December 10

Ер адам сақалын, әйел адам шашын қырып алу мәселесі

Шейхул-Ислам Имам әл-Марғинани өзінің әйгілі «әл-Һидая» кітабында (қажылық бабында) айтты:

«Пайғамбар ﷺ (ихрамнан шыққан) әйелдерге шаштарын қырып алудан тыйып, қысқартуға бұйырды деген риуаятқа сай, (ихрамнан шығатын) әйел ихрамнан шыққанда шашын қырып алмайды, тек қысқартады. Өйткені әйел адам шашын тақыр қылып алуы, ер адам сақалын қырып алғаны секілді «муслә»».

Имам Бадруд-Дин әл-Ғаини әл-Ханафи «әл-Биная шарх әл-Һидая» кітабында жоғарыдағы мәтінді түсіндіріп айтты:

««Муслә» харам және сүннет үшін күнәға бару рұқсат емес (яғни, әйел адам ихрамнан шыққанда Пайғамбардың ﷺ сүннетін орындаймын деп шашын тақыр қылып алуына болмайды), өйткені әйелге қатысты сүннет - шашты қысқарту. Әл-Мутарризи - Аллаһу Тағала оны рақымына алсын - айтты: ««Муслә» деген - адамның кейбір ағзасын кесу, жүзін кейіпсіз (яғни, урод) қылу, табиғи кейіпін өзгерту»».