February 12

Көлеңкедегі сенім / Shadowed trust 3 — тарау

Түскі үзілісте Арман Диасты кабинетіне шақырды.

— Түрің бозарып кетіпті. Бәрі жақсы ма?

Диас оған ақ қағазды ұсынды. Арман қағазды ашып, жазуды оқи бастады. Жымиғандай болды, бірақ көзі сол күйі салқын қалпында қалды.

— Қызық… Бұл сенің дұрыс бағытта келе жатқаныңды білдіреді.

— Сіз бұны қалыпты нәрсе деп ойлайсыз ба?

— Диас, сен бұл жердің қаншалықты лас
екенін әлі білмейсің. Кейде шындықты іздегендерге осындай “сигнал” келеді. Бұл сен үшін тек ең алғашқысы ғана.

Диас қасын көтерді.

— Яғни сіз де осындай жағдайға тап болдыңыз ба?

Арман сәл ойланып, орындықтан көтерілді.

— Мен саған тек бір нәрсені айта аламын: Егер ойынға кірген болсаң, соңына дейін баруға дайын бол.

Диас оның дауысының қатал шыққанын сезді. Бірақ оның көзінен әлдебір қамқорлық та байқалды.

— Неге сіз маған көмектесіп жүрсіз?

Арман сәл кідірді.

— Себебі сен қызық жігітсің. Көбі қорыққанда, сен бас тартпайсың. Бұл маған ұнайды.
Оның даусы жұмсақ шықты. Диас өзін ыңғайсыз сезініп кетті.

— Бәлкім, мен қателескен шығармын.

— Жоқ, Диас. Сен дұрыс нәрсе істеп жатырсың. Бірақ есіңде болсын: сақ жүр!

༺༽༼༻༺༻༺༽༼༻

Кешкісін Диас үйіне қайтып бара жатқанда, телефонға хабарлама келді:

"Егер ары қарай қазбаласаң, тек жұмысыңнан емес, өміріңнен де айырыласың."

Оның жүрегі зыр ете түсті.

Диас телефондағы хабарламаны қайта оқып, жүрегі қатты дүрсілдей бастады. Бұл жай ғана қорқыту ма, әлде нақты ескерту ме?

Ол терең дем алып, айналасына қарады.

Түннің қараңғылығында көшеде адамдар аз. Қайта-қайта артына қараған сайын, әлдебіреудің көлеңкесін көргендей болды.

"Жай ғана менің қиялым шығар…" – деп өзін жұбатқысы келді. Бірақ дәл осы сәтте оның жанынан бір көлік баяу өтіп, аз уақыттан кейін тоқтады. Ол ішіндегі адамның кім екенін көре алмады. Бірнеше секундтан соң көлік қайта жүріп кетті.

Бұл жай ғана сәйкестік пе?
Ол тездетіп үйіне кіріп, есікті жауып алды. Қалтасындағы хатты үстелге қойып, ойға шомылып кетті.

"Бұл жерде қалып, әрі қарай жалғастыруым керек пе?"
Кенет телефон шыр ете түсті. Арман хабарласып жатыр екен.

— Диас, сен үйдесің бе?

— Иә… не болды?

— Саған біреу хабарлама жіберді ме?

Диас кідіріп барып жауап берді.
— Иә. Сіз қайдан білесіз?

— Көңіліңе алма, бірақ білгейсің мен сені сыртыңнан бақылап жүрмін.

Диас іштей шошып кетті.
— Не?

— Кешір, бірақ бұл сенің қауіпсіздігің үшін. Мен сенің бүгін кешке жалғыз қайтқаныңды білдім. Бір көлік сені аңдып жүр. Сондықтан қазір үйіңнен шықпай,сақ отыр, ешкімге есік ашушы болма.

Диас терезеге жақындап, көшеге қарады. Көлік жоқ сияқты. Бірақ Арманның сөзі оны одан сайын үрейлендірді.

— Бұл не? Қорқыту ма? Әлде мен шынымен
қауіпті нәрсеге кіріп кеттім бе?

Арманның даусы салмақты шықты.
— Екеуі де. Бірақ ең бастысы, сені кім және не үшін қорқытып жатқанын білу.

Диас терең дем алып, терезенің пердесін жауып қойды.

— Сонда не істемекпін?

— Менің айтқаныммен жүрсең, бәлкім аман қаласың.

— Яғни менің өмірім қазір басқалардың қолында ма?...

— Диас, сен бұны өзің таңдадың. Бірақ есіңе сақта сен жалғыз емессің.

Диас үндемеді. Арман оған шынайы қамқорлық танытып тұр ма, әлде жай ғана өз мүддесін ойлап отыр ма? Ол әлі де түсініксіз.

Бірақ бір нәрсе анық: бұл ойыннан кері қайту мүмкін емес.