August 13

«Тек үш мешітке бару үшін арнайы сапарға шықса болады – әл-Харам Мешітіне, менің мешітіме және әл-Ақса мешітіне».

«Тек үш мешітке бару үшін арнайы сапарға шықса болады – әл-Харам, әл-Ақса және менің осы мешітім» (Муслим 1397).

Уаһаби-хауариждер осы хадиске сүйене отырып, әулиелердің қабірлерін және шарапатты жерлерді зиярат ету мақсатында арнайы сапар шегуге тыйым салады және оны харам дейді. Олар тіпті Аллаһ Елшісінің ﷺ қасиетті қабірін зиярат ету үшін арнайы жолға шығуды да харам санап, Ислам үмбетінің ижмасына (бірауызды келісіміне) ашық түрде қарсы шығады.

Алайда, осы хадисті тілдік әрі мағыналық тұрғыдан дұрыс қарастыратын болсақ, оның қабірлерді зиярат етуге ешқандай қатысы жоқ екенін анық байқаймыз. Өйткені хадисте:
«Үш мешіттен басқа жерге (сапарға шығуға) арнайы түрде ниет етілмейді» деген. Бұл жерде мешіттер жайлы сөз болып тұр, ал қабірлерге қатысты ештеңе айтылмаған.

Араб тіліндегі истиснә қағидасы

Араб тілінде «истиснә» (яғни ерекшелеу) грамматикалық бабына сай, егер ерекшелеу белгілі бір жыныстан (түрден) жасалса, онда тыйым да сол жынысқа қатысты болады. Оған мысал:

Егер біреу: «Аулада тек Айдос бар» десе, бұл сөйлемнен:
– «Аулада ешбір тіршілік иесі жоқ» деген мағына шықпайды.
– Қайта, «Айдостан басқа адам жоқ» деген мағына түсініледі.

Бұл тілдік заңдылық барлық ақыл иесіне белгілі. Сол сияқты, хадисте де «үш мешіттен басқа» деп нақты мешіттерді атап өту арқылы, тек мешіттерге қатысты ерекшелеу айтылған. Ендеше, бұл хадистен «қабірлерге баруға болмайды» деген тұжырым шығару – тілді бұрмалау болып табылады.

Тағы бір мысал:

Егер мен біреуге: «Сен тек осы мешітте ғана намаз оқы» десем, ол сөзімнен «қабірде намаз оқыма» деген мағына емес, «басқа мешіттерде оқыма» деген мағына шығады. Демек, истиснә тек өз жынысына (яғни сол контекстегі категорияға) қатысты болатыны — араб тілінің бекітілген қағидасы.

Әһлу сунна ғалымдарының көзқарасы

Әһлу сунна уәл-жамағат ғалымдары осы хадисті дәл осылай түсінген. Олар бұл хадистің қабір зияратына ешқандай тыйым салмайтынын айтып, оның тек мешіттерге арнайы сапар жайлы екенін нақтылаған.

Сондықтан, хадисті дәл осы тілдік әрі ғылыми тұрғыдан талдай отырып түсінбестен, оны қабір зияратына қарсы дәлел ретінде қолдану — үлкен бұрмалау, әрі үмбеттің ижмасына қайшы әрекет.

Төменде, Аллаһ қаласа, осы хадиске байланысты белгілі мухаддис ғалымдардың нақты түсіндірмелерін де келтіретін боламыз.

• Хадис ілімінде мұсылмандардың әмірі, шейхул-хадис, имам ибн Хаджар әл-Әсқаләни әш-Шәфиғи өзінің «Фәтху әл-Бәрри» (66/3) кітабында жоғарыдағы хадистің түсіндірмесінде айтты:

قال الحافظ أحمد بن حجر العسقلاني في شرحه لحديث: " لا تشد الرحال " في كتابه: " فتح الباري شرح صحيح البخاري (3 / 66)

ومنها أن المراد حكم المساجد فقط ، وأنه لا تشد الرحال إلى مسجد من المساجد للصلاة فيه غير هذه الثلاثة ، وأما قصد غير المساجد لزيارة صالح ، أو قريب ، أو صاحب ، أو طلب علم ، أو تجارة ، أو نزهة فلا يدخل في النهي.

