June 30

«Өсімқорлық көп болса да, оның салдары кедейлікке әкеп соғады».

Хазіретті Ибн Масғудтан, оған Аллаһ разы болсын, риуаят еткен хадисте: «Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Өсімқорлық көп болса да, оның салдары кедейлікке әкеп соғады». Хадисті Ибн Маджа және әл-Бәйһақи «Шуағб әл-Иман» жинағында риуаят еткен. Соңғысын Ахмад риуаят етті.

Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 2827) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:

«(«Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Өсімқорлық) яғни, өсімқорлықпен келген ақша, дүние (көп болса да) яғни, өткенше бұл дүниеде көп болып көрінгенімен (оның салдары) яғни, болашақтағы ақиқаты, (кедейлікке әкеп соғады») яғни, жоқшылық пен қорлыққа әкеп соғады. Ат-Тыйби, Аллаһ оны рақымына алсын айтты: «Өсімқорлықтың ақыры кедейлік пен таршылыққа және қорлық пен масқаралыққа әкеп соғады», яғни береке кетеді. (Хадисті Ибн Маджа) өзінің «әс-Сунан» жианағында (әл-Бәйһақи «Шуағб әл-Иман» жинағында риуаят еткен. Соңғысын Ахмад) және әл-Хаким (риуаят етті).