November 6, 2024

Түйіндемені қалай дұрыс толтырамыз?

Құрметті оқырмандар!

Түйіндемені дұрыс толтыру, сіздің жұмысқа тез орналасуға үлесін қосатын бірден-бір құрал екенін ескеру қажет. Түйіндеме (резюме) – жұмыс іздеу барысында ең маңызды құжаттардың бірі. Жақсы толтырылған түйіндеме жұмыс берушінің назарын бірден аударып, сізді сұхбатқа шақыру мүмкіндігін арттырады.

Түйіндемені дұрыс және тиімді толтыру үшін бірнеше негізгі қадамдар:

1. Жеке мәліметтерді нақты көрсетіңіз Түйіндеменің басында өз атыңызды, байланыс нөміріңізді және электрондық поштаңызды нақты көрсетіңіз. Бұл жұмыс берушінің сізбен тез байланысқа шығуына мүмкіндік береді.

2. Еңбек тәжірибесін ретімен жазыңыз Еңбек тәжірибесін хронологиялық ретпен соңғы жұмыс орныңыздан бастап көрсетіңіз. Әр жұмыс орнында атқарған міндеттеріңіз бен жетістіктеріңізді қысқаша сипаттаңыз.

3. Білім мен кәсіби біліктілікті атап өтіңіз Білім туралы бөлімде оқу орныңыздың атауын, мамандығыңызды және оқуды аяқтаған жылдарыңызды жазыңыз. Егер қосымша курстарға қатысқан болсаңыз, оларды да қосқаныңыз жөн

4. Қабілеттер мен дағдыларды көрсетіңіз Өз салаңызда жетік меңгерген қабілеттеріңізді атап өтіңіз. Мысалы, қаржы талдауы, келіссөздер жүргізу немесе жобаларды басқару дағдылары. Тілдік қабілеттеріңізді де көрсету маңызды, себебі бұл жұмыс берушіге сіздің коммуникациялық мүмкіндіктеріңізді бағалауға көмектеседі.

5. Қысқа әрі нақты болыңыз Түйіндемені қысқа әрі жинақы етуге тырысыңыз. Жұмыс беруші ақпаратты тез оқып, түсінуі үшін артық мәліметтерді қоспаған жөн. Түйіндеме – бұл сіздің кәсіби бейнеңіз. Оны мұқият толтырып, әрбір бөлімге мән берсеңіз, сіздің кәсіби мүмкіндіктеріңізге сәйкес келетін лауазымға қол жеткізу әлдеқайда артады.

Түйіндеме – бұл сіздің кәсіби бейнеңіз. Оны мұқият толтырып, әрбір бөлімге мән берсеңіз, сіздің кәсіби мүмкіндіктеріңізге сәйкес келетін лауазымға қол жеткізу әлдеқайда артады.