لا تشد الرحال إلى مسجد للصلاة فيه إلا إلى الثلاثة ، فيبطل بذلك قول من منع شد الرحال إلى زيارة القبر الشريف وغيره من قبور الصالحين ، والله أعلم.

«Бұл хадистегі тыйым басқа мешіттерге қатысты айтылған. Яғни хадистің мағынасы: “Үш мешіттен басқа мешітке арнайы түрде, сол жерде намаз оқудың артықтығы үшін сапарға шықпаңыздар” дегенді білдіреді. Бұл хадистің тақуа адамдарды, туыстарды, достарды зиярат етуге, білім іздеуге, сауда жасауға немесе жай саяхаттауға еш қатысы жоқ.

Хадистегі “үш мешіттен басқа мешітке сапар шекпеңдер” деген сөз, әулиелердің қабірін зиярат етуге тыйым салады деушілердің уәжін жоққа шығарады. Шындығында, хадис олардың айтқанындай емес. Аллаһ Тағала жақсырақ біледі».

• Және Шейхул-Хадис «әт-Тәлхис әл-Хабир» кітабында айтты:

قالَ الحافِظُ ابْنُ حَجَرٍ العَسْقَلانِيُّ في التَلْخِيصِ الحبيرِ:... ومَنْ فَهِمَ مِنْ هَذا الحَدِيثِ مَنْعَ السَّفَرِ لِزِيارَةِ الْمُصْطَفَى صَلّى اللهُ عليه وسلَّمَ أَوْ زِيارَةِ القُبُورِ فَقَدْ وَهِمَ وما فَهِمَ.

«...Егер кімде-кім жоғарыдағы хадистен Аллаһ Елшісінің ﷺ немесе өзге де шарапатты қабірлерді зиярат ету үшін сапарға шығуға тыйым салынған деп түсінсе, онда ол қатты қателескен болады».

• Ғұлама ғалым, имам Бадруддин әл-Ғайни әл-Ханафи өзінің Бухариге жазған «Ғумдату әл-Қари» (7/254) түсіндірмесінде айтады:

قال الإمام العلامة بدر الدين العيني في شرحه على البخاري المسمى بعمدة القاري (7 / 254) عند الكلام على حديث " لا تشد الرحال ":وقال شيخنا زين الدين: من أحسن محامل هذا الحديث أن المراد منه حكم المساجد فقط وأنه لا يشد الرحل إلى مسجد من المساجد غير هذه الثلاثة فأما قصد غير هذه المساجد من الرحلة في طلب العلم وفي التجارة والتنزه وزيارة الصالحين والمشاهد وزيارة الإخوان ونحو ذلك فليس داخلا في النهي.

«Шейхымыз Зәйнуд-Дин رحمه الله былай деген: “Бұл хадистің ең дұрыс түсіндірмесі – онда тек үш мешіттен басқа мешіттерге, арнайы сол жерде намаз оқудың артықтығын көздеп сапарға шығуға тыйым салынғаны меңзелген. Ал мешіттен өзге мақсаттармен: білім іздеу, сауда жасау, саяхаттау, тақуа кісілерді немесе бауырларды зиярат ету, көрнекі жерлерді тамашалау секілді істер үшін жолға шығу – бұл хадистегі тыйымға жатпайды”».

