February 24, 2023

100$ ға қандай криптовалюта сатып алуға болады? 🤔

💸 Сізде 100$ бар деп елестетейік. Ол ақшаға криптовалюта сатып алып өзіңіздің жеке криптопортфель жасағыңыз келеді. Бірақ қандай токендерді алу керектігін білмейсіз.

Осы постта сіздің орныңызға анализ жасап жобаларды қарастырып шықтым. Әр қайсысын 10$ ға сатып аламыз.

Бұл жерде 10 жоба жиналған. Әр қайсысы әр бағытта және де блокчейннің әр түрлі проблемаларын шешеді.

📄 Ескере кететін жайт: бұл сіздің соңғы ақшаңыз болмауы тиіс. Себебі өмірде әртүрлі жағдайлар болады. Мысалға: қарапайым бір затты міндетті түрде алу керек болса, осы ақшаңыз есіңізге түсіп оны шығарып аласыз. Сол үшінде ұзақ уақыт ұстауға болатын суммаға алған дұрыс деп есептеймін.

AAVE - әртүрлі криптовалюталарды несиеге/қарызға беретін платформа. Бұл қалай жұмыс істейді? Мысалға: сізге жедел түрде қаражат керек болып тұр. Ал ол қаражат сізде криптовалютада жатыр. Сіз оны әртүрлі себептермен сатқыңыз келмейді. Өйткені бағасы тиімсіз, немесе басқада себептер. АAVE протоколына ақшаңызды салып 0,5 btc ға дейін қарызға ала аласыз. Кейін осы сумманы қайтарып, үстіндегі комиссияны төлейсіз. Өте ыңғайлы. Іс-шараларға қатысу үшін стейбл керек болса осы сайтты қолданамын.

Бірақ бұл токенді сатып алудың басты себебі ол емес. Жуырда Aave командасының жобасы Lens protocol нарыққа шығады. Ал бұл дегеніміз AAVE токенінің бағасының өсуіне алып келуі мүмкін. Кәзіргі бағасы 85$. Менің ойымша “бычка” басталса х2-х3 жасау бұл токенге қиынға соқпайды.

Illuvium ( ILV) - бұл Эфириум жүйесіндегі ААА (трипл Эй) ойыны. НФТ және жер телімін алып сатып пайда табуға болады. Криптовалюта әлеміндегі Classh of clans десе де болады. Біз бұл жоба туралы мына постта талқылаған болатынбыз . Жәнеде 37$ кезінде сатып алуды кеңес бергенмін. Қазір нарықьағы бағасы 75$ шамасында. 50-55$ ға бағасы түскен жағдайда өзімнің портфеліме қосуға тырысамын. Бұл жоба әлі күнге дейін тест режимінде ғана бар. Әзірше жаңалықтар күтеміз. Менің ойымша ойын толықтай шықса 200$ ды күтуге болады.

BItcoin және Etherium - бұл екі токен барлық портфельде міндетті түрде болуы тиіс. Менімен көбісі келіседі деп үміттенемін. Инвестордың басты мақсаты салынған ақшаны сақтап қалу. Ал бұл екеуі осыны дәлелдеп келеді. Он , он долларға алып қойған дұрыс.

Trust Wallet (TWT),SafePal (SFP)- бұл децентрализацияланған криптоәмияндар. Осы жыл крипто-әмияндардың жылы деп есептеймін. Себебі FTX, Celcius сияқты биржалардың скамынан кейін қолданушылар биржалардан қаша бастады. Ал осы екеуі әмияндар сайысында жеңіп шығады деген нық сенімдемін.

Safepal өзінің әмиянында көп іс-шаралар өткізеді. Мені тойдырып жүрген әмиян деседе болады.

Ал Trust wallet қаншалықты “зашиленный” болсада менің ТОП-ымда ол бар. Осыдан 2 жыл бұрын 1000 TWT тегін бергесін бе, білмеймін, әйтеуір өзіме қатты ұнайды. Бағасы 5$ болғанын күтіп сату туралы сол кезде ойланамын.

1inch Network (1INCH)- үздік 5-тікке кіретін DEX агрегатор. DEX биржалары арасындағы ең тиімді курсты көрсетеді. Бұл агрегатордың криптоәмияны да бар. Р2Р де бар. Жуырда аппаратный кошелек шығарады. Мен үшін 💎. Қазіргі бағасы 0.6$ . Портфельде жинап бастауға керемет баға.

Sandbox (SAND)- бұл ойын туралы бізде көп пост болған. Мысалы: 1 , 2 , 3 . Ойын туралы көп айтудың қажеті жоқ. Тек біздің посттарды оқып шықсаңыз түсінесіз. Қазіргі бағасы 0.7$ менің жинай бастайтын бағам 0.5$~0,6 $.

Uniswap (UNI) - айналым бойынша бірінші орында тұрған DEX биржа. Бұл жерде көптеген желілер бар. Өте ыңғайлы және транзакциялары тез. Қазіргі бағасы 6$ . Бірақ өтіп кеткен булран кезінде 40$ ға дейін барған. Менің ойымша бұл бағаны қайталау оған оңайға түседі.

Әрине бұл тек менің ойым. Келісу/келіспеу өз шешіміңіз.👀

ҚАРЖЫЛЫҚ КЕҢЕС ЕМЕС!

Толықтай оқып шыққаныңызға рахмет. Егер пост ұнаса лүпіл басып немесе реакция қалдырып кетіңіз. Қош сау болыңыз.❤️

530 теңге каналы | чат