой менімен. Құран ұстап кеп отырмын» дейді. Батыр – діндар, бес уақыт намаз оқитын адам еді, хазірет кеп тұрған соң сенеді ғой баяғы. Балым мен біздің жазған (Молдабек) жібергісі келмей безектейді. Бір бет алған соң кері қайтсын ба, шақырған жерге тартып отырады. Міне, сол кеткеннен Батыр мол кетті ғой. ...Шақырған үйіне кіре берісте Батырды сенекте екі адам екі жағынан кеп ұстап, байлап тастапты. Сол күйі абақтыға тыққан. Сол күні дуанға Хан да келеді. Оны да әдейі шақырып отыр ғой, сонда болды деу үшін. Батырды өлтірер алдында Хан: Амагелдінің сөзінде сиқыр бар, тыңдап тұрсаң арбалып қаласың. -Сөйлетпеңдер және көзіне қарамаңдар! – деп айтты дейді. Батырдың көзі өңменіңнен өтердей өткір, сұсты еді. Батырды абақтыдан байлаулы күйінде алып шығыпты. Түн ортасы, ел аяғы басылған кез екен. Жан-жағына соңғы рет көз салғанда бірден Ханға қарап: – Әй, Хан аға! Сен биік жар емес пе едің, мен сол жарда секірген лақ емес пе едім?! – деп сөз бастағанда Хан: – Мынаны сөйлетпеңдер дедім ғой. Тұрмаңдар қане! –деп айқай салады. Сонда топ ішінен шыққан біреу ұзын кездікті Батырдың бауыр тұсына сілтеп кеп қалды дейді. Жерге екі бүктетіліп түскен Батырды ат құйрығына байлап шаба жөнеледі. Иен далаға апарып, көміп кетеді. Батыр осылай ажал құшады" ,
- дейді ол. Бұндай күрделі тақырыпта бір ымыраға келу мүмкін емес, сондықтан қазбалай бермейік деп шештік.
РАЙЫМЖАН МӘРСЕКОВ - АЛЫП ТҰЛҒА.
Алаш тақырыбындағы тағы бір өзекті мәселе - Алаш мемлекетінің құрылуындағы қиыншылықтар. Осындай ауыртпалықты арқалаған тұлғалардың бірі - Райымжан Марсеков, Алаш қорғалысының көрнекті қайраткері. Ол Омбы техникалық училищесін және орман шаруашылығы институтын (Санкт-Петербург, Москва Заң және Сот институтын) бітірген. Оның ең үлкен еңбегі-Жапонияға аттануы еді. Толығырақ айта өтсек:
ЖАПОН ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫ: АЛАШ ОРДА ҮКІМЕТІНІҢ ЖАПОНИЯҒА ҮНДЕУІ – БІР ТІЗБЕКТІҢ ТІЛЕКТЕРІ
(Жапон Сыртқы істер министрлігінің сыртқы саясат тарихы мұрағатындағы жапон ғалымдары Риосуке Ононың (Рйосуке (жазған) және Томохико Уяманың) сенсациялық жаңалығы туралы талдау және кейбір алдын ала қорытындылар. Бұл шынымен де ғылыми сенсация. Жапон ғалымдары Риосуке Оно мен Томохико Уяманың ашқан жаңалығы – «Алаш» деген ортақ атаумен ұлт-азаттық қозғалысының, партия мен мемлекеттің шынайы тарихының тізбегінің осы уақытқа дейін белгісіз, бірақ жоғалып кеткен буыны. Оны ғылыми сенсациядан басқаша бағалауға болмайды. Райымжан Мәрсекұлының (Мәрсеков) Алашорда үкіметі атынан Жапония Сыртқы істер министрлігіне Алаш Республикасын (ресми Алаш ұлттық аумақтық автономиясы) тану, дипломатиялық қарым-қатынас орнату және көмек көрсету туралы өтінішімен ресми үндеу кең тараған бірқатар тезистерді түбегейлі жоққа шығарады. Мысалы, біріншіден, «Алаш» қайраткерлерінің тәуелсіздікке ұмтылмағаны туралы (Д. Аманжолова, А. Бисембаев), өздерін ұсынылған Ресей Федерациясының субъектісі мәртебесімен шектеген, екіншіден – «Алаштың мойындалмаған автономия. » (Д. Аманжолова), үшіншіден – «Алаш автономиясы ресми түрде жарияланбаған, сондықтан ол болған жоқ, оның Алашорда үкіметі ғана өмір сүрді» (М. Қойгелдиев)».
