BYBIT БИРЖАСЫНДА Р2Р ҚАЛАЙ ҚОЛДАНУ КЕРЕК? КРИПТОВАЛЮТАНЫ ҚАЛАЙ САТЫП АЛУҒА БОЛАДЫ ? ТОЛЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ
Сәлем, менің есімім Рустам. Бұл мақалада Bybit криптобиржасында Р2Р ді қалай қолданып сол арқылы криптовалюта қалай сатып алуға болатынын айтып өтетін боламын. Бұл мақаланың видео нұсқасын көру үшін төмендегі сілтемені қолданыңыз: https://www.youtube.com/watch?v=bpexpVz6cUo
Бұл мақала арқылы сіз Р2Р де қалай USDT немесе басқа криптовалюталарды қалай сатып алуға немесе сатуға болатынын , өз ордеріңізді қойып қалай контрагент болуға болатынын. Және арбитраж арқылы қалай ақша табуға болатыны туралы білетін боласыз. Bybit биржасында тіркелмеген болсаңыз осы сілтеме арқылы өтіңіз. Сілтеме арқылы өтіп 30 мың долларға дейін бонус алуыңызға болады. Ал егерде Р2Р туралы толық білгіңіз келсе , оның минустарын, немесе одан қалай ақша табуға болатынын , қандай Р2Р платформада жұмыс жасауға болатынын , Арбитраж арқылы қалай табыс табуға болатыны туралы толығырақ білгіңіз келсе коментарийға жазып кетіңіз. Келесі видеода осы тақырыпты қозғайтын боламыз. Өткізіп алмау үшін каналға тіркеліп , коңырау түймесін басып кетіңз.
Ал егерде криптовалютадан қалай табыс табуға болатынын білгіңіз келсе біздің телеграмға жазылып кетіңіз. Біз ол жерде криптовалютадағы табыс табу жолын талқылаймыз .
Р2Р - дегеніміз бұл қауіпсіз peer to peer , яғни екі адам арасындағы сауда айналымы. Мысалға Алматы қаласындағы Рустам , Ақтобе қаласындағы Мараттан ортаға банкті арластырмай криптовалютаны сатып алғысы келеді . Ол үшін ол Байбит биржасына барып Мараттың ордерін, яғни криптовалютаны сату туралы хабарландыруын іздеп табамыз. Содан соң сізге керек сумманы жазып Мараттың криптовалютасын сатып аламыз. Бұл жерде Байбит биржасы гарант болады. Яғни осы мәміленің қауіпсіз өтуіне байбит жауапты.
Әзірше байбит биржасында Р2Р сделкалары үшін комиссия жоқ. Бұл дегеніміз биржаға депозит жасаудың ең тиімді жолы.
Тейкер - бұл P2P платформасында криптовалютаны сатып алатын немесе сататын пайдаланушы. Яғни платформада тұрған ордерді сатып алатын адам.
Мейкер - бұл сатып алу және сату хабарландыруларын жариялайтын пайдаланушы. Яғни платформада өз ордерін қою арқылы сатып алатын немесе сататын адам.
Фиат - бұл өізіміз күнделікті қолданатын ақша, яғни теңге , доллар , рубль деген сияқты валюталар.
Bybit биржасында Р2Р мен жұмыс жасау үшін сізге КҮС , яғни құжатыңызды растау қажет. Жұмыс жасауға КҮС дің 1-ші деңгейі жеткілікті.
Р2Р бөліміне өту үшін жоғарғы сол жақтағы бұрышта Купить криптовалюту –>> P2P торговля батырмаларын басыңыз.
Сатып алулар бетінде сома, фиат валюталары немесе төлем әдістері бойынша қажетті критерийлерді өзгертуге болады. Менің сізге кеңесім биржаға депозит жасау үшін тек USDT ді қолданыңыз. Сол кезде сіз ең тиімді курспен сатып аласыз. Ал сізге керек криптовалютаны сатып алу үшін биржаның өзін қолданыңыз.
Өзіңізге ұнаған сатушыны таңдап Купить USDT батырмасын басыңыз.
жұмсағыңыз келетін фиат валютасының сомасын немесе сатып алғыңыз келетін монеталардың санын енгізіңіз. Сатып алу түймесін басыңыз.
