Yesterday

﴾Олар әсте жалған куәлікке һәм өтірік пен жалған жайлаған жерлерде жүрмейді. Бос әрі түкке тұрғысыз сөзге немесе әрекеттерге кезіккенде, байсалды қалпынан айнымай өтіп кете барады﴿.

Олар әсте жалған куәлікке һәм өтірік пен жалған жайлаған жерлерде жүрмейді. Бос әрі түкке тұрғысыз сөзге немесе әрекеттерге кезіккенде, байсалды қалпынан айнымай өтіп кете барады﴿ «әл-Фурқан» сүресі, 72-аят.

Имам Кәмәл ибн Баша әл-Ханафи әл-Матуриди аяттың түсіндірмесінде айтты:

«﴾Олар әсте жалған куәлікке һәм өтірік пен жалған жайлаған жерлерде жүрмейді﴿: яғни, жалған сөзге, өтірікке куә болмайды. Немесе: Олар бос, негізсіз жиындарға қатыспайды. Себебі жалған мен бос нәрсеге куә болу — оған ризашылық білдірудің белгісі. Ал қатысу мен қарау — көбінесе разылықтың нышаны болады. ﴾Бос әрі түкке тұрғысыз сөзге немесе әрекеттерге кезіккенде﴿: яғни, олар бос сөзбен айналысатын адамдарға тап болғанда. Бұл — адам аулақ болуы тиіс, тасталуға және еленбеуге лайық нәрсенің бәрі, ﴾байсалды қалпынан айнымай өтіп кете барады﴿: олар одан алшақтайды, өзін ол жерден таза ұстауға тырысады, және ішкі жиіркенішпен, жек көріп өтіп кетеді».