December 17, 2019

ЖАЛҒАН МАҚСАТТАР

Сәлеметсіздер ме!

Оххх! Мықты тема бүгін! Маған ұнайды. Сізге де ұнайтынына сенімдімін. Мақсаттар туралы әңгімені барлық психолог, коуч, тренерлер айтады. Мен неге жұрттан қаламын? 😅

Роза Аширбаева @rozaashirbayeva @tupkisana.kz @almaty.aielder.ortalygy

БҰЛ ТАҚЫРЫПТЫҢ МАҚСАТЫ: Сіздің басыңыздағы "лишний шумды" тазалау. Өйткені сіздің мақсатыңыз, арманыңыз, қалауыңыз әлі орындалмай жүрсе, сіз оның орындалмағанына переживать етіп, көөп энергия құртып жүрген болуыңыз мүмкін. Яғни бүгін МАҚСАТТАРҒА РЕВИЗИЯ жасаймыз.

ТАПСЫРМА БОЙЫНША АҚПАРАТ: Сакиди Тойода деген кісі болған. Әр қазақтың арманы болған "Тойота" көліктерінің атасы деуге болады. Сол кісі 1930жылы компаниясының бизнес-процесстерін реттеу мақсатында "5 зачем" (5 не үшін) принципін ойлап тауыпты. Сакиди ата осы техниканы қолданудың арқасында қазір әлемдік автопромда американдықтар мен немістердің алдына шыққан деседі. Қазіргі таңда осы принцип Кайдзен және 6сигма системаларында қолданылады екен.

Сіз бұл техника туралы давно естіген болуыңыз мүмкін. Но шындап қолданбаған шығарсыз.

Лайфхак: Осы әдіспен кез-келген проблеманың түп-тамырын табуға болады. Просто 5рет "не үшін" немесе "неге" сұрақтарын қоясыз😉

ТАПСЫРМА БОЙЫНША МЫСАЛ:

Сіз норковый шуба алғыңыз келеді, прям мақсатыңыз соны алу.

Не үшін? Только өзіңізге шын жауап беріңіз.

Басқаларды "уау" дегізгім келеді

Не үшін? Басқалардың "уау" дегені не үшін керек?

Бәрінің назарын өзіме қарату үшін

Не үшін? Бәрінің назары саған не үшін керек? (уже үшінші рет)

Бәріне ұнағым келеді

Не үшін? Бәріне не үшін ұнағың келеді? (төртінші рет)

Мені басқалардың жақсы көргенін қалаймын

Не үшін? Басқалардың жақсы көргені не үшін керек?

🤔

Иногда осы жерде ответ таппай қалуымыз мүмкін. Біз басқалардың жақсы көргенін қалап тұрамыз. Өйткені әр адам махабатты қалайды! Ия! Это нормально. Бірақ басқаның махаббатын алу үшін норковая шуба, екі этажды коттедж, лексус 570 алу сізге ешқандай да сіздің жүрек қалауыңызды қанағаттандырмайды. Шешім: өзіңді сүюді үйрену керек.

Дәл осылай сіздер өз мақсаттарыңызға бүгін ревизия жасап шығыңыз.

ТАПСЫРМА (мұқият 5рет оқыңыз)

1. 5-тен 30ға дейін өзіңіздің осы уақытқа дейін жазған мақсаттарыңыздың бәрін дәптерге жазып шығыңыз. Әрқайсысын "5 не үшін" техникасымен тексеріп шығыңыз. Басында кішкене ойланып қалуыңыз мүмкін, но потом үйреніп аласыз да әр мақсатыңызға көп болса 10минут жұмсайсыз.

2. Егер осы уақытқа дейін арман және мақсаттарыңызды жазбаған болсаңыз, ойланып отырып жазып шығыңыз.

3. МАҚСАТТАРЫҢЫЗДЫ ҚАЛАЙ САРАЛАҒАНЫҢЫЗ туралы өз Инстаграм парақшаңызда пост жазыңыз. Постыңыз кемінде 300 символдан тұру керек (біз санаймыз). Постыңызда (комментте емес) @almaty.aielder.ortalygy және @tupkisana.kz парақшаларын белгілейсіз. Мәтінде #зкш_марафон хештегі болуы тиіс.

4. Есеп беру тәртібі: есеп ретінде инстаграмдағы өз постыңызға сілтемені есеп чатына саласыз. Есепті 18.12.2019 жыл Астана уақытымен сағат 20:00ге дейін тапсыру керексіз.

ҚАНДАЙ ҚАТЕЛІКТЕР МАРАФОННАН ШЫҒЫП ҚАЛУ ҚАУІПІН ТӨНДІРЕДІ?

· парақшаңыз жабық болса

· есеп уақытынан хотя бы 1секунд кешіксеңіз

· пост жазу шарттары түгел орындалмаса

· біреудің постын көшіріп жазсаңыз

· жазған постыңыз шынайы болмаса)) я психолог, сразу пойму😁

Сәттілік!