SandBox-та ферма жасап 100$ табамыз - Толық Гайд
Сәлем, менің есімім Рустам. Бұл мақалада SandBox метавселеннаясындағы February festival іс-шарасына қатысамыз. Тек қатысып қоймай, одан барынша көп ақша жасауға тырысамыз. Бұл жерде SandBox-те қалай ферма жасауға болатыны туралы жазып шықтым. Нұсқаулықты қолданып , компьютерлік ойын ойнап табыс табыңыз.
Басталмас бұрын біздің телеграм каналға тіркеліп кетіңіз (егерде әлі жазылмаған болсаңыз) https://t.me/tengecurrency .
530 теңге- Криптовалютадан және NFT-ден табыс табуды үйрететін авторлық канал. Ауыз екі тілде және бәрі Қазақша .
YouTube : https://youtube.com/@530tenge
SandBox-та инвестициясыз бір сағат ойын ойнап 10$ аламыз.
SandBox кез келген пайдаланушыға инвестициясыз ақша табуға мүмкіндік беретін тағы бір маңызды іс-шара өткізіп жатыр.
February festival іс-шарасына қатысып Sand токенін аламыз. Жалпы бұл шараға бөлінген ақша: 1 миллион SAND ( 700 мың доллар ). 500 мың SAND токені NFT және жер телімі бар ойыншыларға бөлінген.
Менің есебім бойынша 1 қатысушыға 10$ шамасында түседі. Ферма жасап 100 есеге дейін өз табысыңды көбейтуге болады. Іс-шара 7 мартқа дейін өткізіледі. Ферманы үлкейтіп үлгересіз.
Ол үшін не керек?
Antidet браузері - бұл программа біздің браузеріміздің IP адресін өзгертіп, біздің фермамыз бар екенін дәлелдеп және күдіктенбес үшін керек. Бұл программа біздің басты жұмыс орнымыз. Себебі ферманы осында тіркеп және басқарып отырамыз.
Прокси - қарапайым сөзбен айтқанда, разработчиктер біздің бір IP адрестен жүз аккаунтқа кіріп отырғанымызды білмеуі тиіс. Прокси қолданбай ферма жасауға болмайды. Себебі бан алу мүмкіндігі өте жоғары. 1 аккаунтқа 1 прокси сатып аламыз.
Twitter аккаунт - бұл бізге ретвит жасау үшін қажет болады, сонымен қатар біз SandBox-те Твиттер пошталары арқылы тіркелеміз.
KYC - егер ферма үлкен болса, онда біз верификация өткен аккаунттарды сатып алуымыз керек. Біз ОТС-те осындай аккаунттарды сататын адамдардан сатып аламыз.
Воркер(Жұмысшы) - біздің орнымызға SandBox ойнайтын және тапсырмаларды орындайтын адам. Егер сізде өте үлкен ферма болса, онда сізге мұндай адамдар міндетті түрде қажет болады, біз оларды OTC-те іздейміз.
Антидетект браузер қолданамыз
Мен долфин қолданамын. Сіз басқа антидетект қолдансаңыз болады. Мысалы: Adspower, Incogniton, octo Browser.
Dolphin де 10 профильге дейін тегін қолдануға болады. Ал 100 профильге дейін керек болса 89$ төлеу керек.
Долфинде тіркеліп оның программасын компьютеріңізге жүктеп алыңыз.
Прокси сатып аламыз
Проксиді алған кезде 1-2 ай ға алу керек. Себебі осы уақыттың ішінде SandBox біздің табысымызды аккаунтқа жіберуі тиіс. Менен сізге кеңес: проксиді бір айға алыңыз, осы уақыттың ішінде марапат келмесе оны создыруға болады. Осылайша біз проксиге аз ақша жұмсаймыз.
Бізге жеке IPV4 проксилері қажет болады, кез келген елді таңдауға болады
Проксиді сататын арнайы сайттарда сатып алу керек. Ең жақсы прокси қызметтерінің тізімі:
Өзіңізге ыңғайлысын таңдап, сосын, ол жерден прокси сатып алыңыз. Не құрлым көп алсаңыз соғұрлым арзанырақ болады. Мен Proxy market қолданамын. 1 проксидің құны 0,46$ шықты.
Прокси сіздің поштаңызға келеді. Оны бір жерге сақтап қойыңыз. Себебі ол бізге алдағы уақытта керек болады.
Енді Dolphin "настройки" бөдімінде, профильдерді жасап, оларға проксилерді байланыстырайық.
Dolphin браузерін қосыңыз, аккаунтыңызға кіріңіз. Прокси бөліміне өтіп, қосу түймесін басыңыз.
