Аллаһу Тағаланың «кәләм» сипаты.
Үмметтің данасы Ашраф Әли әт-Тәһәнәуй әл-Ханафи әл-Матуриди «Тәкмилату әхкаму әл-Қуран әлә дау мә ифада» (3/421) кітабында айтты:
«Әл-Хазин айтты: «Адамдар Аллаһу Тағаланың сөзі туралы әртүрлі хиләфқа түсті. Әз-Зәмәхшари айтты: «Бұл – Аллаһу Тағаланың періштемен сөйлесуі сияқты, делдалсыз сөйлеуі. Оның Мусамен сөйлесуінің мағынасы – Аллаһ Өз сөздерін денелерде, тақтайшаларға жазылғандай, кейбір денелерде жаратады».
Бұл – муғтазила мәзһабы, және оның жарамсыздығы мен жалған екеніне еш күмән жоқ. Өйткені ағаш немесе дене: ﴾Мен Аллаһпын, Менен басқа тәңір жоқ, Маған құлшылық етіңдер және Мені еске алу үшін намазды толық орындаңдар﴿, – деп айтпайды. Осылайша олардың айтқандарының дұрыс еместігі дәлелденді.
Ханбалилер мен олармен келіскендер Аллаһу Тағаланың сөзі әріптер мен дыбыстан тұратынына және мәңгі екендігіне барды. Ал ғалымдардың басым бөлігі Аллаһу Тағаланың «кәләм» сипаты басқаларына ұқсамайды деген ұстанымда.
Сол себепті, ханбалилер мен олармен келіскендердің құзырында әріптер, дыбыстар және бұл сипат бастауы жоқ мәңгі. Бұл сөзді айтатындар: «Муса пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі болсын) бұл ақиқи, бастауы жоқ мәңгі болған сипат естірілді», – дейді. Олар тағы: «Аллаһ дене де, акциденция да болмаса да, Оны көру мүмкін болғаны секілді, Оның «кәләмін» де (жаратылған дыбыс немесе әріп болмаса да) есту мүмкін», – деп түсіндіреді.
Сүннет жамағатының, сондай-ақ өткен және қазіргі ғалымдардың көпшілігінің мәзһабы: Аллаһу Тағала әуелден бар (мәңгі) «кәләмімен» сөйлеуші. Оның түсіндірмесі мен ақиқатына терең бойлаудан аулақ болу керек».
¹Уаһабилер мен ханбалилер айырмашылығы: уаһабилер Аллаһу Тағаланың «кәләм» сипаты жаңадан пайда болған дейді.