Көлеңкедегі сенім / Shadowed trust 5 — тарау; соңғы бөлім.
5 — тарау
Түн ауған уақыт еді. Кеңседегі терезеден сыртқа қарап тұрған Диастың ойы сан-саққа кеткен. Көшедегі шамдар жарқырап тұр, машиналар бірқалыпты ағындап жатыр. Бірақ оның миында тек бір сұрақ: бұл ойыннан қалай шығу керек?
Ол өзіне қарсы ойнап жүрген адамдарды алдауы керек болды. Бірақ кімнің шынайы бетпердесін ашатынын білмейді.
— Егер сен бұл іске кіріссең, қайтар жол болмайды.
Арманның дауысы әрдайым салқын, анық, бірақ бұл жолы басқаша шықты. Әдетте ол шешім қабылдауда ешқашан эмоция көрсетпейтін. Бірақ дәл қазір… оның да алаңдайтынын сезуге болатын еді.
— Иә. Мен келісемін. Бірақ өз шарттарым бар.
Арман үнсіз қалды. Ол бұлай жауап береді деп күтпеді.
— Сен шынымен бұған дайынсың ба?
Диас жауап бермеді. Ол көптен бері бұл шешімге келген-ді. Алайда айта салу оңай еді, ал іске кірісу – басқа мәселе.
— Егер мен шегінсем, олар мені жай ғана жоқ қылады. Мен өзімнің қай жерде тұрғанымды білуім керек.
Телефонның ар жағынан ауыр күрсінген дыбыс шықты.
— Жақсы. Егер сен кірсең, мен де сенің қасыңда боламын.
Диас басын шайқады. Ол Арманды бұған араластырғысы келмеді. Бірақ басқа амалы да жоқ еді.
Келесі күні Диас Сергеймен кездесуге келді. Ол енді осы компанияның ойыншысына айналуы керек еді. Бірақ кім үшін?
— Мен келісемін. Бірақ мен бақылаудағы адам емеспін. Егер мен сіздер үшін жұмыс істесем, өз ережелерім болады.
Сергей үнсіз тыңдады. Оның сұсты жүзі сәл қатая түсті.
— Өзіңе тым көп нәрсе алып жатқаныңды түсінесің бе?
— Жоқ. Мен өз орнымды анық білемін. Тек мен бақылауда жүретін пешка емеспін.
— Жақсы. Сен мен ойлағаннан да ақылдырақ екенсің. Бірақ есіңде болсын, бұл жерге кірген адам одан оңайлықпен шыға алмайды.
Диас ішінен күліп жіберді. "Бұл сенің үлкен қатең болды, Сергей."
Бірнеше аптадан кейін Диас компанияның ең құпия есептеріне қол жеткізе алды. Бұл жерде тек қаржылық заңсыздықтар ғана емес, аса қауіпті істер жасалып жатқаны анық еді.
Ол Арманмен жасырын кездескен сайын,оған жаңа ақпараттарды жеткізіп отырды.
— Бұл таза алаяқтық емес, бұл қылмыс.
— Бұл әлдеқайда үлкен нәрсе болуы мүмкін, — деді Арман.
— Ендеше, біз оларды құртамыз.
— Сен шынымен оларды тоқтата аламыз деп ойлайсың ба?
— Егер бізде дәлелдер болса – иә.
Олар қажетті құжаттарды жинап, журналистер мен тиісті органдарға жіберді. Біраз уақыттан кейін Сергей мен Тимурдың компаниясы үлкен қаржылық алаяқтық және заңсыз істер үшін тергеуге алынды.
Диас бұл компанияның құлдырауын сырттан бақылап тұрды. Ол өз жұмысынан ресми түрде шықты.
Бірақ Сергей оны соңғы рет кездесуге шақырды.
Кеңсе босап қалған. Бұрынғы сән-салтанаты жоқ. Қағаздар шашылып, адамдар қашып кеткендей әсер қалдырады.
Тәртіп сақшылары Сергейдің өтінішімен бөлмеден шыға тұрды. Сергей орнынан тұрмады. Ол орындықта отырып, темекісін тұтатып, терезеге қарады.
— Жоқ. Мен тек әділеттілікті таңдадым.
Сергей оған жақындап, көзін сығырайтты.
— Бірақ бұл әлемде әділеттілік жоқ. Сен соны әлі түсінген жоқсың.
Сергей темекісін күліне басып, қап-қара болып кеткен қалдықты Диасқа лақтырып жіберді.
— Сен енді менің жауымсың. Сен қателік жасадың.
— Және сенің ең үлкен қатең – мені тым төмен санауың болды.
— Кездескенше, Сергей. Немесе… ешқашан.
Диас бөлмеден қалай шықты, тәртіп сақшылары солай ішке кіріп, Сергейді түрмеге әкете жөнелді.
---
Диас сыртқа шыққанда, Арман көліктің жанында күтіп тұр еді.
— Білмеймін. Бірақ бір нәрсені анық түсіндім: мен жалғыз емеспін.
Екеуі қала көшесінде жоғалып бара жатты.
Бұл тек бір хикаяның соңы еді.
Бірақ жаңа біреуінің бастауы болуы мүмкін…