Сақтап қойған барлық проксилерді осы терезеге тізім бойынша тіркеңіз және қосу түймесін басыңыз
барлық проксиді белгілеп қосылымды тексеріңіз
Бәрі дұрыс болса "рабочий" деген белгі шығу керек. Ал егерде бір қате пайда болса магазинге барып поддержкага жазасыз. Басқасына ауыстырып беруі тиіс.
Енді барлық браузерлерімізге MetaMask-ты дайындаймыз, ол үшін «Расширения» бөліміне өтіп, «Добавить» түймесін басыңыз.
Бұл жерде Chrome Web Store дүкеніндегі MetaMask сілтемесін енгізу қажет.
«Общая для всей команды» – ойындағы тапсырмаларды орындайтын воркерлерге сіздің орныңызға кіруге мүмкіндік береді.
Біз MetaMask-ті болашақ фермамыздың барлық браузерлеріне орнаттық.
Енді ферма профилін жасайық. Браузерлер бөліміне өтіп, + түймесін басыңыз
Мен мысал үшін 10 аккаунт жасаймын. Төмендегі скриншоттағыдай барлық параметрлерді жазып шығыңыз:
Создать батырмасын басыңыз, үш нүктені басып профильді көшіріңіз
Енді біз әр профильге прокси тағайындаймыз, сызықшаны басып, бір аккаунтқа бір IP таңдаңыз. Бірнеше аккаунтқа бір проксиді қоймаңыз!
Енді бірден SandBox веб-сайтына және Twitter-ге бетбелгі қоямыз, ол үшін Закладки бөліміне өтіп, SandBox және Twitter-дің сілтемелерін қосыңыз.
Поштасы бар Twitter аккаунттарды сатып алу
Twitter аккаунттарын сатып алу үшін бізге оларды сататын арнайы сайт қажет. Оны сатып алу үшін AccsMarket немесе DarkStore қолданыңыз.
Мен 0.39$ төлеп жақсы твиттер аккаунтар сатып алдым. Неге қымбат деп сұрасаңыз: себебі бұл аккаунттар блокқа түспейтініне сенімдімін.
Аккаунт сатып алған кезде куки мен алған дұрыс. Ол сатылым бетінде көрсетілген.
Енді осы кукиді импортировать ету керек. Sand 1 аккаунтына сатып алған твиттер аккаунтының кукиын біріктіріңіз. Қай аккаунтқа қайсы твиттерді біріктіргеніңізді бір жірге жазып алыңыз. Cookie файлдарын импорттау үшін қос нүктеден кейінгі барлық мәтінді тең белгісіне дейін көшіріңіз (жоғарыдағы скриншоттағыдай). Содан кейін профильдер бетіндегі Дельфин бөліміне өтіп, эллипсті басып, cookie файлдарын импорттаңыз
Барлық аккаунтқа осыны жасап шығыңыз. Келесі : Sandbox аккаунттарын және жаңа әмиян ашамыз.
Жаңа әмиян ашу және SandBox арқылы тіркелу
Енді «Запуск» батырмасын басып бірінші ферманы қосамыз.
Жаңа бетте браузер ашылады, онда сізге MetaMask әмиянын жасау керек, мұны жасаңыз және барлық деректерді жазып қойңыз, SEED-PHRASE және әмиянның адресін жазып алуды ұмытпаңыз.
Келесі SandBox сайтында тіркелеміз. Воркер жалдайтын болсаңыз ойыңызға келген почтаға тіркеліп, воркер өз жұмысын тапсырған кезде өзгертсеңіз болады. SandBox почтаны тексермейді, ауыстырған кездеде ескі почтада дәлелдеу қажет емес.
Ал егерде бәрін өзіңіз жасаймын десеңіз, ол кезде өзіңіз ашқан почтаға тіркеліңіз. Барлық почтаны бір ІР мен жұмыс жасауға болады. Бұл үшін блокқа түспейді.
Енді сізге KYC өту керек, ол үшін біз "настройки" өтіп, KYC арқылы өтеміз.
Бірінші нұсқадан бастайық - таныстардың атынан тіркелу
Бұл жаңадан бастағандар мен фермалар үшін арзан және ең тиімді әдіс.
Енді KYC процесін бастаймыз. Осы сілтемені көшіріп алыңыз (мысалы: "https://verify.synaps.io/handoff?sessio......"), одан "handoff" деген жазуды алып тастаңыз, содан кейін біз бұл сілтемені басқаларға жібере аламыз. Танысыңыз телефонынан KYC өтуі тиіс. Сізге KYC процесін растап, нәтижесін күту керек. KYC аяқталғаннан кейін тапсырмаларды орындау кезеңіне өтуге болады.
Екінші нұсқа - KYC сатып алу
Бұл жағдайдада дәл солай. Біз сілтемені көшіреміз, тек біз оны бізге KYC қызметін сататын адамға береміз. Бұл жағдайда бірден барлық аккаунтқа KYC сатып алу үшін фермаңыздағы барлық сілтемелерді алдын ала көшіріп алған дұрыс.
