October 16, 2018

Үйде баламен немесе үй шаруасына тәуелді болып отырғанда жұмыс істеудің бірнеше тәсілдері бар. Бүгін сіздерге үйде отырып киім сату жөнінде бөлісеміз.

👚Киім сату - бұл үшін компьютер, интернет, сайттардың тізімі қажет. Тауарды көп мөлшерде сатып алу әлдеқайда арзанға түсетінін барлығымыз білеміз. Сол себепті фирмалармен келісіп, көп тауарды арзанырақ сатып алыңыз. Артынша осы тауарларды интернет желісінде қыздар қауымы көп отыратын форумға енгізіңіз. Оны алушылардың санын тізімдеп, ақшасын жинастырып, өзіңіз барып сатып алыңыз. Алған заттарды белгіленген бір жерде алушыларға таратыңыз. Көп мөлшерде арзандатылған тауарды алу арқылы 30–35% ақша үнемдейсіз. Яғни осы мөлшердегі ақша сізге тиесілі.

...

‼️Пайдалы тұстары: Мұндай кезде өзіңізге деген қажетті заттарды да арзан бағаға алып алуыңызға болады. Нәтижесінде сапалы дүниелерді қай жерден алуға болатындығын үйренесіз.

...

‼️Кемшіліктері: Тапсырыс беріп алған тауарды ұнамаған жағдайда қайтарып бере алмайсыз. Ал тапсырыс берген затынан бас тартатын тұтынушылар міндетті түрде табылады. Мұнымен қатар, "сіз алған тауар дәл интернет беттеріндегі суреттерге сәйкес келе ме?" деген мәселе бар.

...

#бизнес

#кәсіп

#verumacademy

#киімсату

#одежда