20 ғасырдың басында «аймақшылдық» және «автономия» Ресей Федерациясының басқалармен тең субъектісі болғанын атап өткен жөн. 1917 жылы өткен барлық қазақ өлкелік және ұлттық құрылтайлары (съездері) Ресейді Федеративтік Республика деп жариялау туралы бірдей қаулылар қабылдағаны белгілі. Бұл қаулылар қазақ облыстарына жаңа федеративтік Ресейдің тең құқылы субъектісі ретінде аймақтық мәселелерді өз бетінше шешуге, ұлттық маңызы бар мәселелерді қарауға құқық беруді көздеді. Бұл мәселе бойынша шешім қабылдау Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына тапсырылды, оны шақыру бірнеше рет кейінге қалдырылды. Бірақ, Уақытша үкіметті құлатып, орталық билікті большевиктердің басып алуына әкеп соққан Ресейдегі күшейіп келе жатқан саяси дағдарыс Алаш партиясы жетекшілерін Ресейдегі мемлекеттік биліктегі аймақтық тәуелсіздік арқылы жоспарланып отырған ұлт-азаттық жолды қайта қарауға мәжбүр етті. Ресми түрде бұл ұстаным «Алаш» партиясының 1917 жылғы қарашадағы бағдарлама жобасында көрініс тапты. Онда Ресейдің тең мемлекеттерден, қазіргі терминмен айтсақ, федерацияның субъектілерінен тұратын демократиялық федеративтік республикаға айналуы керектігі айтылды. Осы субъектілердің бірі «казак-қырғыз облыстарынан» құралған «қырғыз автономиясы» (қазақтар) болуы керек. Сөзсіз, «Алаш» көсемдері «автономия» деп тағы да атап өтейін, қазақтардың басқару нысанындағы республика болғанымен, тең құқылы мемлекеттер одағына қосылуына байланысты егемендік құқықтары шектелген мемлекетін меңзеген. Бұл ретте, Алаш Республикасының Ресейдің құрамында емес, онымен және басқа да субъектілерімен бірге ерікті негізде АҚШ-тың айқын тәжірибесі бойынша мемлекеттер одағын құрайтынына назар аудару қажет. Штаттар (Америка Құрама Штаттары (АҚШ) атауы сөзбе-сөз және мағынасында Америка Құрама Штаттары деп емес, Америка Құрама Штаттарының Одағы деп аударылады), яғни «Ресей Федеративтік Республикасы» деп аталатын федерация. Ә.Бөкейхан және сол Р. Марсекұлы жүзіндегі «Алаш» көсемдерінің бастамасымен АҚШ тәжірибесі 1917 жылы 8-15 қазан аралығында Томскіде өткен 1-Сібір съезінде талқыланды
«Мен біздің Ресей Республикасын тек мемлекеттердің федерациясы ретінде елестетемін.Өйткені, штат болуы үшін губернияның бір штатқа бірігетін экономикалық ортақ белгілері болуы керек, не этнографиялық... Неліктен біздің Балтық губерниясы, провинциялар орталық өнеркәсіптік аудан, Тамбов, Орел губерниялары бір штатты қамти алмайды. Менің ойымша, егер біздің Ресей Республикасы жеке мемлекеттерге ыдырайтын болса, бұл Ресей Республикасында тұратын адамдардың бақытты болуына ғана әкеледі».
