Хазіретті Ибн Аббас Алла Елшісінің ﷺ былай дегенін жеткізген: «Аллаһтың құзырында ең жек көрілген үш адам: ...»
Хазіретті Ибн Аббас Алла Елшісінің ﷺ былай дегенін жеткізген: «Аллаһтың құзырында ең жек көрілген үш адам: Меккеде (Харамда) «илхад» жасағандар, Исламда надандық (жаһилият) дәуірінің сүннетін (яғни, әдет-ғұрпын) жаңғыртуға тырысқандар және біреуді өлтіру үшін басқа біреудің қанын төгуді талап еткен адам». Хадисті әл-Бухари жеткізген.
Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 142) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:
«(«Аллаһтың құзырында) яғни, олар басқаларға ең сүйікті болса да (ең жек көрілген) бұл сөзбен мойынсұнбаған мұсылмандар айтылып тұр, ал кейбіреулердің бұл үш түрлі адам барлық нәрсенің ішіндегі ең жек көрілген деп айтқандары тым қисынсыз, өйткені (Аллаһтың құзырында) күпірліктен асқан күнә жоқ, егер бұл қорқыту ретінде қабылданбаса (үш адам) яғни, солардың бірі: ( Меккеде (Харамда) «илхад» жасағандар) яғни, кімде-кім ол жерде зұлымдық немесе күнә істесе, онда ол Аллаһу Тағалаға мойынсұнбаған және Харам жерінің қасиеттілігін бұзған болады. «Илхид» дегеніміз – дұрыс жолдан ауытқу. Әл-Абһари былай деді: «Егер сіз: «Харам аймағында кіші күнә істеген адам ақиқаттан ауытқыды, сондықтан ол басқа жерде үлкен күнә істегеннен де жиіркенішті» десеңіз. Мен айтамын: Иә, солай, тіпті адам Харам жерінде күнә істеуге ниет етсе де солай. Аллаһу Тағала былай деді: ﴾Кімде-кім ол арада (Харам жерінде) осылайша зұлымдықпен ақиқаттан және әділдік жолынан таюды қаласа, оған жан төзгізсіз азап тарттырамыз﴿. Ал мұндағы әділетсіздікті кейбір өткен ізгілер (Харам мешітінің) қызметшіге қарғыс айту деп түсіндірді, (Исламда надандық (жаһилият) дәуірінің сүннетін жаңғыртуға тырысқандар): Бұл жерде «сүннет» термині жалпы тілдің асылына негізделіп айтылған (өйткені араб тілінде «сүннет» жалпы жол дегенді білдіреді, ол жол жақсы жол болсын, не адасушылық болсын) немесе мазақ ету ретінде. Жаһилият дәуіріндегі сүннетке (яғни, әдет-ғұрыпына): жоқтау айту, құмар ойнау, Наурыз тойлау, (кедейліктен қорқып) сәбилерді өлтіру, қыз баланың дүниеге келуін жек көру және бір рудан біреу жасаған қылмысы үшін сол рудағы басқа адамды жазалау сияқты нәрселер кіреді (және адамды өлтіру үшін оның қанын төгуді талап еткен адам») кісі өлтіруші Аллаһ жек көретін екі нәрсе жасайды. Бірі – зұлымдық, екіншісі – пендеге зиян келтіруі, Аллаһу Тағала құлына зиян келтіруді жек көреді.
Қорыта, мұсылмандар арасындағы осы үш күнәһарды жек көреді, өйткені олар күнәны оның ұсқынсыздығын арттыратын нәрселермен біріктірді, атап айтқанда ақиқаттан ауытқуды қалау, қасиетті жерде жасау, Исламға бидғат енгізу, жаһилият дәуірінің тірлігі және шариғи себеп үшін емес, керісінше, біздің заманымыздың залымдары сияқты жазықсыз адамдардың қаның төгу. Хадисте бірінші сөйлем мекенге (яғни, Харам аймағы), екіншісі орындаушыға (жаһилет дәуірінің әдет-ғұрпын тірілтуді қалаған адамға), үшіншісі іс-әрекетке (яғни, адам өлтіруге) байланысты. Бұл қорқыту мұны істейді деген ықтимал болған адамға және соған істеуді қалаған адамға қатысты айтылған, ал оны тікелей жасаған адамның жағдайы не болмақ?»