• Ибн Қудама әл-Мақдиси әл-Ханбали (ханбали мәзһабының фиқһта негізгі кітабы болып есептелетін) «әл-Муғни» (2/52) кітабында айтады:

وفي المغني لابن قدامة (٥٢/ ٢) المغني: «(فصل) فإن سافرلزيارة القبور والمـشاهد فقـال ابـن

عقيل لا يباح له الترخصلأنهمنهي عن السفرإليها قال النبي ﷺ لا تشد الرحـال

إلا إلى ثلاثة مساجد متفق عليه والصحيح إباحته وجوازالقصر فيه لأن النبـي ﷺ

كان يأتي قباء راكبا وماشيا وكان يزورالقبور وقال زوروها فإنها تذكركم الآخـرة

وأما قوله ﷺ» لا تشد الرحال إلا إلى ثلاثةمساجد فيحمل عـلى نفـي التفـضيل لا على التحريم».

«Қабірлерді зиярат ету үшін арнайы сапар шегуге болмайды» деген көзқарасты Ибн Ғақил ұстанған. Ол өз сөзінің дәлелі ретінде Аллаһ Елшісінің ﷺ: «Үш мешіттен басқа жерге арнайы сапарға шықпаңдар» деген хадисін келтірген. Алайда, дұрыс әрі сахих көзқарас бойынша — қабірлерді зиярат ету үшін сапарға шығуға болады, тіпті жолға шыққан адам намазын қысқартып оқиды. Өйткені Аллаһ Елшісі ﷺ Қуба мешітіне кейде жаяу, кейде көлікпен арнайы баратын. Сондай-ақ, қабірлерді зиярат етіп, былай дейтін: «Қабірлерді зиярат етіңдер, өйткені олар сендерге ақыретті еске салады»».

Ал Пайғамбарымыздың ﷺ «Үш мешіттен басқа жерге арнайы сапарға шықпаңдар» деген хадисі — басқа мешіттерге сапар шегу харам дегенді білдірмейді. Бұл — сапар шекпегені абзал, яғни басқа мешіттерге сапарға шықпау – артық амал екенін білдіреді.

Алайда хауариж-уаһабилер бұл хадистің мағынасы тек мешіттерге ғана емес, барлық басқа жерлерге, соның ішінде әулиелердің қабірлерін зиярат ету мақсатында жолға шығуға да тыйым салынған деген кейбір ғалымдардың пікірін алға тартулары мүмкін.

Біз оларға жауабымызды Имам ән-Нәуәуийдің رحمه الله «Сахих Муслимге» жазған түсіндірмесінен келтіреміз. Ол бұл хадиске былай деп түсініктеме берген:

[وفي هذا الحديث: فضيلة هذه المساجد الثلاثة، وفضيلة شد الرحال إليها، لأن معناه عند جمهور العلماء: لا فضيلة في شد الرحال إلى مسجد غيرها. وقال الشيخ أبو محمد الجويني من أصحابنا: يحرم شد الرحال إلى غيرها وهو غلط] اهـ

«Бұл хадисте үш мешіттің артықшылығы мен соларға арнайы түрде сапарға шығудың абзал екені айтылған. Өйткені көпшілік (джумһур) ғалымдардың көзқарасы бойынша хадистің мағынасы: «Үш мешіттен басқа мешіттерге сапар шегу – абзал емес» дегенді білдіреді. Біздің мәзһаб ғалымдарынан Шейх Әбу Мухаммад әл-Джуәйни رحمه الله: «Үш мешіттен басқа барлық жерге арнайы сапар шегу – харам» деген. Алайда, бұл көзқарас дұрыс емес, әрі шариғи негізге сай келмейтін қате пікір болып табылады».

Осылайша, Имам ән-Нәуәуий رحمه الله бұл хадисті тек мешіттерге қатысты деп шектеген және қабірлерді зиярат ету мақсатында сапарға шығу — осы тыйымға кірмейді деп нақты айтқан.

Көріп отырғанымыздай, шарапатты қабірлерді зиярат ету үшін арнайы сапарға шығу – “сопылардың” ойдан шығарған жаңалығы емес, керісінше, джумһур (көпшілік) ғалымдардың көзқарасы бойынша рұқсат етілген амал болып табылады.