KYC қайдан сатып алуға болады? OTC тен сатып аласыз.
OTC - бұл пайдаланушылар бір-біріне тікелей немесе кепілгер арқылы бірдеңе сататын нарық. Кепілгер(гарант) – делдал ретінде әрекет ететін және мәміленің адалдығына кепілдік беретін тұлға. Тексерілген ОТС тізімі: ICOBOG, EnjoyOTC.
Біздің міндетіміз - сатушымен байланысу және кепілгер арқылы сатып алу.
ОТС-те сатушыны тауып оған былай жазуға болады: Маған Sandbox-қа 100 КҮС керек. Оптом бағасы қанша болады?
Содан кейін мен онымен келісім бойынша келіссөздер жүргіземін. Біз OTC кепілгері арқылы баға мен ұсыныс жұмысын талқылаймыз. Сондай-ақ KYC қай елдерден екенін сұраймыз. Қазақстанды, Украинаны және басқа да сенім білдірген елдерді алған дұрыс, бірақ бұл сәл қымбатырақ болады. Үндістан ең арзан болады және бірақ тәуекел жоғары. Кез келген уақытта марапатты кесіп тастауы мүмкін.
Орташа алғанда, баға 2-5 доллар аралығында - неғұрлым қымбат болса, соғұрлым жақсы. Бір аккаунтұа орташа есеппен $3,5 шығын кетеді.
Әрі қарай, біз кепілгермен байланысамыз, мәміле мен шарттар туралы жазамыз, содан кейін кепілгер сізбен және сатушымен чат ашады. Кепілгердің айтқандарын орындап КҮС-ті өзімізге аламыз.
Тапсырмаларды орындау және жұмысшыны жалдау
- Тапсырмаларды өзіміз орындай аламыз (шағын фермаларға дұрысы осы жол)
- Біздің орнымызға ойын ойнайтын жұмысшыны жалдай аламыз
Әр нұсқаны бөлек талдап көрейік.
Тапсырмаларды өзіміз өтеміз
Бұл үшін бізге жесткий дисктің деректерін өзгертетін программа қажет, бұл разработчиктер ферманы бір компьютерден өтіп жатқанымызды білдірмеу үшін қажет!
Hard Disk Serial Number Changer жүктеп алыңыз
Программаны ашамыз, мұнда біз бірінші дискіні таңдаймыз, мен «C» дискісін таңдадым, содан кейін оған атау беру керек ,мүлдем кездейсоқ санды қолмен енгіземіз. Содан соң өзгерту түймесін басыңыз.
Маңызды! Біз бұл комбинацияны біз ойнайтын есептік жазбаға мәңгілікке байланыстырамыз! Еңгізген мағлұматты келесі форматта өзіңізге жазып алыңыз: ACCOUNT 1 - DISC NUMBER
Тапсырманы орындау үшін , біз алдымен қажетті сериялық нөмірді қосамыз, содан кейін компьютерді өшіріп қайта қосу керек, содан соң біз Dolphin арқылы SandBox веб-сайтына кіріп, картаны қосамыз!
ДИСК НӨМЕРІН ӨЗГЕРГЕТКЕННЕН КЕЙІН КОМП. ӨШІРІП ҚОСУ – МІНДЕТТІ ТҮРДЕ! ТЕК ОСЫДАН КЕЙІН ОЙЫНҒА КІРЕМІЗ!!!
Барлығы осы, содан кейін біз бүкіл фермамыздағы тапсырмаларды бір-бірден өткіземіз.
Тапсырмаларды орындау үшін жұмысшыны жалдау
Ең алдымен жұмысшы табу керек. Бұл оңай - OTC-тен табасыз! Біз осындай жұмыс атқаратын және сізге ең қолайлы адамдардың жарнамасын іздейміз. Біз 0-ден 5 долларға дейін төлейміз, содан кейін келісім бойынша.
Айтпақшы, егер сіз SandBox ойнынан қосымша ақша тапқыңыз келсе, сіз сол жұмысшы ретінде жұмыс жасай аласыз, шын мәнінде, фермер алатындай пайда табудың өте ыңғайлы жолы.
Маңызды! Бұл жерде сізге кепілгер қажет емес! Сіз жай ғана адамды тауып , оған бір тапсырма бересіз, оның жұмысын тексересіз. Осылайша, аккаунттан кейін аккаунт, біраз уақыттан кейін сіз жұмысшылар базасын жасап аласыз.
Бірақ, әрине, таныстарыңыз, достарыңыз немесе туыстарыңыз арқылы мектеп оқушыларын тауып алу мүмкіндігіңіз болса, ең жақын мектептен жұмысшылар іздегеніңіз дұрыс. Ондағы жігіттер аз ақшаға ойнап береды және ақшаға құнықпаған! Себебі олар мұны күні бойы тегін жасап жүр. Ал сіз ақша төлейсіз. Сіз олар үшін P2E сияықтысыз :)
Воркермен қалай жұмыс істейміз?
