June 22

Ханбалилер уаһабилер туралы

Өз дәуіріндегі ханбалилердің имамы, Ибн Абдул-Уаһабтың замандасы, уаһабилік дағуаттың пайда болуы мен олардың одан әрі дамуының куәгері болған әһлу сунна ғалымы Мухаммад ибн Ахмад әс-Саффарини әл-Ханбали, Аллаһу Тағала оны рақымына алсын, өзінің әйгілі «әл-Әджуибәту ән-Нәдждия ғән әс-Әсиләти ән-Нәдждия» (128-129 бет) кітабында уаһабилердің имамы туралы былай деп жазады:

«Бұл ақымақтың сөздері, өз сектасының мүшелерін алдау мен адастыру, сондай-ақ оның ойдан шығарған сөздері Марокко билеушілеріне қарсы соғыс ашқандардың бірі Мухаммад ибн Абдулла ибн Тумарттың бидғаттары мен жалған сөздеріне ұқсайды. Ол туралы әңгімелер кеңінен таралған және оның ұстанымы тарихшыларға белгілі. Ол «әл-Муршид» (Тура жолды нұсқаушы), шейхул-Ислам Ибн Тәймия, Аллаһу Тағала рухын қасиетті етсін, «әл-Муғуия» (Тура жолдан адастырушы) деп атаған ақида кітабының авторы және сол ақиадны ұстанушы. Ибн Тәймия ол туралы және оның ақидасы туралы ұзаққа созылатын нәрселер айтты, оның бәрін айту уақыт алады. Ибн Тумарт өзінің шәкірттеріне төрт мәзһабтың бірін ұстануға тыйым салып, олардың табысқа жету жолын жауып, өлім мен азғындық есігін ашты. Оларда харижизм мен бидғат пайда болды, бірақ олардың хариджизмі мен бидғаты мына ақымақ – Ибн Абдул-Уаһабтың адамдарды діннен шығару дәрежесіне жетпейді. Ибн Тумарт өзінің адасушылық сенімдеріне негізделіп мұсылмандардың заңды билеушілеріне қарсы қарулы әрекетімен танымал. Алайда оның қарулы шығуы және оның бидғаты осы Ибн Абдул-Уаһабтың бүлігінен кішірек. Оның үстіне бұл ақымақтың өмір жолы, бидғаттары мен хариджиттік қарулы бүлік әрекеті, бидғаты және мұсылмандардың қанын төгу, олардың жанын, мал-мүлкіне, әйелдері мен балаларына қол сұғуға рұқсат беруі жағынан Азрақиттер басшысы Нафия ибн Азрақтың өміріне ұқсас.

Әрбір ақыл-есі дұрыс білім иесі бұл (Ибн Абдул-л-Уаһаб пен оның ізбасарларының әрекеттері) барлық үш діннен де (иудаизм, христиандық, ислам) шыққанына ешқандай күмәндары жоқ. Олардың дінсіздігі, біріктіруші факторлары және олардың бөлінуінің негізі – екіжүзділіктің (зындықтың) ең үлкен түрлерінің бірі. Оның – Ибн Абдул-Уаһабтың – бұрынғы, кейінгі ғалымдар бірауыздан келіскен дін имамдарының біріне еруге (мәзһаб ұстануға) қалай тыйым салғанын және сонымен қатар оның діннен шыққан, тура жолдан тайған шайтан ізбасарларына өзіне тақлид жасауға рұқсат бергенін білсем ғой! Олардың (уаһабилердің) барлығы, ерлері де, қатындары де: «Шейх бізге бұны бұйырды, бұлай істеуге тыйым салды, бұған рұқсат етті және оның тезистерімен келіспейтін адамды күпірлікпен айыптады», - дейді».

Ол – Ибн Абдул-Уаһаб – өзіне ермегеннің қанын рұқсат етті. Және мұнымен қатар олардың барлығы немесе басым көпшілігі шариғатты білмейтін, тура жолды түсінбейтін қарапайым адамдар. Керісінше, олар қара халықтың ішінде ең надандары және ең дөрекі және арсыз адамдары. Біз оның ижтиһадқа қабілетсіз екенін біле тұра, оған соқыр ілесу оның және ізбасарларының бастары қалай жетті? Ол бірінші және соңғы (ғұламалар) бірауыздан рұқсат етілген тақлидке тыйым салды. Керісінше, қазіргі таңда жер шарының түкпір-түкпірінде Исламның төрт имамының (мәзһабтың) біріне еру ерекше қажет. (Төрт мазһабтың бірін) ұстануды тыйған адам бидғатшы, зындық. Әрі Ұлы, Құдіретті Аллаһтан басқа ешкімде күш пен күш жоқ».