Одақты құрайтын мемлекеттердің автономиялық сипаты, егемендіктің ерікті түрде әрқайсысының құқықтары шектелуі арқылы президент, мемлекеттік дума (парламент) және жалпы федералдық міндеттерді шешуге өкілеттік беретін үкімет түріндегі ұлттан жоғары мемлекеттік органдарды құру дегенді білдірді. Федеративтік мемлекетті осылайша құру арқылы бұрынғы отаршыл империяның халықтары, «Алаш» көсемдерінің жоспары бойынша, Ресеймен тарихи қалыптасқан экономикалық, әлеуметтік-мәдени байланыстарды үзбей, автономиялық мемлекеттің даму мүмкіндігіне ие болар еді. 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда өзінің тарихи үкімі мен " Бөкей Ордасының, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Семиреченск, Сырдария, қырғыз уездері Ферғана, Самарқанд, Закаспий (Каспий) облыстарының Әмудария бөлімі, іргелес казак уездері Алтай губерниясы (Барнаул, Бийск, Змейногорск уездері. – С.А.), бір текті казак-қырғыздар басым тұратын аумақты территориялық–ұлттық автономия ретінде жариялаған және "Алаш" атауын берген || Бүкілқазақ құрылтайы (съезі) өтті. Айта кету керек, Алаш алғашында автономия болып құрылған, яғни, ұсынылған Ресей Федерациясының басқалармен тең субъектісі. Бірақ большевиктердің Құрылтай жиналысын күшпен таратуы 1918 жылғы 6 наурызда Ресейді соңғы заңды биліктен айырды. Ресейдегі анархия жағдайында Алаш толық мемлекеттік билігі бар, яғни егемендігі сыртқы ұлттан жоғары билікпен шектелмейтін республикаға айналды. Ал құрылтай «басқа автономиялық көршілерімен блоктар (одақтар, одақтар) туралы келіссөздер жүргізуге» рұқсат берген Алаш Орда 1918-1920 жж. тәуелсіз (егеменді) сыртқы саясат жүргізді, азаматтық соғыста өзара тану, әскери-саяси одақ құру және Кеңес өкіметіне қарсы бірлесіп күресу мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді.Сонымен бірге Алаш Орда өзінің сыртқы саясатында Алаш Республикасының ұлттық мүддесін қорғаудағы берік, мызғымас ұстанымы ретінде және ІІ Жалпықазақ Құрылтайының қарарына адалдықпен, сондай-ақ жеткілікті саяси икемділікпен, ымыраға келуге дайындығымен ерекшеленді. Алаш Орданың бұл ұстанымы әсіресе оның 1918-1920 жылдардағы барлық сыртқы саяси келіссөздерінде, соның ішінде Жапония үкіметінде де айқын көрінді, бұл сыртқы саясат мұрағатындағы жапон ғалымдары Риосуке Оно мен Томохико Уяманың ашылуының арқасында белгілі болды. Жапония Сыртқы істер министрлігінің тарихы. Осы тақырыптағы бірлескен жұмыстарында дұрыс атап көрсетілгеніндей, Р.Марсекұлының үндеуі уақытша Бүкілресейлік үкіметтің (Уфа анықтамалығы) 04.11.1918 жылғы барлық ұлттық үкіметтерді, соның ішінде Алашорданы жою туралы шешіміне байланысты болды. Бірақ 1918 жылы 18 қарашада директорияның өзі әскери төңкеріс нәтижесінде құлады. Бүкілресейлік биліктің барлық толықтығы Ресейдің Жоғарғы билеушісі және диктаторы атағымен адмирал Колчакқа өтті. Р.Марсекұлының үндеуіне қарай жапон үкіметі Колчактың барлық антибольшевиктік күштерді біріктіру жолындағы әрекетін қолдауға шешім қабылдады және Алаш Орданы мойындаудан және Алаш Ордаға көмек көрсетуден бас тартты. Осы сәтсіздіктен кейін Алаш Орданың Кеңес үкіметімен келіссөздерді қайта бастауға шешім қабылдағаны әбден қисынды. А.Байтұрсынұлын Мәскеуге жіберді. Соған қарамастан, бұл Алаш республикасының тарихындағы маңызды бетбұрыс. Жапон елі ғалымдарының тағы бір маңызды ашылуы Кеңес әдебиетінен Қоқан автономиясы деген атпен белгілі Алаш Орда үкіметінің мүшесі, бұрынғы Сыртқы істер министрі және Түркістан Мұхтариаты үкіметінің бұрынғы төрағасы Мұстафа Шоқайдың Францияға эмиграциясына қатысты. Шоқайтанушы ғалымдардың жалпы пікірі соңғы сәтке дейін М.Шоқайдың Еуропаға өз еркімен, өз бетінше және тек өзінің саяси мүддесі үшін қоныс аударған деп ойлады. Алайда Р.Марсекұлының Жапония үкіметіне үндеу жасауы бұл эмиграцияның «құпиясының» пердесін ашты. 1919 жылғы қаңтардағы жаңа тарихи құжат бойынша Алаш Орда үкіметі Париж бейбіт конференциясына өз өкілін жіберуді жоспарлаған. Р.Марсекұлының Владивостоктағы Бас консулдығы арқылы Жапония үкіметіне үндеу жасауы және М.Шоқайдың Францияға (Грузия мен Түркия арқылы) эмиграциялануы Парижде халықаралық бейбітшілік конференциясының басталуымен тұспа-тұс келді.
