ДҰРЫС СҰРАҚТАР
Привеееет!
Бірінші күннен аман шыққандарыңызға қуанып жатқан боларсыздар. Стартовый күн всегда показательный. Қиындық алдында қалай өзіңізді ұстадыңыз, өмірде тура сондайсыз. Бірінші басыңызға қандай ой келді, өмірде тура сол ойлардың жетегімен жүріп шешім қабылдайсыз. Бұл факт.
Кризис алдында біреуіңіз қорыққаннан жазарға сөз таппадыңыз, біреуіңіз сылтау іздедіңіз, біреуіңіз паника ұстап көмек сұрап кеттіңіз, енді біреуіңіз проблеманың шешімін менің тауып беруімді талап еттіңіз. Уже түсінген шығарсыздар ия, что все ваши проблемы в вашей голове.
Кеше сіздер біраз басыңыздағы артық шумды бастыңыздар. Жаңа нәрсені мақсат қоярда осы қағиданы ұмытпаңыз. Артық шум сіздің назарыңызды өзіңізден отвлекать етеді.
Бүгін біз өзімізге сұрақ қойып үйренеміз. Қызық және біршама ауыр сұрақтар. Көбіңіз жауап берерде жауап таппай қиналып кетуіңіз мүмкін, енді біреуіңіз өзіңізді алдай бастауыңыз мүмкін. Бәрі мүмкін. Өзіңмен жұмыста болатын жағдай, қорқпаңыз, етіңізді үйретіңіз. Адамның тісі шыққанда ауырады ғой, кейін жақтың еттері үйреніп, тістеріңізге қуанып, рахаттанып тамақ шайнайсыз.
Өзіңе сұрақ қойғанда бастысы бұл істі бір рет қана жасап тастап кетпеу. Бұл сұрақтар сіздің өмірлік серіктеріңіз, компасыңыз, яндекс картаңыз болу керек.
Дәптеріңізді қолыңызға алыңыз, ал, кеттік:
БІРІНШІ СҰРАҚ: Мен кіммін? - ой, конечно адаммын дерсіз. Әрине, Алла бізді адам етіп жаратты, сана берді. Әлемдегі барша тірі жаннан жоғары етті. Сіз онымен қоса тұлғасыз. Қандай тұлғасыз? Жауап жазып көріңіз.
ЕКІНШІ СҰРАҚ: Мен ерекшеліктерім/қабілеттерім қандай? - Жаратушы бізді әрқайсысымызды тұлға етіп жаратса, әр тұлғаның өз ерекшелігі бар екені сөзсіз. Ол ерекшеліктерді өзіңе және басқаларға бақыт сыйлау үшін береді. Сіздің өзіңізге де өзгеге де бақыт, қуаныш сезімін сыйлайтын қандай ерекше қасиетіңіз бар? Тізіп жазыңыз дәптеріңізге.
ҮШІНШІ СҰРАҚ: Өмір бойы менімен бірге жүрген және әр түрлі жағдайларда ылғи мені құтқарған ерекше қасиетім/қабілетім қандай? - Екінші сұраққа ұқсайды ия? Бірақ кішкене басқаша подход. Мен мысалы всегда "болтушка" болғанмын, сөзімнің көптігінен көп жерде сытылып кететінмін. Сабақ оқымасам да примерно айта салып 5алып кететінмін. Қазір де сөйлегіштігім жұмысымда көмектеседі.
Неге бұл сұрақтар сізге өмір бойы керек болады деп айттым?
Өйткені сіз дамыған сайын өзіңіздің кешегі өткен өміріңізге басқаша қарай бастайсыз, бұрын байқамаған қасиеттеріңізді бағалап, дамыта бастайсыз. Өткеннен өкініш емес, ресурс ала бастайсыз!
Супер да? 😁
ТАПСЫРМА: (5рет оқыңыз)
- ТҰЛҒА БОЛУ жайлы пост жазыңыз. Егер тапсырманы дұрыс орындасаңыз, ойыңызды постқа жеткізу қиын емес. Постыңыз кемінде 500 символдан тұру керек (біз санаймыз).
- Постыңызда (коментте емес) @almaty.aielder.ortalygy және @tupkisana.kz парақшаларын белгілейсіз. Мәтінде #зкш_марафон хештегі болуы тиіс. Аккаунттың және хештегтің хотя б бір әріпінде қате болса, есеп қабылданбайды.
- Өз постыңызды сториске репост жасайсыз. Стористе @almaty.aielder.ortalygy және @tupkisana.kz парақшаларын белгілейсіз. Репостты қалай жасау керек екенін мына видеодан қараңыз 👉🏻 ҮЛГІСІ (жазудың үстін басыңыз)
- Есеп беру тәртібі: есеп ретінде инстаграмдағы өз постыңызға сілтемені есеп чатына саласыз. Есепті 19.11.2019 жыл Астана уақытымен сағат 21:30ға дейін тапсыру керексіз.
ҚАНДАЙ ҚАТЕЛІКТЕР МАРАФОННАН ШЫҒЫП ҚАЛУ ҚАУІПІН ТӨНДІРЕДІ?
парақшаңыз жабық болса
есеп уақытынан хотя бы 1секунд кешіксеңіз
пост жазу шарттары түгел орындалмаса
біреудің постын көшіріп жазсаңыз
жазған постыңыз шынайы болмаса)) я психолог, сразу пойму😁
Сәттілік!