«...Олар Пайғамбарлардың қабірлерін мешіт қылып алған».
Айша анамыздан, Аллаһу Тағала одан разы болсын: «Пайғамбарымыз ﷺ өлім аузында жатып айтты: «Яхуди мен христиандарға Аллаһтың лағынеті болсын. Олар Пайғамбарлардың қабірлерін сәжде ететін жер қылып алған» (Екі сахих жинақта келген).
Хадисте келген «мәсәджид» деген сөз мешіт емес, «сәжде ететін жер» деп аударылады.
Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 712) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:
«Ат-Тыиби: «Пайғамбар ﷺ қайтыс болар алдын адамдар яхудилер мен христиандар сияқты оның қабіріне құлшылық қылып кетуден қорыққан. Сондықтан адамдар оның қабіріне яхуди мен христиандар секілді жасамауы үшін оларға лағынет айтты. Яхудилер мен христиандарды Аллаһ лағынет ету себебі, олар пайғамбарлардың қабірлерін ұлықтап оған сәжде еткендіктен, ал бұл болса барып тұрған ширк, немесе олар пайғамбарлардың қабірлерінде Аллаһу Тағалаға құлшылық етіп, бірақ пайғамбарлардың қабірлеріне сәжде жасап, құлшылықта олардың қабірлерін құбыла етіп алғаны үшін. Ал бұл – жасырын ширк, рұқсат етілмеген нәрседе жаратылысты ұлықтау. Сондықтан имамдарымыздан болған кейбір хадис түсіндірушілер Пайғамбар ﷺ үмметті бұл әрекет яхудилердің сүннетіне ұқсас болғандықтан немесе бұл (қабірге құрмет ретінде сәжде ету) амал жасырын ширк болғандықтан тыйым салған деп түсіндірді. Және бұл түсіндірме келген хадистерге сай келеді: «Олар (яғни, яхуди мен христиандар) істеген нәрседен сақ болыңыздар». Әл-Қади айтты: «Яхудилер мен христиандар Пайғамбарларының қабірлеріне сәжде етіп, оларды құбылаға айналдырып, құлшылықтарында сол жаққа жүзденетін. Олар қабірлерді пұтқа айналдырғандықтан оларға лағынет айтылып, мұсылмандарға оларға ұқсаудан тыйым салынған». Ал, кімде-кім әулиелердің қабірінің жанынан мешіт салса немесе қабірстанда намаз оқыса және сол арқылы тек бекеркет алуды немесе әулиеден әсер алуды ниет етсе, қабірді ұлықтау және оны құбыла қылып аул үшін емес, онда мұнда тұрған ешқандай кінәрат жоқ. Исмаил пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі болсын, қабірі әл-Хатим маңындағы қасиетті жерде¹ екенін көрмейсің бе? ат-Тыиби айтқандай, қабірстанда намаз оқуға тыйым мәйіт қазылып алынған қабірстанға ғана қатысты, өйткені мұндай жерлер ластанған\нәжістенген болады. Басқалары Исмаил пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі болсын, қабірі әл-Мизәбта² деген, ал Қара тас пен Зәмзәм арасындағы жетпіс пайғамбардың қабірі екенін айтқан. Ибн Хаджар: «Хадис түсіндірушілер Исмаилдің қабірінде намаз оқудың мәкруһ дегендерге ишара етіп, қазылып алынған қабірстанда, ол жерлерде нәжіс болу себепті, намаз оқу мәкруһ деп жауап берді». Көп адамдар пайғамбарлардың қабірлері басқа қабірлерден ерекше, сондықтан олардың қабірлерінде намаз оқу ешбір жағдайда мәкруһ емес екендігі туралы ғапылдықта, өйткені пайғамбарлар қабірлерінде тірі. Ал «Пайғамбарлардан басқа қабірстанда намаз оқу мәкруһ, тіпті ол қабірлер қазылмаған болса да. Өйткені намазда нәжіске іргелес болады, ал нәжіске іргелес болу мәкруһ, мейлі ол адам нәжістің үстінде, артында немесе астында болсын» деген сөздері мүлдем дұрыс емес. «Әс-Сунния» шархында қабірстанда намаз оқуға қатысты ғалымдар хиләфқа түсті, кейбір ғалымдар қабірдің топырағы мен жері таза болса да мәкруһ деген. Олар алда келетін (басқа) хадисті дәлел ретінде алға тартты. Басқалары: «Қабірстанда намаз оқу мәкруһ емес» деп айтқан. Ал хадисте келген қабірстанда намаз оқуға тыйымның себебі, өйткені көбінесе қабірстан топырағы ірің немесе ет\қан секілді нәрселермен нәжістенген болады, нәжісте намаз оқымау үшін қабірстанда намаз оқудан қайтарған деп түсіндірген. Егер қабірстан басы таза болса, онда ол жерде намаз оқуда ешқандай әбестік жоқ. Және қораға, қасапханаға және жол жиегінде намаз оқуға (тыйым) да (нәжіске) қатысты. Тек жол жиегінде намаз оқуға тыйым басқа себепке байланысты (яғни, нәжіске қатысты емес): жолда өтіп бара жатқан адамдардың намаз оқушының ойын бұзуға байланысты. Ибн Хаджар айтты: «Пайғамбар ﷺ қабірстанда намаз оқуға тыйым салғаны рас. Ғалымдар бұл тыйым мәкруһ тәнзиһ пе немесе тахрим ба деген мәселеде ғана хиләфқа түсті». Біздің мәзһаб бірінше көзқарас ұстанады (яғни, тәнзиһ. Мулла Әли әл-Қари келесі бетті: ««Әл-Муния» кітабының түсіндірушісі өз пәтуәсында айтты: «Егер қабірстанда арнайы намазхана болса және ішінде қабір болмаса, онда мәкруһ тәнзиһ те емес»,- келтіреді), ал имам Ахмадтың мәзһабы тахрим деген көзқараста, бәлки намазы дұрсы болмайды. Өйткені имам Ахмадтың құзырында қабірстан намаз оқудан қайтарылған мекен, ал бұл болса намаздың дұрыс емес екенін көрсетеді, уақыт секілді (яғни, уақыттан тыс оқылған намаз дұрыс болмағаны секілді)».
¹Әл-Мизәб - үш деген санмен көрсетілген. ²Әл-Хатим - бес деген санмен көрсетілген.