May 26, 2020

Головоломка

Інім бір кастингке қатысып жатыр. Кеше соған түрлі эмоцияларда видео түсірдік. Қуаныш, ренжу, қулық, мұң, ашу деп кете береді. Әуелі ақылдастық. Мына сахнаны былай, ананы былай түсірейік дегендей. Оған өмірде қалай бар, солай көрсет деп ақылымды айтып. Сондағы інімнің сұрағы лишний раз подтвердил того что я старалась не замечать. “Ал қуанғанды көрсетіңізші” деді. Шыны керек, көрсеткенімнің бәрі жасанды екенін ішім сезді. Себебі олар менің эмоциям емес-тін. Айналамдағы адамдардан көргендерім жай ғана. Қатты қуанған кезімде мені көрген адам дым байқамайтын да шығар. Бұның аты сабыр ма екен? Бір психолог бала кезден қалыптасқан қорқынышпен, ата-ананың тым көп ескерту жасауымен байланыстырыпты бұл “синдромды”. Келісуге болады.

Біздің үйде сабақтан “5” алу, оқу озаты болу, мектепті “Алтын белгіге”, университетті қызыл дипломға бітіру дегендер - қатардағы симпл нәрселер. Яғни, оның қуанатын ештеңесі жоқ. Еңбектің ақталуы ретінде қабылданады. Еңбектендің - жеттің.

Сыйлық та солай жасалатын. “Сен биыл оқу озаты бол - велосипед әперемін”, “үй жинап қой - шоколад алып келемін” сияқты. Айырбас яғни. Сондықтан да, армандап жүрген бір нәрсені алғанда да балаша мәз болу деген жоқ. (Әлі күнге дейін бұл түсініктен құтылу қиын болып келеді. Біреу сыйлық сыйласа, қарыз болғандай күйде қаламын :))

(Мотивация бергендері шығар бұл. Еңбексіз ештеңенің келмейтінін түсіндіргені болар. Иә, бесплатный сыр бывает только в мышеловке)

Десе де, эмоцияларымды по полкам қою керек екен. “Головоломканы” білесің бе? Сол сияқты или Радость у меня ленивая, или слишком серьезная :))