September 11, 2018

Нұсқаулық

Егер құжаттар (омж, қмж, дид, материалдар, сабақ жоспарлары) іздесеңіз төмендегі нұсқаулықты мұқият оқып шығу керек.

Нұсқаулықты оқудан алдын чаттың ережесімен танысып шығыңыз:

Жалпы ережелер:

1) Чаттарда тақырыптан тыс фото, видео, құттықтаулар жазбау (чатта мыңнан астам қолданушылар бар барлығы құттықтау жіберсе маңызды сұрақтарды көрмей қаламыз)

2) Тақырыптан тыс жазбалар жарияламау. Дін және саясат тақырыбында сөз қозғамау. Басқаларды қорлап, басқалар туралы жаман пікір жазбау, басқа ұлт өкілдерін кемсітпеу. (дінге және саясатқа басқа чаттар өте көп)

3) Жарнама салуға қатаң тиым салынады. Сайттарға сілтеме жасауға, өтірік жаңалықтарды салған қолданушылар бірден бұғатталады. (жарнама жасасаңыз бірден чаттан шығарып жібереміз чатқа қайта қосылу үшін 8-778-389-9292 номеріне ватсап арқылы жазу керек)

4) Сұрақ қоюдың алдында, өзіңізден алдын қойылған сұраққа жауап беру керек. Жауап бере алмасаңыз "кешіріңіз жауап бере алмаймын" деп жазу керек. (тек сұрақ емес жауапта беріп үйренейік, егер сіз біреуге жауап беріп көмектессеңіз кейін ол да сізге көмектеседі. Ал егер тек сұрақ қойсаңыз сізге ешкім жауап бергісі келмейді)

5) Сабақ жоспарлары және керек құжаттар топтың обшие медиа бөлімінде бар. Егер онда болмаса сонда ғана сұрауға болады. https://t.me/sabakzhospar және @zhospar каналдарынан іздеп көру керек.

6) Барлық құжаттар осы чаттың обшие файлы бөлімінде салынған және сонда жинақталады

Ережелер осымен бітті.

Барлық құжаттар телеграммдағы чаттарда жарияланған. Чаттардың тізімін @kazustaz парақшасынан табуға болады.

Ал, біз мысал ретінде Қазақ тілі пәнінен 6 сыныптарға жаңартылған бағдарлама бойынша күнтізбелік тақырыптық жоспар (КТЖ) іздейік.

ОЛ ҮШІН бірінші:

1) Қазақ тілі чатына кіру керек. Ескерту чаттардың тізімін @kazustaz парақшасынан табуға болады

Қазақ тілі чатына кірдік. Енді Қазақ тілі мен әдебиеті ҚР деген жоғарыдағы жазуды басамыз. Сосын чат туралы ақпарат шығады. Суреті төменде:

Осы бетте ОБЩИЕ МЕДИА деген жазуды басамыз. Сосын келесі бетте суреттер, құжаттар, сілтемелер (медиа, файлы, ссылки, аудио). Сәйкес файлы дегенді таңдасаңыз құжаттар шығады.

ФАЙЛЫ деген жазуды бассаңыз құжаттар шығады

Төмен жылжытып құжаттарды табуға болады. Немесе іздеу арқылы керек құжатты тауып алуға болады.

Іздегенде тек КТЖ деп жазамыз.

Жоғарыда көргеніңіздей барлық чаттарда осындай құжаттар бар.

Осы сияқты омж, қмж, ұмж кез-келген құжаттарды таба аласыздар. Егер құжаттарды таба алмасаңыздар чаттан сұрауға болады.

Чаттарда құжаттар ешқашан өшпейді және сіздің телефоныңыздың памятын алмайды. Тек жүктеп алған кезде ғана орын алады.

Телеграммдағы және ватсаптағы барлық чаттардың тізімі және қалай қосылуға болатыны туралы ақпаратты @kazustaz парақшасынан табуға болады. Парақшаға өті үшін @kazustaz деген жазуды басу керек.

Егер сіздің ватсапта немесе телеграммда чаттарыңыз бар болса, төмендегі редакторға хабарласыңыз. @kazustaz парақшасында жариялаймыз.

Барлық сұрақтар бойынша @abaiustaz осы редакторға жазуға болады.