Ең алдымен, біз жұмысшының поштасын сұраймыз және оған Dolphin профилінде рұқсат береміз (бұл пошта бұрын Dolphin-де тіркелмеген болуы тиіс ). Ол үшін «Пользователи» бөліміне өтіп, + түймесін басыңыз
Біз жұмысшының поштасын еңгіземіз және оған парольді өзіміз ойлап табамыз. Осы деректерге сәйкес, ол Дельфинге кіреді. Айтпақшы, иә, біз жұмысшыдан Дельфинді орнатуды сұраймыз.
Әрі қарай, профильдер бөліміне өтіп, жұмысшыға жібергіміз келетін аккаунтты таңдаңыз. Төменде Передать түймесін басыңыз.
Мұнда жұмысшы үшін жасалған аккаунтты таңдап, бөлісу түймесін басыңыз.
Әрі қарай, жұмысшыға сіз берген деректерді пайдаланып Дельфинге кіру жеткілікті, ал Браузерлер бөлімінде ол ферма аккаунтын көреді.
Әрі қарай, жұмысшы жесткий диск нөмірін өзгерту үшін Hard Disk Serial Number Changer программасын орнатуы керек.
Сіз воркерге диск деректерін бересіз (есіңізде болсын, біз деректерді өзіміз ойлап таптық), содан кейін компьютерді өшіріп қосуы тиіс, тек содан соң тапсырмалар орындалатын аккаунтқа Dolphin браузер арқылы кіреді.
Жұмысшыға қандай диск нөмірін бергеніңізді және ол қандай аккаунттан ойнайтынын есте сақтаңыз! Бұл диск нөмірі осы аккаунтқа тұрақты түрде байланыстырылған және ешқашан ойынға басқа дискіден кірмеңіз!
Содан кейін жұмысшыға SandBox аккаунтының логин мен құпия сөзін бересіз. Аккаунтты тіркеген кезде мен сізге жалған пошта жасауға кеңес бергенім есіңізде деп ойлаймын. Воркер барлық тапсырмаларды орындағаннан кейін поштаны өзіңіздікіне өзгертіңіз, бұл воркер аккаунтқа кіре алмау үшін керек.
Осылайша, біз деректерді жұмысшыға береміз және ол SandBox веб-сайтына кіреді. Содан кейін ол тапсырмалар бетіне өтіп, қарапайым пайдаланушы ретінде қажетті картадағы Play түймесін басу арқылы тапсырмаларды орындауға кіріседі. Ол ойынды ашып, оған тағы бір рет кіру керек, содан кейін тапсырмаларды орындауды бастауға болады.
Жұмысшы барлық тапсырмаларды орындағаннан кейін ол сізге есеп беруі керек. Сіз оның браузеріне кіріп, атқарылған жұмысты тексеріңіз - оған ақша төлеңіз, шоттағы деректерді өзгертіңіз және Дельфинге кіру мүмкіндігін алып тастаңыз.
Болды, барлық жұмыс осы, содан кейін : ретвит және басқа да ұсақ-түйектерді жасаңыз, барлық тапсырмалардың орындалғанына көз жеткізіңіз, марапаттар туралы ақпаратты күтіп, таза ар-ұжданмен ферманы жабыңыз.
СОҢҒЫ ҚАДАМ! Твиттерде ретвиттеу
Енді біз сіз аяқтаған науқанның бетіне өтіп, нұсқаулықты басып (жасыл түске боялуы үшін) және тапсырмалардың орындалғанына көз жеткізуіміз керек.
Содан кейін Twitter-дегі соңғы квестті Tweet түймесін басып, жазба жасап, содан кейін Status түймесін басу арқылы орындаңыз.
Сыйлықтар келгенде абай болыңыз!
Маңызды ! Сыйлықтар фермаға келгенде, әмияндардың бір-бірімен байланысына жол бермеу керек. Сыйлықты алу үшін сізге газге $ETH немесе $MATIC қажет болады. Бұл жағдайда газға ақшаны кез келген крипто-биржа арқылы әрбір адреске бөлек жіберген дұрыс, сондықтан бүкіл ферма бір әмияннан газ токендерін алды деп күдіктенбейсіз.
Сыйақыларды жинаған кездеде - оларды әртүрлі әмияндарға мұқият жіберіңіз, барлығын мүмкіндігінше шатастыруға тырысыңыз және бір әмиянға жібермеңіз.
Осымен бітті. Мақала қызық және пайдалы болса біздің телеграмға тіркел: https://t.me/tengecurrency .
Түсінбеген жерлеріңізді біздің чатта сүрай аласыз: https://t.me/tengecurrencychat