Ғалымдардың сөзін Шейхул-Хадис Ибн Хаджар әл-Әсқәлани әш-Шәфиғидің сөзімен («Фәтху әл-Бәрри», 66/3) аяқтауды жөн көрдім:

قال الحافظ أحمد بن حجر العسقلاني في شرحه لحديث: "لا تشد الرحال" في كتابه: "فتح الباري شرح صحيح البخاري (3/66): [والحاصل أنهم ألزموا ابن تيمية بتحريم شد الرحل إلى زيارة قبر سيدنا رسول الله صلى الله عليه وسلم وأنكرنا صورة ذلك, وفي شرح ذلك من الطرفين طول , وهي من أبشع المسائل المنقولة عن ابن تيمية , ومن جملة ما استدل به على دفع ما ادعاه غيره من الإجماع على مشروعية زيارة قبر النبي صلى الله عليه وسلم ما نقل عن مالك أنه كره أن يقال: زرت قبر النبي صلى الله عليه وسلم.

وقد أجاب عنه المحققون من أصحابه: بأنه كره اللفظ أدبا لا أصل الزيارة فإنها من أفضل الأعمال وأجل القربات الموصلة إلى ذي الجلال وإن مشروعيتها محل إجماع بلا نزاع , والله الهادي إلى الصواب.

«Қысқасы, олар Ибн Таймияның Аллаһ Елшісінің ﷺ қабірін зиярат ету үшін арнайы сапарға шығуға тыйым салғанын алға тартады. Алайда біз бұл пәтуаны айқын түрде бұрыс деп таныдық. Бұл мәселеге қатысты екі тараптан да түрлі түсіндірмелер мен көзқарастар айтылған. Алайда, Ибн Таймияның бұл пікірін — оның ең өрескел әрі жиіркенішті көзқарастарының бірі деп бағалағандар бар.

Ол (Ибн Таймия) қабірді зиярат етудің рұқсат екендігі жөнінде үмбет ғалымдарының арасында орныққан иджманы жоққа шығару үшін Имам Мәликтің сөздерін дәлел ретінде келтірген. Бірақ Имам Мәликке: «Мен Аллаһ Елшісінің ﷺ қабірін зиярат еттім» деп айту лайықсыз еді» деген сөзді таңу — ешбір негізге сыймайды».

Шынында да, Имам Мәликтің кейбір шәкірттері мен мухаққиқ (зерттеуші) ғалымдары оның қабірді зиярат етуге қатысты айтпағанын, тек “зиярат” деген сөзді қолдану әдепке қайшы ұнамсыз көргенін жеткізген. Ал негізінде, қабірді зиярат ету — Аллаһ Тағалаға жақындаудың ең абзал амалдарының бірі және үлкен себептердің қатарынан. Бұл амалдың заңдылығын бүкіл үмбеттің ижмасы растайды. Тура жолға салушы — Аллаһ Тағала.


Хауариж-уаһһабилердің уәжі және оған жауап

Хауариж-уаһабилердің айтуынша, Пайғамбарымыздың ﷺ қабірін зиярат ету үшін арнайы сапарға шығуға болмайды, бірақ егер бір адам Пайғамбарымыздың ﷺ мешітінде намаз оқуды ниет етіп барып, кейін сол сапардың арасында Пайғамбарымызды ﷺ зиярат етсе — онда рұқсат етіледі деп санайды.

Бұл уәжге жауап ретінде Ханбали мәзһабының фақиһы әрі хадис ілімінің хафизы — Ибн Раджаб әл-Ханбәлидің көзқарасын келтірген жөн.

