October 12, 2018

Тәлімгерлік бойынша біліктілікті арттыру курстары

Ағымдағы жылдың 24 тамызынан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «USTAZ Professional Learning Centre» ЖШС арасында жасалған шарт шеңберінде «Биология», «Химия», «Физика», «Информатика» пәндерінің мұғалімдері үшін жұмыстан қол үзбестен білім беру саласындағы ағылшын тілін меңгерген мамандарға арналған тәлімгерлік бойынша біліктілікті арттыру курстары басталды, олардың мақсаты жан-жақты әдістемелік көмек көрсету арқылы педагог қызметкерлердің кәсіби құзыретін дамыту болып табылады. Курстар білім беру саласындағы ағылшын тілін меңгерген мамандарға арналған тәлімгерлік бойынша біліктілікті арттыру курсының авторлық білім беру бағдарламасы бойынша өткізіледі.

Білім беру саласындағы мамандарға арналған тәлімгерлік бойынша біліктілікті арттыру курсының білім беру бағдарламасы үш тілді білім беру моделіне көшу жағдайында өз пәнін ағылшын тілінде тиімді оқыту мақсатында ағылшын тілін В1 және одан жоғары деңгейде меңгерген жаратылыстану-ғылыми бағыттағы мұғалімдерге Тәлімгерлікті жүргізуге бағытталған.

Курстар аудан, облыс орталықтарында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ республиканың шағын қалаларында өткізіледі.

Курстар 81 академиялық сағаттан тұрады және ағылшын тілін оқытудың мынадай кезеңдерін қамтиды:

1-кезең:

  • Тәлімгерлік - 1 теориялық (2018-2019 оқу жылының І тоқсанының алдындағы демалыс кезінде топ бойынша кемінде 33 академиялық сағат);
  • Тәлімгерлік - 1 практикалық (2018-2019 оқу жылының І тоқсаны кезінде Тыңдаушының жұмыс орнында кемінде 16 академиялық сағат);

2-кезең:

  • Тәлімгерлік - 2 теориялық (2018-2019 оқу жылының ІІ тоқсанының алдындағы демалыс кезінде топ бойынша кемінде 24 академиялық сағат);
  • Тәлімгерлік - 2 практикалық (2018-2019 оқу жылының ІІ тоқсаны кезінде Тыңдаушының жұмыс орнында кемінде 8 академиялық сағат).

Пән (биология, химия, физика, информатика) мұғалімдері курс аяқталғаннан кейін:

  • өз пәнін ағылшын тілінде оқыту үшін қажетті коммуникативтік стратегияларды пайдаланады;
  • басқа әріптестерімен кәсіби байланыс жасайды, оқу процесін дамытуды және жақсартуды үйренеді, кәсіби тұрғыдан дамиды;
  • басқа оқытушылардың сабақтарын бақылау, бағалау, түсіндіру және сынау арасындағы айырмашылықты көруге қабілетті болады;
  • құзыреттілігін арттырады, сындарлы оқытудың заманауи әдістері мен тәсілдерін толық игеріп танысады;
  • өз пәнін ағылшын тілінде оқытудың инновациялық тәсілін қолданады.

Дереккөз: http://www.edu.gov.kz/kz/news/detail.php?ELEMENT_ID=3169