October 16, 2018

18 жасынан бастап бизнеспен айналысқан егіздер

Бұл егіздердің есімі - Әсет пен Әділ. Түркістан қаласындағы Қожа Аxмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің 3-курс студенттері. Олар қазіргі таңда өз бизнестерін дөңгелетіп отыр.

...

💠Жиырмаға енді толғандарына қарамастан олар базар маңынан үш бутик ашып, асxана ісіне араласып, тауық бағып, табысын 1 000 000 теңгеге жеткізіп отыр.

...

- Біз түрлі кәсіптің дәмін татып көрген жөн деп есептейміз. Достарымызбен бірігіп, дәмхана да ашып көрдік. Ісіміз жақсы жүрді. Табысқа кенелдік. Ай сайын миллиондап ақша табуға болады. Бірақ арада келіспеушіліктер туындағандықтан өз үлесімізді оларға сатып, дәмхана ісін тоқтаттық. Десе де, ол да біз үшін бір белес болып қалды. Ең бірінші ата-анамызға, бауырларымызға алғыс айтқымыз келеді. Біздің әр ісімізді қолдап, демеп келеді. Кәсіп бастағанымызға қарсылық танытқан емес. Әкеміз теміржол саласында жұмыс істейді. Анамыз үй шаруасында еді. Біз бизнес бастап көргеннен кейін мен қарап отырмайын деп базардан бутик алып, саудамен айналысып кетті. Біз тапқан табысымыздың бір бөлігін отбасымызға береміз, бір бөлігін өзімізге жаратамыз, бір бөлігін айналымға саламыз, бір бөлігін жинаймыз, – дейді Әділет.

...

- Үш сауда орнына тауар жеткізу, нарықты зерттеп отыру, тауарға баға белгілеу, сатушы қыздарға уақтылы айлық төлеу – былайша оңай көрінгенімен, өзіндік қиындықтары да бар. Үш жылдан бері түрлі кәсіптің көзін тауып, жасап жүрміз ғой. Білім алуымызға кедергі болған емес. Қолымыз қалт ете қалса, бизнеске қатысты кітаптар оқимыз. Онлайн дәрістер тыңдаймыз. Ал өзіміз секілді жастарға айтарымыз, жұмыс жоқ деп құр қарап жатпасын. Тіл үйренсін. Аз ақшамен кәсіп бастап көрсін. Тәуекелге барудан қорықпау керек. Өзгеріссіз тұрғанша, сүрініп, құлап не болмаса көтеріліп, тәжірибе жинаған дұрыс ғой. Айналаңызға зер салып қарасаңыз, мүмкіндік көп. Жолы көп. Тек аз ұйықтап, еңбек ету керек, – дейді Әсет.

#бизнес

#18жас

#verumacademy

#қазақшаинстаграм

#кәсіп