November 8, 2018

Қазақстан тарихы Тест

1. Питекантроптың қаңқасы алғаш рет табылды:

A)Олдувай шатқалында

B)Кро-Маньон үңгірінде

C)Ява аралында

D)Тұран ойпатында

E)Тесіктас үңгірінде

2. Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуына байланысты саны өскен

малдың түрлері

A)ірі қара

B)есек, түйе

C)түйе, сиыр

D)ешкі, ірі қара

E)қой, жылқы

3. Ерте орта ғасырларда Жетісу жерінде орналасқан мемлекет:

A)Қыпшақ мемлекеті

B)Қарахан мемлекеті

C)Оғыз мемлекеті

D)Шығыс Түрік қағанаты

E)Түргеш қағанаты

4. 1125 (1128) ж. қидандар басып алған қала:

A)Имақия

B)Сарайшық

C)Сығанақ

D)Баласағұн

E)Сауран

5. Қазақ хандығын басқарған Шығай ханның ұлдары:

A)Уәли мен Кенесары хандар

B)Қасым мен Бұйдаш хандар

C)Тәуекел мен Есім хандар

D)Хақназар мен Мамаш хандар

E)Жәңгір мен Тәуке хандар

6. XVII ғасырдың аяғы – XVIII ғасырдың бас кезінде дүниеге келген заңдар жинағы:

A)«Жасақ»

B)«Жеті жарғы»

C)«Есім ханның ескі жолы»

D)«Шежірелер жинағы»

E)«Қасым ханның қасқа жолы»

7. XIX ғасырдағы Солтүстік Қазақстан өңіріндегі жәрмеңке:

A)Тайыншакөл

B)Қоянды

C)Ойыл

D)Шар

E)Қарқара

8. Көкшетау округі құрылған жыл:

A)1844 ж.

B)1854 ж.

C)1824 ж.

D)1843 ж.

E)1835 ж.

9. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ұшқыш:

A)Т.Тоқтаров

B)С.Баймағамбетов

C)С.Луганский

D)Қ.Қайсенов

E)М.Ғабдулдин

10. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті ашылған жыл:

A)1928 ж.

B)1944 ж.

C)1931 ж.

D)1937 ж.

E)1934 ж.

11. «Біржан-Сара» операсын қойған сазгер:

A)Н.Тілендиев

B)В.Голубович

C)Л.Хамиди

D)М.Төлебаев

E)Е.Рахмадилов

12. 1996 жылы сәуір Шанхайда кездескен мемлекеттер:

A)Қазақстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Түркіменстан

B)Қазақстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан

C)Қазақстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Ауғанстан

D)Қазақстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Вьетнам

E)Қазақстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан

13. Зергерлік бұйымдар табылған үйсін қорымы:

A)Шілікті

B)Есік

C)Бесоба

D)Бесшатыр

E)Ақтас

14. VII ғасырдың басында ыдыраған ел:

A)Оғыз мемлекеті

B)Шығыс Түрік қағанаты

C)Батыс Түрік қағанаты

D)Қарлұқ қағанаты

E)Түрік қағанаты

15. Қасым хан дипломатиялық байланыс жасаған ел:

A)Монғолия

B)Ресей

C)Қытай

D)Ауғанстан

E)Иран

16. Орта ғасырларда егіншілік өркендеген өңір:

A)Шу

B)Тарбағатай

C)Нарын

D)Қарақұм

E)Сарыарқа

17. ХІХ ғасырда Қазақстанда жәрмеңкенің басты дамыған өңірі:

A)Закаспий приставтығы

B)Ақмола облысы

C)Торғай облысы

D)Атырау облысы

E)Өскемен уезі

18. Жаңаөзен қаласында халық бұқарасының ірі бас көтеруі болған уақыт:

A)1989 жылдың маусымында

B)1990 жылдың қарашасында

C)1986 жылдың желтоқсанында

D)1989 жылдың ақпанында

E)1989 жылдың шілдесінде

19. 1993 жылы Республиканың саяси өміріндегі басты оқиға:

A)Алғашқы Конституцияның қабылдануы

B)Мемлекеттің рәміздері қабылданды

C)ҚР Қарулы күштері құрылды

D)Қазақстан халықтарының форумы өтті

E)Парламент сайлауы өтті

20. Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы аталады:

A)«Дағдарыстан жаңару мен дамуға

B)«Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты»

C)«Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»

D)«Жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»

E)«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз»


QAZAQSTAN TARIHY @qazaqstantarih