December 22, 2019

МАҚСАТ

Қалайсыздар?

Марафонды жалған мақсаттардан бас тартудан бастап едік. Сіздердің сол күнгі посттарыңыздар көбіңіздің бұл тапсырманы түсінбегендеріңіз байқалды. Это нормально. Бастысы алғашқы қадам жасалды.

Бүгін мақсаттардың орындалуы сіз үшін оңай болу үшін, қандай шарттарға жауап беретіні жайлы айтамын. Оны айтпасам, мына марафон бос уақыт өткізу болып саналады.

Роза Аширбаева. @rozaashirbayeva @tupkisana.kz @almaty.aielder.ortalygy

Мақсаттарды "Не үшін?" - деп саралап, түпкі ниетін бірден анықтау көбіңізге қиын болған сияқты. Марафонның басқа тақырыптарын игере отырып, басыңыздағы бос шумдардан арыла отырып, алғашқы күннің тақырыбын қайта толықтырамыз.

Мақсаттарға қиын жетудің шарттары:

· Біреуге не өзіңе бірнәрсе дәлелдеу үшін

· Басқалардың алдында мақтану алу үшін

· Басқалар сені признавать ету үшін

· Басқалар сені жақсы көру үшін

· Өзіңді көрсету үшін

· Болашақта ештеңе істемеу үшін

· Өзгеден озу үшін

· Жұрттан қалмау үшін

· Жақын адамдарыңның бақыты үшін - жеткің келсе, ол уже мақсат емес мойынға жүктеген жүк.

Мұндай жүкпен мәнді, сәнді және қызықты өмір сүру мүмкін емес. Өзіңді алдап, күш-қуатыңды сарп етесің. Тұлғалығың жоғалады.

Мақсатты әрқашан өзіңнің рахатың үшін қою керек. Осыны жаттап алыңыз. Өзіңнің рахатың үшін қойған мақсат оңай орындалады, оны орындауға сізге мотивация керек емес. Ондай мақсаттың сіз болғанын күтпейсіз, оған жету процессінің өзінен рахат аласыз. Өз рахатың үшін қойылған мақсат саған күш-қуат береді. Сенің тұлғалығыңды ашады. Cізге рахат әкелетін мақсат обязательно сіздің жақындарыңызды бақытты етеді. Жүрегіңізді өзіңе деген махаббат кернейді. Сіз уже ол махаббатты бөліспей отыра алмайсыз, жаныңдағының бәрі просто так сіздің қасыңызда отырғаннан жаны жадырайды. Осыдан кейін өміріңіз қалай мәнді, сәнді және қызықты болмайды?

Егер мақсаттар бойынша сұрақтарыңыз болса, чатта талқылайық?

ТАПСЫРМА (5рет оқимыз):

1. Мәнді, сәнді және қызықты өмір сүру туралы ойыңызда парақшаңызда 10 стористе білдіресіз.

2. Сторис форматын өзіңіз таңдаңыз.

3. Стористеріңіздің екеуінде @almaty.aielder.ortalygy парақшасын, тағы екеуінде @tupkisana.kz парақшасын белгілеңіз.

4. Есеп беру тәртібі: есеп ретінде инстаграмдағы өз парақшаңызға сілтемені есеп чатына саласыз. Есепті 23.12.2019 жыл Астана уақытымен сағат 19:00ге дейін тапсыру керексіз.

ҚАНДАЙ ҚАТЕЛІКТЕР МАРАФОННАН ШЫҒЫП ҚАЛУ ҚАУІПІН ТӨНДІРЕДІ?

· парақшаңыз жабық болса

· есеп уақытынан хотя бы 1секунд кешіксеңіз

· сторис салу шарттары түгел орындалмаса

· біреудің сторисын қайталасаңыз

Сәттілік!