November 5, 2020

Аралық бақылау

1. Заттың түсін білдіретін сөзі бар сөйлемді белгілеңіз.

Укажите предложение, в котором есть слово, обозначающее цвет предмета.

А) Айманға бұл етік үлкен екен.

В) Айман қоңыр етік сатып алды.

С) Бұл дүкенде етіктің түрі көп екен.

Д) Аяқкиім дүкені біздің үйге жақын жерде.

2. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Вместо многоточия вставьте нужное слово.

... – белгілі ғарышкер.

А) Ол

В) Сіз

С) Сен

Д) Мен

3. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Вместо многоточия вставьте нужное слово.

... – осы саланың білімді маманысыздар.

А) Біз

В) Олар

С) Сіздер

Д) Сендер

4. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Вместо многоточия вставьте нужное слово.

... тұрған автобустың нөмірі қанша?

А) Бұл

В) Сол

С) Осы

Д) Мына

5. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Вместо многоточия вставьте нужное слово.

- Сенің кабинетің осы қабатта ма?

- Иә, ... қабатта.

А) сол

В) осы

С) анау

Д) сонау

6. Асты сызылған сөзге қойылатын сұрақты көрсетіңіз.

Укажите вопрос, который можно задать к подчеркнутому слову.

Ертең біздің топтың студенттері тауға шығады.

А) қай?

В) қалай?

С) қашан?

Д) қанша?

7. Қажетті сөзді табыңыз.

Вставьте нужно слово.

Тапсырманы ... орындайсың?

А) кімде

В) қашан

С) қайсы

Д) кімнің

8. Қимылды білдіретін сөзі бар сөйлемді белгілеңіз.

Укажите предложение, в котором есть слово, обозначающее действие.

А) Кабинеттер жылы.

В) Барлық кабинеттер жабық.

С) Кезекші кабинеттерді ашты.

Д) Кабинеттер бесінші қабатта.

9. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңыз.

Вместо многоточия вставьте нужное слово.

Ертеңгі жиналысқа ақпаратты сен ... .

А) сөйле

В) айтсын

С) білемін

Д) дайында

10. Орындалған әрекетті көрсетіңіз.

Укажите действие, которое совершено.

А) Мен дәрігерде болдым.

В) Ертең емханаға барасың ба?

С) Сізді дәрігер шақырып жатыр.

Д) Апам екеуіміз дәрігерде отырмыз.

11. Орындалған әрекетті көрсетіңіз.

Укажите действие, которое совершено.

А) Оқу ғимараты пайдалануға берілді.

В) Университетке шетелден қонақтар келді.

С) Студенттер кітапханада сұхбат дайындап жатыр.

Д) Оқу орнының ашылу салтанаты келесі айда болады.

12. Орындалмаған іс-әрекетті білдіретін сөйлемді көрсетіңіз.

Укажите предложение, действие в котором не выполнено.

А) Электронды пошта арқылы хабарлама келді.

В) Қажет ақпаратты пошта арқылы жібермейміз.

С) Төлқұжаттың көшірмесін поштамен жіберемін.

Д) Маған Астанаға екі құжатты факспен жіберу керек.

13. Орындалмаған іс-әрекетті білдіретін сөйлемді көрсетіңіз.

Укажите предложение, действие в котором не выполнено.

А) Әуежайда кездесеміз.

В) Әуежайдан күтіп алу керек.

С) Уақыты жоқ, келе алмайды.

Д) Кешке телефон соғып айтады.

14. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

Вместо многоточия вставьте нужное слово.

Біз кезекте ... .

А) тұрмыз

В) жүрмін

С) отырсың

Д) жатырмын

15. Сөйлемді аяқтаңыз.

Закончите предложение.

Інім балалармен аулада ... .

А) отыр

В) жатыр

С) жүрсің

Д) тұрмын

16. Дұрыс жауабын белгілеңіз.

Отметьте правильный вариант.

Қонақтар бақта отыр ма?

А) – Біз көшеде тұрмыз.

В) – Иә, біз бақта отырмыз.

С) – Ол аулада жүрген жоқ.

Д) – Жоқ, олар бақта отырған жоқ.

17. Диалогті жалғастырыңыз.

Продолжите диалог.

Сіз дәрігерде отырсыз ба?

А) – Мен дәріханада жүрмін.

В) – Иә, біз дәрігерде отырмыз.

С) – Жоқ, сен дәрігерде отырсың.

Д) – Жоқ, дәрігерде отырған жоқпын.

18. Сөйлемді аяқтаңыз.

Закончите предложение.

Аида жеті тіл ... .

А) біледі

В) оқисың

С) үйренеміз

Д) тыңдайсыз

19. Қажетті сөзді белгілеңіз.

Отметьте нужное слово.

Қазір ол шаштаразда ... .

А) келді

В) дайындады

С) тұрып жатыр

Д) жұмыс істейді

20. Сөйлемді аяқтаңыз.

Закончите предложение.

Ол ағылшынша мүлде ... .

А) жасаймыз

В) түсінбейді

С) аударасың

Д) болмайды