June 23

﴾Һәм орамалдарын омырауларына дейін түсіріп тартсын﴿.

Ахмад ибн Шәбиб айтты: Бізге әкем, ол Юнустен, ол Шиһәбтан, ол Ғуруадан, ол Айша анамыздың, оған Аллаһ разы болсын, былай деп айтқаның жеткізді: «Муһажирлердің алғашқы әйелдерін Аллаһ рақымына бөлесін! Аллаһу Тағаланың: ﴾Һәм орамалдарын омырауларына дейін түсіріп тартсын﴿ [24:31] деген аяты түскен кезде олар киімдерін жыртып, жабынды». Хадисті әл-Бухари өзінің «Сахих» жинағында жеткізді.

Имам Бадруд-Дин әл-Ғайни әл-Ханафи өзінің әйгілі «Умдату әл-Қари шарх Сахих әл-Бухари» (19/92) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:

«(...¹ олар киімдерін жыртып, жабынды) яғни, жыртып алған матамен жүздерін жапты».

¹Бұл жерде автор риуаятшылардың есімдеріне қатысты араб тілі және басқа риуат тізбектерін қозғайды, сондықтан бұларды аударуды жөн көрмедім.