November 11, 2020

№5 Аралық бақылау

1.      Күрделі сын есімді табыңыз.

А) өте жақсы

В) жақсы

С) әдемі

Д) керемет

2.      «Келбет» сөзінің аудармасын табыңыз.

А) смуглый

В) голос

С) лицо

Д) внешность

3.      «Веснушка» сөзінің қазақша баламасын көрсетіңіз.

А) қал

В) секпіл

С) дақ

Д) кірпік

4.      Сөйлемді толықтырыңыз.

Мен өзге ұлт өкілдеріне қазақ ____ үйретемін.

А) тілін

В) күнін

С) киносын

Д) даласын

5.      Сөйлемді тиісті қосымшамен толықтырыңыз.

Екеуінің бойлары бір__. Оның да бойы сондай.

А) -ні

В) -інші

С) -дей

Д) -нікі

6.      Сөйлемді толықтырыңыз.

_______  – қыз ұзату, келін түсіру жоралғыларының бірі.

А) Қалың мал

В) Сырға салу

С) Қыз ұзату

Д) Келін шай

7.      Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

... дегеніміз — кез келген физикалық жаттығу.

А) Денсаулық

В) Пайдалы тағам

С) Таза ауа

Д) Денені шынықтыру

8.     Сөйлемнің бірыңғай мүшесіне тиесілі қосымшаны табыңыз.

А) -нда/-нде

В) -ға/-ге, -қа/-ке

С) -ған/-ген, -қан/-кен.

Д) -да/-де, -та/-те

9.      Сөйлемді толықтырыңыз.

Егер спортпен айналысуға мүмкіндік болмаса, онда бір мезгіл ... жүруді әдетке айналдырған абзал.

А) жаяу

В) көлікпен

С) атпен

Д) тез

10.  Көмекші есімді табыңыз.

Күні бойы сергек жүру үшін таңертең жүгірген дұрыс.

А) жүру

В) сергек

С) дұрыс

Д) бойы

11.  «Давление» сөзінің аудармасын табыңыз

А) қан қысымы

В) қан тамырлары

С) бас ауруы

Д) тұмау

12.  Төмендегі ақпарат дұрыс па?

Тұмаудың тағы бір емі – балды сүт.

А) дұрыс емес

В) дұрыс

С) жалған

Д) білмеймін

13.  Бос орынды толтырыңыз.

... сөйлеушінің айтылу әрекетіне қатынасты сөздер.

А) Модаль сөздер

В) Көмекші есімдер

С) Етістіктер

Д) Зат есім

14.  «Тәбет» сөзінің аудармасын табыңыз.

А) завтрак

В) аппетит

С) боль

Д) настроение

15.  «Дәрумен» сөзінің аудармасын табыңыз.

А) витамины

В) таблетка

С) кашель

Д) доктор

16.  Етістіктің шартты райын табыңыз.

Адам спортты өмірлік серігіне айналдырса, ауруды атымен білмейтін болады

А) ауруды

В) айналдырса

С) болады

Д) білмейтін

17.  Қажетті сөзді қойыңыз.

... – байлықтан қымбат.

А) Ақша

В) Отбасы

С) Денсаулық

Д) Спорт

18.  Төменде қай салт туралы баяндалған?

Шымылдық ішінде отырған келіннің басына орамал жауып, той өтіп жатқан үйдің ең жақын, үлгілі келіндері екі жағынан қолтықтап алып шығады.

А) Қыз ұзату

В) Беташар

С) Келін шай

Д) Сырға салу

19.  Ересек адам күніне неше сағат ұйықтауы керек?

А) 8-9

В) 5-6

С) 7-8

Д) 10-11

20.  Әлемдегі ең қорқынышты демалыс орынын көрсетіңіз.

А) «Джервазутти» қонақүйі

В) «Жүз айдаһар» лифті

С) Шатырдағы бассейн

Д) Әйнектен жасалған «қыл көпір»

21.  Термин сөзді көрсетіңіз.

А) дәптер

В) ат жарыс

С) парашют

Д) күн

22.  Бұл қай дәстүр?

Келін түсіргеннен кейін тойға келгендер тарқап, үй иелері оңаша қалған кезде жақындар келін қолынан шай ішуге жиналады.

А) Келін шай

В) Шай беру

С) Шай құю

Д) Келін ішетін шай

23.  «Белсенді демалыс» сөзінің мағынасын көрсетіңіз.

А) қорқынышты демалыс

В) правильное питание

С) активный отдых

Д) здоровый образ жизни

24.  «Рыбалка» сөзінің аудармасын табыңыз.

А) балық аулау

В) аң аулау

С) тышқан аулау

Д) құс аулау

25.  Спорт терминін көрсетіңіз.

А) компьютер

В) альпинизм

С) квадрат

Д) наряд