Естеріңізге сала кетейін, Париж халықаралық бейбіт конференциясы 1918 жылы қарашада Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін шақырылып, 1919 жылдың 18 наурызынан бастап, 21 қаңтар 1920 жылға дейін 27 мемлекеттің қатысуымен бірнеше кезеңде өтті. Конференцияға қатысқан 27 мемлекет Антанта елдері Сиам, Куба, Эквадор, Гаити және т.б. болғанымен, азаматтық соғысқа оранған Ресейдің, сондай-ақ бұрынғы Ресей империясының территориясында пайда болған үкіметтердің өкілдері болған жоқ. Ерекшелік тек Польша үшін жасалды. М.Шоқайдың Парижге неге асықпағаны, 1921 жылдың ақпанына дейін Тифлисте, одан кейін Ыстамбұлда болып, Франция астанасына бейбіт конференция аяқталғаннан кейін бір жыл өткен соң – 1921 жылдың жазында ғана келгені әбден мүмкін және түсінікті. ОГПУ қызметкерлерінің 1922 жылғы Қазақстан туралы есебіне қарағанда, М.Шоқай осыдан бір жыл бұрын бейбіт конференцияда жарғысы бекітілген Алаш Республикасының Ұлттар Лигасындағы өкілі ретінде Парижге келген. Белгілі шоқайтанушы Б.Садықованың «Парижден, жеке бас бостандығын қатерге тігіп...» атты мақаласынан мынадай үзінді келтіре кету қажет: «...алашшылдар жаңаша күрес стратегиясын құру пікіріне келді, бұл үшін қарсылықтың ішкі және сыртқы тармақтары құрылды. Бірнеше тілді меңгерген тәжірибелі саясаткер, журналист Мұстафа Шоқайға Кеңестер елінен тыс жерлерде үгіт-насихат орталығын құру тапсырылды. Орталықтың міндеті - большевиктердің өздерінің саяси ұрандарын, ең алдымен ұлттардың өзін-өзі билеу құқығы туралы ұранын қалай жүзеге асырып жатқанын сыртқы әлемге жеткізу.
Қарап отырсақ Райымжанда, Шоқайда Алаш автономиясының құрылуына сіңірген еңбектері көп,алайда көбі сәтсіздікпен аяқталған. Міне, неге Алашшылар ақтардан кейін бірден кеңестіктерге жақ болды деген сұрақтың жауабы осында. Алайда бұл Райымжан тарихының бір бөлігі ғана, оның тарихы қиын. Сол тарихтың бірі - Қатайдағы Алаш автономиясы туралы болмақ.(алайда ол жақта құрылмады)
Қазан төңкерісі жеңісінен кейін, 1922 жылы КСРО құрылғаннан кейін Алаш – Орда жазалаушы одрядтарды Қазақстандағы социалистік құрылысқа зиянын тигізуге әрекеттенді. Сонымен, ОГПУ құпия саяси бөлімінің 1931 жылғы қазандағы «Қазақстаннан Қытайға эмиграция туралы» арнайы мәліметінде былай делінген:
"Қытай жерінде Қытайға қашқан қазақ зиялысы Аллен мен Алаш-Орда Мәрсеков басқарған контрреволюциялық Алаш-Орда ұйымы ұйымдастырылды. Олар Қытайда қазақ ұлтшыл мемлекетін құру міндетін қойды. Ал мұндай мемлекет құрудың басты мақсаты қазақ халқын Қазақстаннан Қытайға көшіріп алу болды. 1929 жылдың маусым айынан бастап қазақ ауылдарында Қытайға жаппай көшу туралы белсенді үгіт-насихат жүргізілді. Шекарадан өткенде көші-қонды ұйымдастыру және жасыру үшін арнайы қарулы бандалар жіберілді"
Бұл ақпараттағы қолданылған дереккөздер:
Казахстан в огне гражданской войны. Подготовлена Институтом истории партии при ЦК КП Казахстана, 1960. Тираж – 10 000 экз. – 470 с. және ЦГА КазССР. Ф. 1145, оп. 6, д. 89 -а, л. 14. Копия. Және «Дьявольский план физического истребления своих частей путем массовых убийств» документы консула СССР в Чугучаке Л.М. Гавро об анненковском терроре. УДК 94(47).084(093) ББК 63.3(2)612.8 Г 19. – 166 с.
