Ниетті тілмен айту мәселесі
«Хафиз ибн Қаийм әл-Джәузи, Аллаһу Тағала оны рақымына алсын, айтты: «Сахих болсын, әлсіз болсын Пайғамбардан ﷺ және сахабалар мен табиғиндерден намаз алдын «Пәленше намаз оқимын» деп ниетті тілмен айтқандығы туралы бірде-бір хабар жоқ. Бәлки Пайғамбар ﷺ намаз бастағанда (ифтитах) тәкбір алып намазға кіретіндігі туралы хабарлар келген, ал (тілмен ниет ету) болса - бидғат». Кейбір ғалымдар тілмен ниет етуге рұқсат берген, өйткені бұл күмәнді тыю (яғни, жүректегі ниетті тілмен айту арқылы ниетті қуаттау)... Шейхтарымыздың ішінде ниетті тілмен айту сүннет дегенде, олар бұл сөздерімен тілмен ниет ету Пайғамбардың ﷺ сүннеті дегенді меңземейді, бәлки уақыттың өзгеруіне байланысты адамдардың жүректеріне көптеген дүниелік істер кіргендіктен, ниетті тілмен айту өздерінің шейхтарының сүннеті (яғни, асыл жолы) дегенді меңзейді. Солай «Мәрақи әл-Фәләх» кітабында әш-Шурунбуләли айтты. Ат-Тахтауи өзінің хашиясында (1\128): «(Ниетті) жинау мақсатында (тілмен айту) жақсы нәрсе», - деді. Бұл нәрседен түсінілетіні, (тілмен ниет ету) тек осы мақсатта (яғни, жүректегі шашылған ниетті жинау мақсатында) ғана жақсы».
Шейх Ахмад Зафар әл-Усмани әл-Ханафи әл-Матуриди, «Иғлә әс-Сунан» (2\174).