Хафиз Әбу Зурға әл-Ирақи «Тарху әт-Тәсриб» (6/43) атты еңбегінде әкесі, хадис хафизы Уәлиуллаһ әл-Ирақи мен Ибн Раджаб әл-Ханбәли арасында Пайғамбарымыздың ﷺ қаласына барған сапарлары кезінде болған мына бір оқиғаны баяндайды:

قال الحافظ أبو زرعة العراقي في طرح التثريب (6 / 43) :

[وكان والدي (أي الحافظ الكبير ولي الله العراقي) رحمه الله تعالى يحكي أنه كان معادلا للشيخ زين الدين عبد الرحيم بن رجب الحنبلي في التوجه إلى بلد الخليل عليه السلام فلما دنا من البلد قال: نويت الصلاة في مسجد الخليل ليحترز عن شد الرحل لزيارته على طريق شيخ الحنابلة ابن تيمية , قال: فقلت: نويت زيارة قبر الخليل عليه السلام ,ثم قلت له: أما أنت فقد خالفت النبي صلى الله عليه وسلم لأنه قال:" لا تشد الرحال إلا إلى ثلاثة مساجد "وقد شددت الرحل إلى مسجد رابع ,وأما أنا فاتبعت النبي صلى الله عليه وسلم لأنه قال:"زوروا القبور" أفقال إلا قبور الأنبياء؟ قال: فبهت.] اهـ

«Әкем, хафиз Уәлиуллаһ әл-Ирақи رحمه الله, шейх Зәйнуддин Абдуррахим ибн Раджаб әл-Ханбәлимен бірге Ибраһим пайғамбардың عليه السلام қаласына (Халил еліне) сапар шеккендерін айтатын. Қалаға жақындаған сәтте, әкем: “Ниет еттім — Халил мешітінде намаз оқуға”, — деді. Бұл сөзін ол ибн Тәймияның “қабірді зиярат ету үшін арнайы сапарға шығуға болмайды” деген көзқарасына сай айтып отырды. Сонда Ибн Раджаб әл-Ханбәли رحمه الله: “Мен Ибраһим пайғамбардың عليه السلام қабірін зиярат етуді ниет еттім”, — деді. Әкем (әл-Ирақи): “Сен Пайғамбарымыздың ﷺ «Үш мешіттен басқа мешітке арнайы сапар шекпеңдер» деген хадисіне қайшы келдің ғой”, — деді. Сонда Ибн Раджаб жауап берді: “Мен төртінші мешітке сапарға шықтым ба? Жоқ! Мен Пайғамбарымыздың ﷺ сүннетіне ілесіп жатырмын. Ол айтты ғой: «Қабірлерді зиярат етіңдер». Әлде ол «Пайғамбарлардың қабірлерінен басқасын зиярат етіңдер» деді ме?” — Мен (Әбу Зурға) оның бұл жауабына қайран қалдым».


Ибн Тәймияның бұл көзқарасына үмбет ғұламалары қарсы болған

Кезінде ибн Тәймияның Пайғамбарлар мен шарапатты мекендерді зиярат ету үшін арнайы сапарға шығуға тыйым салған пәтуасы — шариғат сотында қаралып, ол қамауға алынған. Сот шешімімен бұдан кейін кімде-кім ибн Тәймия секілді пәтуә беретін болса — ол да жауапқа тартылуы тиіс деген үкім шыққан. Бұл туралы шейх Тәқийуддин әл-Хисни өзінің «Дәф‘у шубаһ мән шәббәһә уә тәмәррад» атты кітабында баяндаған.


Қорытынды

Хадисте басқа мешіттерге арнайы сапарға шығудан тыйым салу — үш мешіттен өзге мешіттерде намаз оқудың сауабы тең, артықшылығы жоқ екенін білдіреді. Сондықтан алыс жолға шығудың қажеті жоқ. Бірақ бұл тыйым — басқа мақсаттағы сапарларға (қабір зияраты, ілім іздеу, сауда, туысқа бару, т.б.) қатысы жоқ.

Шарапатты қабірлерге арнайы сапарға шығу — ижма бойынша рұқсат етілген, сүннетке сай амал.