October 17, 2018

...

1️⃣. Стив Джобс Империя соблазна - Әлемдік брендке айналған Apple компаниясының негізін қалған Стив Джобстың дүниежүзі мойындайтын жетістікке қалай жеткені туралы, жастық шағы, еңбекқорлығы туралы көрсетіледі. Жас Стив Джобстың ақылы, оның қабілеті, түрлі қиындықтар арқылы жетістікке жету жолындағы табандылығы суреттеледі.

2️⃣. Тинейджер на миллиард - Мектеп қабырғасында жүріп ақша табудың көзін тапқан Тоб есімді жас кәсіпкер туралы фильм. Кәсіпкер отбасында тәрбиеленген жігіттің өзіне жұмыс жасап, ақшаны өз алдына тапқысы келеді. Отбасы түрлі жағдайларға тап болып, бастарына қиындық туған кезде ата-анасы амалсыз Қытай асып кеткен кезде, Тайландта жалғыз қалып өзінің ісін алға жүргізе бастаған жігіттің басынан өткен сәтсіздіктері суреттеледі. Фильмнің негізгі ерекшелігі адамға жігерлі болуды және артқа шегінуге болмайтынын дәлелдейді.

3️⃣. Здесь курят - Ник Нэйлор – нағыз маркетолог. Ол шылым өндіретін алып кәсіпорынның вице-президенті болып жұмыс жасайды. Оны бүкіл Америка жек көреді. Себебі адамның өміріне қауіпті өнімді жарнамалайды деп түсінеді. Шындығында солай. Дегенмен кино ол мақсатта түсірілмеген. Онда екі түрлі ерекшелік бар: бірі адамға таңдау берудің және таңдау жасауды үйретсе, екіншісі адам өміріне зияны әрі қауіпті затты қалай жарнамалауға болатынын көрсетеді. Яғни ең жаман деген өнімнің өзін жарнамалап өткізуге болатынын дәлелдеу арқылы, адамдарға әр нәрсенің көзін табуға көмектеседі.

4️⃣. Основатель McDonalds - Фильм атауы тура дәл осы аудармаға сай келмеуі мүмкін, бірақ қазақ тіліндегі қазақша баламасын дәлме-дәл. Себебі фильм жылына 50 миллард доллар табыс әкелетін бренд McDonalds өнімнің тарихы турасында сыр шертеді.

#кәсіп

#фильм

#бизнес

#verumacademy

#онлайноқу

#кәсіпбастау