February 6, 2020

Үшiншi күннiң тапсырмасы.

  1. Өзiңiздiң артықшылықтарыңызды 10 артықшылығыңызды жазыңызшы. Бiрнәрсенi мүмкiн басқа жандарға қарағанда жақсы iстейтiн боларсыз, мүмкiн мейiрiмдi боларсыз, нәзiк шығарсыз табыңыз. Адамды сондай сүйiспеншiлiкпен махаббатпен жаратқан Аллахым сiзге берген артықшылықтарды көрмей жүрген боларсыз. Ойланыңыз!
  2. Сiз Алланың сүйiп махаббатпен жаратқан пендесiсiз! Сiз бiреудiң әупiоiмдеп, алақанына салып еркелетiп өсiрген гүлiсiз, (СОЛМАҢЫЗ), Сiз анасыз! Сiз әлемдi бiр қолымен, бiр қолымен бесiк тербетiп отырған анасыз сiз бұл әлемдегi барлық жақсы дүниеге лайықсыз! Сiз өзiңiз сүйiп жейтiн асты жеуге лайықтысыз! Сiз өзiңiзге ұнайтын киiмдi киiп жүруге лайықты жансыз! Сiз бұл әлемде өзiңiздiң жалғыз нұсқаңызсыз! Сiз сияқты жан басқа жоқ! Сол үшiнде сiз лайықтысыз! Рахаттанып өмiр сүруге лайықтысыз! Сiздiң өмiрiңiз өткенiңiз емес, дәл бүгiнгi және ертеңгi күнiңiз! Ендi осы күннен бастап қалай өмiр сүресiз арғы жаққа солай аттанасыз! Өмiрiңiз өз қолыңызда! Бiреудiң сiздiң өмiрдi басқаруына жол бермеңiз! Өз өмiрiңiзге жауапкершiлiктi алыңыз!
  • Өзiңiз сүйiп жейтiн затты жасап, сатып алып рахаттанып жеп алыңыз!
  • Iш киiмдерiңiз қандай күйде барып қараңызшы! Iш киiмге де ақша қимайсыз ғой! Лақтырыңыз бәрiнде созылғанды, түсi оңғанды! Жап жаңа iш киiмдер алыңыз қымбатын алмасаңызда! Осы апта соңына дейiн өзгертiңiз бәрiн.
  • Сiз өзiңiзге қалай қарайсыз, айналаңызда турааа солай қарайды сiзге!
  • Салонға барып өзiңiзге ұнайтын процедуралар жасап келiңiз! Осы апта iшiнде. Мүмкiн сiзге баняға түскен рахат сыйлайтын шығар онда моншаға барып тынығып рахаттанып келiңiз.

3. Күнiге бес адамға комплимент айтыңыз. Осылай сiз адамның жақсы тұстарын көре бастайсыз!

Өмiр ғажап! Өмiр тамаша қыздар!

БАСҚАЛАРДЫ КIНӘЛӘП, ӨЗIҢIЗДI ЖАЗҒЫРУДЫ ҚОЙЫҢЫЗ!

ҚАНША ӨМIРIҢIЗ ӨКПЕ РЕНIШПЕН, ӨЗГЕНI ЖАЗҒЫРУМЕН ӨТТI!

БҮГIННЕН БАСТАП ӨЗ IШКI ҚАЛАУЫҢЫЗҒА МӘН БЕРIП ҮЙРЕНIҢIЗШI.

Бiрiншi өз қалауыңызды аласыз, өзiңiздi қанағаттандырасыз, сосын ғана балаға ойыншық, күйеуге нәски аласыз! Ок ма қыздар!

30 оңай iс әрекеттi жазып сызып тастауды жалғастырамыз! Бүгiн үшiншi күн жасап жүрген жоқ болсаңыз, бастаңыз онда сiзде бiрiншi күн болады

❗️Егерде қандай да бiр себептермен бiр күн жасамай қалсаңыз, қайтадан бiрiншi күннен бастайсыз. Бұл техника сiздi арман мақсатыңызға жеткiзбей қоймайды!