Тағы айта өтетін нәрсе,қазіргі таңда көптеген қазақ жастары Тұрар Рұсқыловты "Әлиханға, Алашқа қарсы" деп айтады. Алайда Әлиханның ізінен Сталин түсіп, абақтыға жапқанда оны шығаруға ниеттеніп, хат жазған Тұрар Рұсқылов еді:
ҚОРЫТЫНДЫ
Алаш - Қазақ елінің мемлекет құру тәжірибесі мен мемлекетшілдік мүддесінің үзілмеген арқауы. Алаш- Қазақстанның «Мәңгі ел» ел мұратын саясат пен руханият тұрғысынан айқындаған, айшықтаған кезең атауы. Ұлт зиялыларының қажырлы еңбегі кеңестік мемлекеттік мекеменің негізін қалады. Кешегі Алаш идеясы – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік алғаннан кейін бұрын тыйым салынған – Алаш қозғалысы тақырыбы қазіргі таңда отандық тарихымыздың маңызды құрамдас бөлігі ретінде қайта зерттелуде. Алаш зиялыларының өмірі мен ісін мұқият зерттеп, олардың жетістіктерін бағалап, қателіктерінен сабақ алу, даналығын бағамдап, олар ашқан ақиқатты пайымдау қажет.
Алашорда қазақ тарихының ұмытылмас, ажырамас бір бөлігі. Алаш қозғалысы Ресейдің бодандығынан шығудағы жолдың алғашқы алтын қадамдардың бірі, себебі Алаш үкіметінің ықпалы қазір де байқалып жатыр. Қазіргі кездегі "Ұлт көсемі" атын жамылғандардың сол лауазымға жетуі осы Алаш қайраткерінің арқасында. Алаштан асқан идея жоқ, себебі бұл идея реалисттік идея, бұл дербес,ұлы мемлекет құру жолындағы асыл қазыналы идея. Алаштың сол кездегі бағытының өзі әлемдік нарыққа негізделген, бейбіт әрі мәңгі идея. Қазақтың жерінің бір түбін қалдырмай зерттеген - Алаш қайраткерлері, Алаш зиялылары. Біздің территориямыздың тұтастағын сақтаған, қазіргі Қазақстан мемлекеттінің іргетасын қалаған - Алаш көсемдері. Алаш деген сөздің һәммә қазақ халқының рухын оятты, білімге деген құштарлығын оятты. Біздің дінімізді, ата-тегімізбен ұлттылығымызды сақтап қалған - Алаш зиялылары. Біздің қазіргі оқып жүрген кітаптарымыз, романдарымыз, есеп-қисаптарымыздың негізін қалаған алаш қайраткерлері. Біздің сол кездегі одақ болып қалыптасуымыз, автономиялы болуымыз алаш қайраткерінің арқасында. Қазіргі қазақ коммунисттері "Алаш" идеясын коммунистік идеядан артық көреді, алайда қазақ коммунистері құрған қоғам - өздерін қуғынға ұшыратты, сондықтан олардың "Алаш" идеясын сүгулерінің еш мағынасы жоқ. Ел боламын десең бесігіңді түзе дейді атам қазақ. Алаш қайраткерлері бар өмірлерін қазаққа қызымет көрумен өткізді, тіпті сол үшін де қуғындалып, жапа шекті. "Қазаққа қалайда қызымет қылмай қоймаймын" деп қыр баласы Әлиханның айтқанын ұстаным қылған Алаш зиялыларының бәрі қазаққа қызымет қылды. Егер қазіргі Түркия мемлекеті Мұстафа Кемал Ататүрікті өздерінің "ұлт көшбасшысы" санаса, бізде Әлихан Бөкейхановты солай "көсем" санаймыз. Біз Алаш зиялыларын атамызды еске алғандай, еңіреп тұрып еске алуымыз керек, себебі дәл сол кісілер бізге жаны ашыған. Біз өз тарихымызды еш ұмытпауымыз қажет. Алаш идеясы асқақтай берсін!