Келесі бетте сіз ақшаңызды сатушының банктік шотына аударуыңыз қажет. Ол үшін сізге 15 минут уақыт беріледі. Ескерту: Төлем жасамас бұрын барлық тапсырыс мәліметтерінің дұрыс екеніне көз жеткізіңіз.
ақшаны жібергеннен кейін бірден Платёж выполнен түймесін басыңыз.
Егер сатушы 10 минуттан кейін токендерді жібермеген болса, онда сіз «Апелляция» түймесін бассаңыз болады, сонда Байбит қолдау көрсету тобы сізбен байланысады.
Сатып алған монеталарды сатушы жібергеннен кейін, алынған монеталар туралы ақпаратты, сондай-ақ сатып алу тарихыңызды көру үшін «Активтерді тексеру» түймесін басуға болады. Сондай-ақ, барлық ордерді Тапсырыстар архивінен көруге болады.
Сіз сатып алған USDT арқылы басқа криптовалюталарды сатып алу үшін Funding бөлімінен Спот бөліміне токендерді көшіру керек. Ол үшін трансфер батырмасын басып Funding бөлімінен спот бөліміне жаңағы келіп түскен USDT лерді аудару керек. Сумманы жазып confirm батырмасын басыңыз.
Енді сіз Спот бөліміндегі токендер арқылы кез келген криптовалютаны сатып ала аласыз. Ол үшін трэйд бөліміне өтіп өзіңізге керек криптовалютаны таңдаңыз.
Криптовалютаны теңгеге айырбастау
Ол үшін Р2Р бөліміне өтіп Продать бетіне өтеміз. Өзіңізге ыңғайлы сатушыны таңдап Продать USDT батырмасын басыңыз.
Сату бөлімінде дәл ме дәл сатып алу бөліміндегідей сома, фиат валюталары немесе төлем әдістері бойынша қажетті критерийлерді өзгертуге болады.
Өзіңізге ұнаған сатушыны таңдап Продать USDT батырмасын басыңыз.
Сатқыңыз келетін USDT сомасын немесе өзіңізге керек фиат валютасының сомасын енгізіңіз. Сату түймесін басыңыз.
Келесі бетте сіздің банктік шотыңызға сатып алушы ақшаны аударғанын күту қажет. Ол үшін сатып алушыға 15 минут уақыт беріледі. Тағы бір рет ескертіп өтейін : толық сумма карточкаңызға түспей тұрып ешқашанда растау батырмасын баспаңыз. Оның аты жөнін тексеріңіз. Және келіп түскен сумманы да тексеріңіз. Егерде толық сумма түспеген жағдайда сізге техникалық көмек бөліміне жазу керек.
Сатып алушыдан төлемді алғаннан кейін бірден сатып алушыға монетаны жіберу үшін Отправить түймесін басыңыз.
Транзакция орындалмаған жағдайда не істеу керек?
1) Сатып алушы 15 минут ішінде төлем жасамады және ордер автоматты түрде жойылды. Бұл жағдайда P2P платформасында сақталған монеталар автоматты түрде спот шотыңызға қайтарылады.
2) Төлем жасалғаны туралы хабарлама алсаңыз, бірақ 10 минут ішінде ақшаңыз банк шотыңызға түспесе, «Апелляцияға беру» түймесін бассаңыз болады, сонда Байбит қолдау көрсету тобы сізбен байланысады.
Bybit биржасындағы P2P ді қодану қауіпсіз бе?
Сіз сатып алу батырмасын басқаннан кейін криптовалютаның көрсетілген сомасы P2P платформасында сақталады. Яғни Bybit биржасы ол токендерді өзінің счетына аударады. Егер сатушы төлемді алғаннан кейін 10 минут ішінде монеталарды жібермесе, онда платформаның қолдау көрсету тобы тексеруден кейін монеталарды сатып алушыға автоматты түрде жібере алады.
Bybit платформасында P2P де сатып алушылар мен сатушылар үшін транзакциялық комиссиялар нөлге тең. Осылайша біз комиссияға шығындалмаймыз. Дебеттік карталар, несие карталары, қолма-қол ақша және т.б. жолдары арқылы сіз төлем жасай аласыз. Биржада 80-нен астам төлем әдістерін қолдануға болады.
Егерде видео пайдалы болса каналға тіркеліп кетіңіз. Жәнеде видеоны қолдап лайк және коммент қалдырыңыз. Естеріңізге сала кетейін 30 мың доллар бонус алу үшін төмендегі сілтемені қолданып трікеліңіз.