May 3, 2020

Аршаттың қайсарлығы қайда кетті?


2011 жыл. Ұлттық кітапхана. "Бір ел - бір кітап" акциясы. Ж.Аймауытовтың "Ақбілек" романы бойынша өткізілген пікірталаста модератор болдым. Екі мектептің оқушылары қатысты. Білімді, жанып тұрған жастар. Тартысты пікірталас болды. Осы кездерде мен от ем. Көзім жанып тұратын. Өзіме не керек екенін білетінмін. Білімдімін демеймін, бірақ қайтпас қайсар болатынмын. Суретке қарасаң, мүйізі қарағайдай Әкім Тарази, Омар Жәлелұлы (бергі жақта Тұрсын Жұртбай) сияқты мықтылардың жанында отырған дүниесі түгел Аршат. Күшті, ә?! Телевидение келіп түсірді. Жан-жақтан алғыс, мақтау, рақмет жауды. Мықты модератор екен десті жұрт. (Осыдан соң бірнеше жиын, кеш өткіздім) Бір қарағанда бәрі тамаша! Керемет!

Бұл құрметтің сыртындағы реальный өмір бөлек еді. Таңғы 7-де 38 автобусқа отырып, Шанхай базарына барамын. Асханада ыдыс, пол, туалет жуамын. Заготовка жасаймын. Поварға көмектесемін. Қамыр жайып, манты түйіп ақша табамын. 800 теңге күніне. Кейінірек раздачаға тұрдым. Кухняда старший болдым. Повышение😄 Күндік ақшам 2000 теңгеге өсті. Неге көп әріп теріп отырмын?! Мен расында мықты болыппын! Таңғы 8-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істеймін. Демалыссыз. Түнде кітап оқып, сценарий жазып дайындаламын. Кеш өтетін күні жұмыстан сұранып кетемін. Сол заманда дені дұрыс киімім де жоқ. Үстімдегі рубашка бірге тұратын қыздікі. Еш қамықпай, қаймықпай кез-келген қиындыққа қарсы тұратын қайсар ем. Қазір оның жұрнағы да жоқ... Суреттегі Аршаттың қайсарлығы жетпейді маған... #03052020

2011 жыл. Ұлттық кітапхана. Суретте: Ә.Тарази. О Жәлелұлы. А. Әділжанқызы