December 23, 2019

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ

Сәлем!

Сізбен қоштасатын да уақыт жетті. Соңғы тақырып ретінде не ақпарат беретініміді мен марафонның басында білгенмін. Неге басында бермедім? Өйткені шешім қабылдаудың қаншалықты маңызды екенін сіз басыңыздағы шумды баспай, өзіңді сүюге қадам жасамай тұрып білу мүмкін емес.

Сіздің өміріңіздегі өзгерістер шешім қабылдағаннан басталады. Сырттай емес, іштей. Өзіңіз үшін. Бұл миға да сигнал.

Қалап, шын көңіліңізбен шешім қабылдағанда әлем сол шешіміңізге қарай ыңғайлана бастайды.

Бүгін марафонды қорытындылай отырып, өткен тақырыптардың шешім қабылдауда бізге қалай көмектесетінін анықтайық:

ЖАЛҒАН МАҚСАТТАР. Олардан арылу арқылы сіздер күш-қуаттарыңызды өзіңізге бағыттайсыз

ДҰРЫС СҰРАҚТАР. Оларды қою арқылы сіз өзіңізді тани түсесіз.

АҚПАРАТТЫҚ ДИЕТА. Бос ақпараттардан ойыңызды тазарту арқылы ішкі қалауларыңызды анықтай бастайсыз.

ҚОРҚЫНЫШТАР. Оларды жеңу арқылы алға қадам жасай бастайсыз.

ӨЗІҢДІ СҮЮ. Сөзсіз сізді жолыңыздан тайдырмайды.

МАҚСАТТАР. Дұрыс өзіңіздің мақсаттарыңыз сіздің өміріңізді мәнді, сәнді және қызықты етуге көмектеседі.

Осының бәрін біле отырып, игере отырып сіз ӨЗІҢІЗДІҢ ШЕШІМДЕРІҢІЗДІ ҚАБЫЛДАЙСЫЗ. Ал өз шешіміңізді қабылдау Сізді өз өміріңізді өзіңіз игеруге, өзіңізбен гармонияда болуға, жертва болмауға, әрқашан өз өміріңіз үшін жауапкершілікті өзіңіз алуға көмектеседі.

Сондықтан бүгін дәптеріңізге Зона Комфортадан Шыққан адамның, яғни өзіңіздің өміріңізге қатысты шешімдерді қабылдаңыз. Чатта басқа қатысушылармен талқылаңыз. Пікір бөлісіңіз.

ТАПСЫРМА:

1. ЗОНА КОМФОРТАДАН ШЫҒУ МАРАФОНЫ сізге, именно сізге не берді? Шыға алдыңыз ба өз Зона Комфортаңыздан? Сол туралы пост жазыңыз. Ұнаған тақырыптарды ерекше белгілеп жазсаңыз болады. Постыңыз кемінде 500 символдан тұру керек (біз санаймыз).

2. Постыңызда (коментте емес) @almaty.aielder.ortalygy және @tupkisana.kz парақшаларын белгілейсіз. Мәтінде #зкш_марафон хештегі болуы тиіс. Аккаунттың және хештегтің хотя б бір әріпінде қате болса, есеп қабылданбайды.

3. Өз постыңызды сториске репост жасайсыз. Стористе @almaty.aielder.ortalygy және @tupkisana.kz парақшаларын белгілейсіз. Репостты қалай жасау керек екенін уже білесіздер.

4. Есеп беру тәртібі: есеп ретінде инстаграмдағы өз постыңызға сілтемені есеп чатына саласыз. Есепті 24.12.2019 жыл Астана уақытымен сағат 20:00ге дейін тапсыру керексіз.

ҚАНДАЙ ҚАТЕЛІКТЕР МАРАФОННАН ШЫҒЫП ҚАЛУ ҚАУІПІН ТӨНДІРЕДІ?

· парақшаңыз жабық болса

· есеп уақытынан хотя бы 1секунд кешіксеңіз

· пост жазу шарттары түгел орындалмаса

· біреудің постын көшіріп жазсаңыз

· жазған постыңыз маған ұнамаса ))) шучу)) пишите правду))

Сәттілік!