May 8

Әйелдердің қоғамдық моншаға кіру мәселесі

Бізге әл-Қасим ибн Динар әл-Куфий, ол Мусғаб ибн әл-Миқдардан, ол әл-Хасан ибн әс-Салихтен, ол Ләйс ибн Әби Суләймнен, ол Таустен, ол Джәбирден Пайғамбардың ﷺ былай деп айтқанын жеткізеді: «Кімде-кім Аллаһқа және ақырет күніне иман келтірсе, моншаға изарсыз кірмесін, кімде-кім Аллаһқа және ақырет күніне иман келтірсе, әйелін моншаға кіргізбесін, кімде-кім Аллаһқа және ақырет күніне иман келтірсе, шарап берілетін дастарханға отырмасын».

Бізге Махмуд ибн Ғалиан, ол Әбу Дәуіттен, ол Шуғбадан, ол Мансурдың былай деп айтқанын жеткізді: «Сәлим ибн Әби әл-Джәғд Әбу әл-Мәлих әл-Һузәлиден айтып берді: «Химс немесе Шам халқы Айша анамызға кіргенде Айша анамыз: «Сендер әйелдері моншаға кіретін халықсыңдар ма? Аллаһ Елшісінің ﷺ былай деп айтқанын естідім: «Күйеуінің үйінің сыртында киімін шешкен кез-келген әйел Аллаһ пен оның арасындағы пердені шешті!»».

Бізге Мухаммад ибн Башшар, ол Абдур-Рахман ибн Мәһдиден, ол Хаммад ибн Сәләмадан, ол Абдуллаһ ибн Шәддәдтан әл-Әғрадждан, ол Әбу Ғузра, Пайғамбарды ﷺ кезіктірген, ол Айша анамыздан Пайғамбар ﷺ ерлер мен әйелдердің моншаға кіруіне тыйым салды, сосын еркектерге изар киіп кіруге рұқсат еткенін жеткізді.

Муфти Асғар Әли ар-Раббани әл-Ханафи «Джәмиғу әт-Термизи уә әл-мәзһәб әл-Ханафи» (9\134-136) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:

«Бұл туралы тараудың хадисінде Джәбир хадисінде айтылған: «Пайғамбарымыз моншаға кіру туралы: «Кімде-кім Аллаһқа және ақырет күніне иман келтірсе, моншаға изарсыз кірмесін, кімде-кім Аллаһқа және ақырет күніне иман келтірсе, әйелін моншаға кіргізбесін...», - деді. Екінші хадисте Айша анамыздың, оған Аллаһ разы болсын, хадисінде: «Пайғамбар ерлер мен әйелдерді моншадан тыйған, сосын еркектерге изармен рұқсат еткен». Ал үшінші Айша аманыздың, оған Аллаһ разы болсын, хадисінде: «Күйеуінің үйінің сыртында киімін шешкен кез-келген әйел Аллаһ пен оның арасындағы пердені шешті!». Монша – ыстық сумен шомылатын жер.

Ханафилер, мәзһабтағы дұрыс көзқарасы бойынша, және маликилер мен шафиғилер әурет жерлерін ашпаса, ерлер мен әйелдерге жуынатын монша салуға болады, егер ол жерде әурет ашылмаса, ал егер әурет ашық болса мәкруһ деді және ерлер мен әйелдерге монша салуда қандайда бір айырмашылығы жоқ (яғни, ерлер былай салу керек, ал әйелдерге басқаша салу керек деген айырмашылық жоқ), өйткені оның қажеттілігі әйелдер үшін айқынырақ: Жүніптіктен, етеккірден және нифастан кейін жуыну керек болғандықтан. Бұл мәселе, яғни әйелдер мен еркектердің моншаға кіруінің рұқсат етілгендігі және әйелдердің әурет жерлерін ашуға және оны ашпауға қатысты мәселе болып табылады (яғни, егер әурет ашық болса, онда ерге де, әйелге де қоғамдық моншаға кіруге болмайды) және «Шарх муснад Әбу Ханифа» (1/171) кітабында айтылғандай, Ханафилер былай дейді: «Моншаға изармен кіру: (Әбу әз-Зубәйр, ол Джәбирден риуаят еткен хадисте: «Аллаһқа және ақырет күніне иман келтірген адам үшін моншаға изарсыз кіруі рұқсат емес!): «Изар» әуретті (белден төмен) жабатын белдік болып табылады және ол жерде бейтаныс адам бар ма, жоқ па ол жалпы болып көрінеді, өйткені Аллаһу Тағала ұялуға көбірек лайық. Өйткені жуынатын бөлме шайтандардың жиналатын жері және олардың алдында әуретті ашуға болмайды. Сондай-ақ ол егер әуретін ашуға мәжбүр болса, «бисмилләһ» деп айтатындығы айтылған, өйткені бұл жындардың көздерінен әуретін жабу; (Ал кімде-кім әуретін): еркек үшін кіндік пен тізе арасы (тізеде әуретке кіреді); (адамдардың назарынан жаппаса,) яғни, әйелі мен күңінен басқа адамдардан; (ол Аллаһтың, періштелердің және бүкіл жаратылыстың лағынетінде болады), өйткені олардың барлығы дін мәселесінде күнәһарға лағынет айтады. Әт-Тирмизи мен әл-Хаким Джәбирдің Пайғамбардан ﷺ жеткен риуаятта: «Кімде-кім Аллаһқа және ақырет күніне иман келтірсе, моншаға изарсыз кірмесін, кімде-кім Аллаһқа және ақырет күніне иман келтірсе, әйелін моншаға кіргізбесін...».

