March 12, 2020

КАЗ/РУС

Қазақстандықтар ҰОС фотогалереясын құруға үлес қоса алады

ҚР ҚК Әскери-тарихи музейі Ұлы Отан соғысына қатысушылардың фотосуреттері мен майдан хаттарын жинауды жариялайды. Жиналған материалдар музейдің атриумында орналастырылатын «Ер есімі – Ел есінде» бірегей фотогалереясына кіреді.

Жобаға қатысу үшін әрбір қазақстандық үй мұрағаттарынан Ұлы Отан соғысының фотосуреттері мен оқиғаларымен бөлісе алады. Іс жүзінде әрбір қазақстандық отбасының Ұлы Жеңіске қатысты өз тарихы бар. Алайда олардың жауынгерлік ерліктері, жараланған, тұтқындалған не болмаса хабар-ошарсыз кеткендер туралы мәліметтері, тағдырлары соғыспен қатар келген адамдар туралы мәліметтер әлі де көптеген қазақстандықтар үшін белгісіз.

Аталмыш жоба Ұлы Отан соғысына қатысушылардың ерен ерліктерін мәңгі есте сақтау және тарихи маңыздылығын ұштастыру, сонымен қатар Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай отандастарды біріктіруге арналып отыр.

Материалдарда келесі мәліметтер болуы керек (егер белгілі болса): әскери атағы, Т.А.Ә., туған күні мен туған жері, қашан және қандай әскери комиссариаттан шақырылған, қолда бар наградалары, фотосуреттері.

Материалдарды мына электронды поштаға жіберуге: mhm.kazakhstan@gmail.com немесе 010000, ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи музейі мекен-жайына жіберу қажет. Қосымша сұрақтарды мына байланыс телефонынан білуге болады : + 7 (7172)44-26-13.

ҚР ҚК Әскери-тарихи музейінің іздестіру-экспедициялық бөлімшесі Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан және хабар-ошарсыз кеткендерді іздеу және есепке алу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізетінін атап өткен жөн. Бұдан басқа, қазақстандық жауынгерлердің ақпараттық деректері бірыңғай базаға жинақталып, жүйеленеді.

Казахстанцы могут внести вклад в создание фотогалереи ВОВ

Военно-исторический музей ВС РК объявляет сбор фотографий и фронтовых писем участников Великой Отечественной войны. Собранные материалы войдут в уникальную фотогалерею «Ер есімі – Ел есінде», которая будет размещена в атриуме музея.

Участие в проекте подразумевает, что каждый казахстанец может поделиться фотографиями и историями Великой Отечественной войны из домашних архивов. Практически в каждой казахстанской семье есть своя история Великой Победы, однако боевые подвиги, сведения о раненых, плененных и пропавших без вести, истории о тех, чьи судьбы навсегда переплетены с войной, все еще остаются неизвестными для многих казахстанцев.

Проект приурочен к 75-летию Великой Победы и призван объединить соотечественников в целях увековечения памяти об участниках Великой Отечественной войны и сохранения исторического прошлого.

Материалы должны содержать следующие сведения (если известно): воинское звание, ФИО, дата и место рождения, когда и каким военным комиссариатом был призван, имеющиеся награды.

Направлять данные необходимо на электронную почту: mhm.kazakhstan@gmail.com или по адресу: 010000, г. Нур-Султан, пр. Республики, 2, Военно-исторический музей ВС РК. Интересующие вопросы можно задать по номеру телефона: +7(7172) 44-26-13.

Следует отметить, что поисково-экспедиционное отделение Военно-исторического музея ВС РК на постоянной основе ведёт работу по поиску и учёту погибших и пропавших без вести в период Второй мировой войны. Кроме того, обобщаются и систематизируются в единую базу информационные данные воинов-казахстанцев.