June 22, 2021

Бет Күтімі

Таңертең

1.      Гель/пенка/молочко

Беттегі кешкісін жағылған этаптардан және түнде ағза ұйқыға кеткен кездегі теріден бөлінетін себум, токсиндерден тазарту үшін жуу керек. Бетті құрғатпай, жұмсақ тазалайтын пенка таңдауға кеңес беремін.

2.      Тонер

Терінің pH балансын қалпына келтіріп, теріні келесі этапқа дайындайды.

3.      Патчи

Егер таңертең көзіңіздің асты ісіп тұрса немесе көз айналасын қосымша ылғалдандырғыңыз келсе, тонерден кейін 20мин патчи қолдансаңыз болады.

4.      Сыворотка (эссенция, серум, ампула)

Құрамындағы компоненттер белсенді болады. Терінің типіне, жағдайына, проблемасына байланысты таңдалады. Яғни терідегі белгілі бір проблеманы нақты шешу мақсатында қолданылады. Таңертеңгі күтімде антиоксиданттар, пептидтар, ниацинамид пен ылғалдандыратын компоненттері бар сыворотка қолданылады.

5.      Эмульсия/Крем

Крем базалық күтімдегі маңызды этап. Теріні үстіңгі қабатынан ылғалдандырып, қорғаныш қабатын қалыпқа келтіру мақсатында пайдаланылады. Теріңіздің типі мен проблемасына сай құрамы және текстурасы анықталады.

Жаз мезгілінде майлы бетке күндіз эмульсия жағылып, кремді кешкі күтімге қалдырса болады.

4.      Көз айналасына арналған крем.

Көз айналасындағы тері өте нәзік әрі жұқа. Сондықтан салмақ салмай жағылуы тиіс.

6.      SPF крем

Ең маңызды және міндетті этап. Зиянды күн сәулесінен теріні қорғайды. Жазда (SPF50) күндізгі кремнің орнына жағуға болады. Кешкісін гидрофильді маймен тазартылуы керек.

Кешкі күтім

1.      Гидрофильді май (щербет, бальзам, мицелярная вода) - бетті тазартудың бірінші этапы.

Құрғақ, лас бетке майды жағып, массаж жасай отырып тазартамыз. Сәлден кейін сулы алақанымызбен уқалап, майды эмульсияға айналдыру керек. Содан кеін сумен жақсылап шаю керек.

2.      Гель (пенка, мусс) - бетті тазартудың екінші этапы

Әуелі алақанда ысқылап көпіртіп алып, гидрофильді маймен тазаланған ылғал бетке жағамыз. Жақсылап уқалап, сумен жуу керек.

3.      Аптасына 1-2рет механикалық экфолиация – пилинг (энзимная пудра, пилинг пэды)

Терінің беткі қабатындағы өлі клеткаларды кетіріп, клетканың жаңаруына мүмкіндік жасайды. Пенкадан соң құрғақ, таза бетке жағып, массаж жасай отырып уқалап, сумен шайып тастаймыз.

Энзимная пудра пенканың орнына пайдаланылады.

4.      Тонер

Теріні балансқа келтіреді. Серум/сыворотканың беретін әсерін күшейтуге көмектеседі.

Егер кешкі күтімге белсенді компоненттерден ретинол/кислоты қосылса, тонердің алдында жағылады.

5.      Сыворотка (эссенция, серум, ампула)

Терідегі белгілі бір проблеманы нақты шешу мақсатында қолданылады (мысалы: әжімге, қара даққа қарсы, постакне, безеу т.с.с)

6.      Көз айналасына арналған крем.

Көз айналасындағы тері өте нәзік әрі жұқа. Сондықтан салмақ салмай жағылуы тиіс.

7.      Эмульсия/крем/түнгі маска

Крем кешкі күтімдегі соңғы және маңызды этап. Алдыңғы жағылған этаптардың теріге терең сіңуіне әсер етеді әрі қорғаныш қабатты қалыпқа келтіреді.

Егер түнгі маскаңыз болса (тканевая емес), аптасына 2-3рет кремнен кейін немес кремнің орнына қолданса болады. Жуылмайды. Түнімен бетке сіңіп, таңертеңгі күтімде жуылады.

🔺instagram: @bibinur_nursheken