«Әл-Фәтәуә әл-Һиндия» (5/363) кітабында:

«Жиырма төртінші тарау: Моншаға кіру туралы. Әйелдердің моншаға кіруінің еш айыбы жоқ, егер моншада тек әйелдер ғана болса. Олар изармен кіруі керек. Солай «Хазаин әл-Муфтийн» кітабында келген.

Ал изарсыз кірулері харам және солай «әс-Сиражия» кітабында келген. Жуынатын бөлмеге изарсыз кіруге тыйым салынады. Ал егер моншаға изарсыз кіруге әдететтенген болса, оның (дін мен дүние мәселесінде) куәлігі қабылданбайды. Мұның нені меңзеп тұрғаны – оның бұл әрекетінен қайтқаны белгісіз. Әйтпесе, бір рет изарсыз кіру ол адамның сенімді адамдардан қатарынан түсіру үшін жеткілікті. Осылайша «әл-Ғараиб» кітабында келген. Шомылғысы келсе, жалғыз болса да изарын шешпеуі керек. Ал егер мұны істеген болса, мәкруһ (тәнзиһ) болады. Осылай «әл-Қуня» кітабында келген».

«Мирқат әл-Мәфәтих» (7/2741) кітабында:

(«Айша анамыздан, оған Аллаһ разы болсын: «Пайғамбар ﷺ ерлер мен әйелдердің моншаға кіруіне тыйым салды, сосын еркектерге изар киіп кіруге рұқсат етті»). Әл-Хаким Джабирден риуаят еткен хадисте: «Изарсыз суға түсуге тыйым салды». Әл-Мазһар: «Әйелдердің моншаға кіруіне/түсуіне рұқсат бермеді. Өйткені олардың барлық дене мүшелері әурет болып табылады және әуеретті ашу тек аса қажет (дарура) жағдайдан басқа жағдайларда рұқсат етілмейді, мысалы, егер әйел ауырып, моншаға ем ретінде кірсе, немесе босанғаннан кейін тазалану үшін барса немесе жүніп болған жағдайда өте суық болып және суды жылыта алмаса және суық суды пайдаланудан қорқса моншаға кірсе рұқсат. Ал кіндік пен тізе арасын жауып тұратын изарсыз еркектерге де моншаға кіруге болмайды.

Оның сөздерінен тыйымдағы еркек пен әйелдің арасындағы айырмашылықтың даналығы көрінбейтіні жасырын емес, өйткені әйелдер бір-біріне (әурет мәселесінде) еркекпен еркек сияқты, ешбір айырмашылықсыз. Әйелдердің моншаға кіруіне тосқауыл қоюының себебі әдетте әйелдер бір-бірінен ұялмай, туыстарды былай қойғанда, бөтен адамдармен болса да әуретін ашып, бір-біріне қарайды. Ал қыз анасының немесе күңнің және сол сияқтылардың алдында, әсіресе парсы жерінде әйелдерге арналған көптеген моншаларда көрінетін моншаны былай қойғанда, тіпті үй ішінде де жамылып жүргені екіталай. Сол дәуірде сирек жағдайларда ғана сұлтандар немесе ханзадалардың әйелдері изар киетін, ал егер қол астындағылардың бірі изар кисе, оны моншада ұрып, қуып жіберіп жазалайтын. Ол ﷺ пайғамбарлық нұрымен болашақта болатын азғындықты көргендей, бұл бұзықтықтың есігін жауып кеткендей. Дұрысын бір Аллаһ біледі».