February 6, 2019

Тұлғалық даму дегеніміз не?

Армысың! Тұлғалық даму туралы айтпас бұрын, тұлғалық дамуға кіріспе бере кетсем.Тұлғалық даму деген бір адамның тұлға болып қалыптасу екенін айтпасам да, білесіз. Ал тұлға дегеніміз кім сонда?Тұлға дегеніміз – өз кемшіліктерімен күресіп,соларды жеңіп бір жетіске жеткен адам.

Сонда тұлғалық даму дегеніміз - өзіңмен күресу.Бұл өмір күрес.Күресе білмесең күн көре алмайсың.Бұл күрес жолында сенің көп нәрсе құрбан етуіңе тура келеді.Құрбандықсыз жеңіс жоқ екені әлімсақтан белгі дүние. Жеңіс жолында сіз құрбан ететін құрбандықтар мыналар болмақ;

  • Еріншектік
  • Жалқаулық
  • Ұйқы
  • Нәпсі
  • Босқа уақыт өткізу
  • Сылтау және т.б.

Сенің құрбандыққа шалатын да, сенің басты жауларың да, осылар болмақ.Ал, сен осыларды құрбан етуге және солармен жан аямай соңғы демің қалғанша күресуге дайынсың ба?