February 4, 2020

Алғашқы эфирдiң тапсырмаларын қабыл алыңыздар қыздар!

  1. Осы құпия бiлiм, өзгергiм келедi челенджiне келудегi ниетiңiздi дұрыстап ақ қағазға жазып шығыңыз.
  2. Өмiрiңiздiң дәл қазiргi сапасын мына суретке қарап, 1-10 балдық шкаламен өлшеп шынайы жауап жазып қойыңыз.
  • Алламен қарым қатынасыңыз қандай деңгейде, рухани байлығыңызға қанша балл бересiз
  • Өзiңiзбен қарым қатынасыңыз қандай деңгейде, бағаңыз. Денсаулығыңызға қаншалықты көңiл бөлесiз, дұрыс тамақтанып жүрсiз бе, денеңiзге дұрыс күтiм жасап жүрсiз бе, ерте жатып, ерте тұрып жүрсiз бе? Өз қалауыңызды жасап жүрсiз бе? Өзiңiзге көңiлiңiз тола ма?
  • Эмоциялық күйiңiз қандай деңгейде. Сiздiң жаныңыздағы адамдармен қарым қатынасыңызға қандай баға бересiз. Ата анаңызбен, күйiңiзбен, қайын жұртыңызбен, балаларыңызбен, құрбыларыңызбен қандай қарым қатынастасыз. Барлығының балансын ұстап жүрсiз бе? Жоқ әлде өкпе ренiш басым болып олармен дұрыс қарым қатынас жасай алмай жүрсiз бе? Ашу ыза бойыңызда жiбермей жүр ме? Дәл осы жағдайларға байланысты 1-10 балдық шкаламен баға берiңiз.
  • Материалдық жағдайыңыз қандай? Көңiлiңiз тола ма? Жұбайыңыз сiздi толық қамтамасыз етiп отыр ма? Жоқ болса, өзiңiздiң қажетiңiздi алуға сiз не iстеп жүрсiз? Не iстей аласыз? 1-10 оны бiзге көрсетпесеңiзде болады өзiңiз үшiн шынайы бағалап қойыңыз.

3.

Осы схемадан түйген ойыңыз! Тағдырды өзгерту үшiн қандай ойларыңызды өзгерту керек екенсiз. Сiздiң дәл қазiргi ойларыңыз.