«Әйел басқа әйелді күйеуі оған қарап тұрғандай сипаттамасын».
Хазіретті Ибн Масудтан, Аллаһ оған разы болсын, риуаят еткен хадисте: «Аллаһ Елшісі ﷺ былай деді: «Әйел басқа әйелді күйеуі оған қарап тұрғандай сипаттамасын». Хадисті Бухари мен Муслим жеткізді.
Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 3099) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:
«(«Аллаһ Елшісі ﷺ былай деді: «Әйел басқа әйелді) яғни, бөтен әйелдің денесінің жұмсақтығын және дене бітімін (күйеуі оған қарап тұрғандай сипаттамасын»). Өйткені (ер адамның) жүрегі оған (сипатталған бөтен әйелге) байланады да, бұл арқылы фитна туындайды.Негізінде, бұл хадисте тыйым салынған іс – дәл осы сипаттап беру.
Бірақ әт-Тыиби, Аллаһ оны рахым етсін: «бұл хадисте көзбен қарау мен денеге тию қатар айтылып тұр. Яғни, ол (әйел) өзге әйелдің жүзі мен алақанына қарап, денесінің ішкі бөліктеріне (мысалы, жұмсақтығы мен семіздігіне) қолмен тигізіп, сол арқылы оның тәнін толық сипаттап беру. Хадистегі тыйым осы екі нәрсе арқылы (яғни, ұстау және қарау арқылы) біліп, соны сипаттауға қатысты. Сол себепті, егер әйел екінші әйелдің тәнін сипаттап бермесе, онда оған жәй жанасуға, яғни қол тигізуге рұқсат», - деді... (Хадисті Бухари мен Муслим жеткізді) әс-Суюти, Аллаһ оны рахымына алсын, «әл-Джәмиғу әс-Сағир» кітабында айтты: «Хадисті Ахмад, әл-Бухари, Әбу Дәуіт және Әт-Тирмизи жеткізді». Муслим оны мағынасы жағынан сәйкес келетін басқа сөзбен жеткізген болу мүмкін. Аллаһ жақсырақ білуші».