October 16

«Егер құлдың мал-мүлкіне береке болмаса, ол (дүниесін) су мен лайға жұмсайды».

Хазіретті Әли (Аллаһ одан разы болсын) жеткізген хадисте Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Егер құлдың мал-мүлкіне береке болмаса, ол (дүниесін) су мен лайға жұмсайды». Әл-Байһақи өзінің «Шуғабу әл-Иман» кітабында риуаят етті.

Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 5209) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:

«(Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Егер құлдың мал-мүлкіне береке болмаса) яғни, ол малын Жаратушысының разылығы жолына, ақыретін көркейтуге, жақсы мәреге қол жеткізуге жұмсамай, (ол (мал-мүлкін) су мен лайға жұмсайды») яғни, адам дін игіліктерінен бет бұрып, дүние тіршілігін ғана көздеп, мал-мүлкін соған жұмсайды».