December 11, 2021

Жиі қойылатын сұрақтар

Бастапқы бірыңғай төлем құжатын жоғалтып алғандықтан қайтадан алу мүмкіндігім бар ма?

Ол үшін Сіз «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-іне келуіңіз қажет немесе Telegram-бот және WhatsApp-бот қосымшалары арқылы электронды төлем құжатын алуға болады.

Жақында пәтер сатып алдым. Төлем құжаты менің атыма келуі үшін қайда баруым керек? Ол үшін қандай құжаттар қажет?

Егер сіз пәтер сатып алсаңыз, меншік иесінің құқығы тіркелген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде дербес шотыңызды өзіңізге қайта рәсімдеуіңіз қажет.
Ол үшін «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-не жазбаша өтінішпен жүгініп, келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) жеке куәлігінің көшірмесі;
2) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтама немесе мемлекеттік тіркеу туралы хабарламасымен бірге сатып алу-сату шартының көшірмесі;
Егер Сіз тұтынылған электр энергиясы үшін сараланған тариф бойынша төлем жасағыңыз келсе, онда тіркелген тұлғалар туралы ақпараты бар тағы бір құжат қажет, атап айтқанда:
3) жылжымайтын мүлік объектісінде «тіркелген тұлғалар туралы мәліметтер» ақпараты (egov.kz порталы бойынша)

Мен пәтердің иесімін. Пәтерге электр энергиясын беруді ресми түрде уақытша тоқтатқым келеді. Қандай құжаттармен қайда баруым керек және мұндай өтініш қаншалықты тез орындалады?

Электр энергиясын өшіру мәселесі бойынша «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-іне меншік иесінің жеке куәлігінің көшірмесімен барып, өтініш жазу қажет.
Электрмен жабдықтауды ажыратуға өтінім энергия беруші ұйымға «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-іне жіберіледі. Электрмен жабдықтауды ажырату/ қосу «ОЖТ» ЖШС-і қызметкерлерімен 2-3 жұмыс күн ішінде орындалады.

Тұратын адамдардың саны туралы ақпаратты өзгерту үшін не істеу керек?

Электрмен жабдықтау объектісінің меншік иесі тұратындардың санын өзгерту үшін «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-і келіп келесі құжаттардың көшірмелерін ұсынуы қажет.
1) жеке куәлігі;
2) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтама немесе мемлекеттік тіркеу туралы хабарламасымен бірге сатып алу-сату шарты;
3) жылжымайтын мүлік объектісінде «тіркелген тұлғалар туралы мәліметтер» ақпараты (egov.kz порталы бойынша);

Мен тұтынылған электроэнергиясы үшін үнемі уақыттылы төлеймін. 1 жылға есептеу және төлем туралы ақпарат алғым келген еді. Маған бас тартты, өйткені мен пәтер иесі емеспін. Неге?

ҚР 21.05.13ж. № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының бұзылуын болдырмау үшін, ақпарат алуға менеджерлерге жүгінген кезде келесі құжаттардың көшірмелерін ұсынуыңыз қажет
- егер Сіз меншік иесі болсаңыз – жеке куәлігіңіз;
- егер сіз мекен-жайға тіркелген болсаңыз, бірақ меншік иесі болмасаңыз – жылжымайтын мүлік объектісінде «тіркелген тұлғалар туралы мәліметтер» ақпараты (egov.kz порталы бойынша) және жеке куәлігіңіз;
- егер сіз мекен-жайы бойынша тіркелмеген болсаңыз – жеке куәлігіңіз және пәтер иесінің берген сенімхаты;

Менің есептегішімнің көрсеткішін екі ай бойы алған жоқ, сондықтан мен 3-деңгей бойынша қымбат тариф бойынша төлеуім керек. Маған қайта есептеуді жасай ма, өйткені бұл менің кінәм емес?

Ия Сізге қайта есептеулер жүргізіледі. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясына тарифтерді жеке тұлғалардың оны тұтыну көлеміне қарай саралау қағидаларына сәйкес, егер электр энергиясын есептеу аспаптарының көрсеткіштерін жазып алу арасындағы нақты кезең күнтізбелік отыз күнге тең болмаса, электр энергиясын тұтыну шамаларының мөлшерін энергиямен жабдықтаушы ұйымы немесе тұтынушы нақты кезеңнің ұзақтығын ескере отырып түзетеді.

Пәтер сатып алу кезінде "сатушыдан" коммуналдық қызметтер үшін қарыздың жоқтығы туралы қандай құжаттар талап етілуі керек?

Электр энергиясын пайдалану Ережелеріне сәйкес тұтынушы (бұл жағдайда Сатушы) электрмен жабдықтау объектісінің иесі өзгерген күнге есептеу құралдарының көрсеткіштері бойынша тұтынылған электр энергиясы үшін түпкілікті есеп айырысуды жүргізуге міндетті. Сатушыдан коммуналдық қызметтер үшін берешегінің жоқтығы туралы анықтаманы талап етіңіз.