October 20, 2020

Аралық бақылау

1.      Күшейтпелі шырайды табыңыз.

А) үлкен

В) жақсы

С) әп-әдемі

Д) керемет

2.      «Жылтыр» сөзінің аудармасын табыңыз.

А) золотистый

В) блестящий

С) бежевый

Д) серебристый

3.      «Розовый» сөзінің қазақша баламасын көрсетіңіз.

А) қызғылт

В) қызыл

С) күлгін

Д) қоңыр

4.      Сөйлемді толықтырыңыз.

Қоңыр түс – ... түсі.

А) Күннің

В) Айдың

С) Адамның

Д) Топырақтың

5.      Сөйлемді тиісті қосымшамен толықтырыңыз.

Мен дүйсенбі... тенниспен шұғылданамын.

А) -ні

В) -де

С) -те

Д) -нікі

6.      Сөйлемді толықтырыңыз.

Бір жылда ... мезгіл бар.

А) төрт

В) көп

С) он екі

Д) бір

7.      Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

... болжайтын қарапайым аспаптардың бірі – барометр.

А) Аспанды

В) Желді

С) Ауаны

Д) Ауа райын

8.      Күз мезгіліне тиесілі айды көрсетіңіз.

А) қыркүйек

В) мамыр

С) қаңтар

Д) қараша

9.      Сөйлемді толықтырыңыз.

... қыз, жігіттердің бір-біріне деген сезімі мен махаббатын арттыра түсуге себепші болған.

А) құда түсу

В) баталасу

С) ұйқыашар

Д) селтеткізер

10.  Көктем мезгіліне тиесілі айды көрсетіңіз.

А) сәуір

В) ақпан

С) маусым

Д) желтоқсан

11.  Үй жануарын көрсетіңіз.

А) қасқыр

В) мысық

С) аю

Д) түлкі

12.  Қойдың баласын табыңыз.

А) торай

В) лақ

С) қозы

Д) құлын

13.  Дұрыс нұсқаны таңдаңыз.

Көк түс – бейбітшілік пен ... түсі.

А) тазалықтың

В) судың

С) жердің

Д) көздің

14.  Сапалық сын есімді көрсетіңіз.

А) сулы

В) әдемі

С) таулы

Д) балалы

15.  «Маймыл» сөзінің аудармасын табыңыз.

А) обезьяна

В) лошадь

С) тигр

Д) верблюд

16.  Сөздің екінші бөлігін қойыңыз.

Біп-...

А) ұзын

В) қысқа

С) биік

Д) кішкентай

17.  Жыл мезгілдерін көрсетіңіз.

А) көктем, жаз, күз, қыс

В) қаңтар, ақпан, желтоқсан

С) дүсенбі, сейсенбі, сәрсенбі

Д) наурыз, сәуір, мамыр

18.  Жазда күн қандай болады?

А) қара бұлт қаптап, жиі жаңбыр жауады

В) дала, орман, үйлер ақ қарға жамылады

С) желсіз, аспан бұлтсыз болады

Д) жылы жаңбыр жауып, табиғат оянады

19.  Жатыс септіктің сұрақтарын көрсетіңіз.

А) Кімде? Неде? Қайда?

В) Қашан? Қалай?

С) Кім? Не?

Д) Кімге? Неге?

20.  Күн мен түн теңелетін күн.

А) 22 желтоқсан

В) 22 маусым

С) 22 наурыз

Д) 26 желтоқсан

21.  Жұмбақтың жауабын табыңыз.

Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады.

А) бұлт

В) жел

С) жаңбыр

Д) күн

22.  Салыстырмалы шырай жұрнақтарын табыңыз.

А) -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу

В) -да, -де, -та, -те

С) -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті

Д) -нкы, -нкі, -дкы, -дкі, -ткы, -ткі

23.  «Салқын» сөзіне қарама-қарсы мағынадағы сөзді белгілеңіз.

А) суық

В) ашық

С) жылы

Д) ыстық

24.  «Жираф» сөзінің аудармасын табыңыз.

А) ешкі

В) керік

С) тышқан

Д) жылқы

25.  Асты сызылған сөзге қарсы мәндес сөзді көрсетіңіз.

Ең ыстық күн 1922 жылы 13 қыркүйекте Либияда болды.

А) жылы

В) суық

С) салқын

Д) аяз